Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Табиғат тарту

Табиғат тарту

. Табиғат тарту
Саялы баққа жаным да менің тартылды,
Кеудені керер ауасы қандай тартымды.
Сағынышпенен жүрегін жайып жетті ме?
Аңсары ауған байқадым қыран-қартымды.

Түп-түзу ұстап мұнтаздай таза өн бойын,
Тоқсанда тойлап шөбере тойын, өз тойын.
Есіне түскен жаңбыр да жауған сол бір күн,
Қайталанбайтын соңғы ойын.

Сағыныш екен кеудесін кернеп маздатқан,
Жастықпен әуен самалмен жетті саз бақтан.
Тал құрақ жайнап, бұлбұлы сайрап табиғат,
Мөлдіреп атқан жазда ақ таң...

Қария тұрды, кімдерді күтті?, білмедім,
Жанары жұмбақ, ашылмас сырда түрде мың.
Құпия толы әлемге қайран боласың,
Тылсымда өмір сүрмегің...

Табиғат ғана жасара берер жаңа арын,
Жалынды жаспен күн-түні бауда толар үн.
Білмеді бірақ бүгінгі ессіз еркелер,
Қария ертең боларын...
27.03.2012жыл.
Просмотров: 1561
.