Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Өзіңмен өзің қалғанда

Өзіңмен өзің қалғанда

. Өзіңмен өзің қалғанда
Анадай бар ма бақытты?
Перзенттей бар ма жаһұтты.
Беймаза бей-жай күй кештім,
Өткізіп алтын уақытты...

Аңсадым ата-анамды,
Сағыныш орап санамды.
Өткенге өрнек өрілді,
Жаза алмай жанда жарамды.

Өзіммен өзім тілдестім,
Сақталған жаным гүл кескін.
Сезілер сырттан кемшілік,
Бойымда болса білмеспін.

Сырымды ұққан ойым бар,
Қанағат келсе тойым бар.
Әрбір жан ары алдында,
Кемшілігін жеке мойындар.

Сағым боп жастық күш ағын,
Сағынышыммен құшамын.
Қиялым қанат бітірді,
Беймәлім жаққа ұшамын.

Пенденің бітпес арманы,
Көңілдей мініп жорғаны.
Адамдық атты қалауың,
Танып білуден Алланы!!!
16.04-22.04.2012жыл.
Просмотров: 1434
.