Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ақпараттық  –  коммуникативтік  технологиялар –  білім  кеңістігінде

Ақпараттық – коммуникативтік технологиялар – білім кеңістігінде

. Ақпараттық – коммуникативтік технологиялар – білім кеңістігінде

Бүгінгі таңда оқу орындарының өзекті мәселелерінің бірі – өмірден өз орынын таңдай алатын, өзара қарым –қатынаста өзін еркін ұстап, кез –келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, тәрбиелеу.Бізідің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңі – ақпараттық кезеңге толықтай көшіп келеді,бұл кезең,компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар мұғалім қызыметінің барлық саласына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр.Қазіргі кезде білім кеңістігін заманға сай ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес.
Білімді ақпараттандыру күрделі де көп қырлы үдеріс болып табылады, оның сәтті жүзеге асуы білім мекемелерін компьютерлендіруге ғана емес, педагогтардың, психологтар мен әдіскерлердің,- коммуникативтік технологиялар саласы мамандарының күш – жігерін жан – жақты жұмылдыру уақыттың келгенін көрсетеді.
Олай болса:
1.Ақпараттық – коммуникативтік технолнгиялар дегеніміз не? 2.АКТ –ның мүмкіндіктері қандай? 3.Білім беруді ақпараттандыру үрдісі қалай жүзеге асуда? –деген сауалдар әрқайсымызды, ұстаздар қауымын толғандырмай қоймайды. Ендеше бірінші сауалға: ақпараттық - ақпарат, жаңалық, коммуникативтік – байланыс, қатынас деген ұғымды білдірсе, технология – іскерлік, шеберлік ұғымдарын береді.
Бір сөзбен «Ақпараттық – коммуникативтік технологиялар (АКТ)– жеке тұлғаға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беретін маңызды жүйе» деп айтуға болады. Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, ерік - жігерлерін, яғни өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері тұр. Оқушылардың жеке және топтық жұмыстануымен бірге, сонымен қатар экранға немесе интерактивті тақтаға мультимедиалық проектор көмегімен проекцияланатын көрнекі - демонстрациялық қосымшаларды пайдаланып өткізілетін сабақ формалары қолданылады. Сынып ішіндегі жергілікті желіні пайдалану арқылы, оқушылар бір - бірінің жұмыстарын сараптап, тапсырманы орындап болған оқушының дайын қорытынды жұмысын тақта арқылы көрсетуге болады. Сонымен бірге топтық және жеке жұмыс үлгілерін сәйкестендіріп, алдын - ала дайындап қоюға да болады. «Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек» деп Ж. Аймауытов айтқандай әр сабақты жаңаша түрде өтуге ұмтылу қажеттігі туындайды. АКТ - ны әр мұғалім өз сабақтарына пайдалана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығын арттырып, логикалық ойлау қабілетін дамытуға болады.Оқушылардың шығармашылық ізденісіне мол мүмкіндік ашып, алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу біздің басты міндетіміз.
Просмотров: 3385
.