Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Табиғат-ару

Табиғат-ару

. Табиғат-ару



Ұнағаны бау болып жайқалғаның,
Жапырағы жанымның сыбдыр қақты.
Көгеріп көктемменен байқалғаның,
Бұлт келіп, сырлы сезім тұнжырапты.

Шықты да күн көңілім жарық шашқан,
Ағаштай сағыныш бүр тағыныппын.
Жетіппін көктеміме арымастан,
Жылылық жанға толып, сағыныппын.

Сұлусың, табиғаттай тартымдысың,
Елітер тұнық көлдей жанарың да.
Тылсымнан құйылғансың алтын мүсін,
Бұлақтай мөлдір, таза, ақ арың да.

Ақ қайың ару болып көрінесің,
Аңсаудың жүзіп келем айдынында.
Елжірей табиғатқа берілесің,
Ұмытылып барлық уайым, қайғы , мұң да.

Табиғат-ару мені шақырғаны,
Бар қуаныш бағымды ашып көктем.
Табиғат жасап шығар нар тұлғаны,
Өмірге құштар етіп, ғашық еткен.
05.04.2012жыл.
Просмотров: 1600
.