Меню
Назад » »

Берекелі алтын күз (күзге арналған сценарий)

загрузка...

Берекелі алтын күз.

Авторы   Бертай Төкеев

Қатысушылар:

1.Қарт шежіре.

2. Диханшы

 3.Жалқау бала

4.Ұғымтал бала

Баяндаушы:   

    Міне  берекесімен, мерекесімен  алтын күз де келіп  жетті.  Барлық  ағаштардың жапырағы  сары ала түске боялып,  көңілге түрлі ой салып, сағынышқа бөлегендей.  Туған жерімен қимай-қимай қоштасқан  құстар да жылы жаққа  бет алды. Осы күзден біз  не күтеміз? Қандай жетістіктерге жеттік? Алтын күзден біз не ой түйеміз?

 

Қарт шежіре:  

      Ия, ұрпақтарым!  Өмірімнің алтын күзі жетіпті. Еткен еңбегімнің, көрген бейнетімнің жемісін  немерелерімнен көріп отырмын. Бұған да тәубе!    «Қартаю айып емес, қария бола білмеу айып» деген халық даналығында. Адамдық атқа кір келтірмей, абыроймен өмір сүрейік! Өсіп өнген  ұрпақтарымыздың баянды бақытын, бау бақшадай жайқалған  жемістерін көруге жазсын!

 

Диханшы:

      Қабырғам қайысып, белім майысып  күн-түні еңбек етіп еңбегімнің арқасында  молшылық пен толағай табысқа кенелдім. Еңбекқорлық бізді  жалқаулықтан, жоқшылықтан құтқарады. «Еңбек түбі-зейнет», « Бірлік бар жерде тірлік бар»  дейді дана халқымыз!  Адам тек еңбектену арқылы  мақсат мұратына жете алады. Мынау гүлденген бау бақша да,  бал татыған жеміс жидектер де  бәрі-бәрі таза адал  еңбегімнің арқасы...

 

Жалқау бала:

      Оооой, күні түні ұйықтадым, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүрдім, жалқау болдым, еріншекпін... Бірақ одан не ұттым? Ішер асқа, киер киімге жарымадым. Ата-анама масыл болып келіппін. Аааай, ұят болыпты, Шынында  ұят  екен ғой. Құрдастарымнан қалып кетіп, енді  ұялып жүрмін. Жалқаулық мені тек ұятқа қалдырды.  Балалар  жалқаулықтан аулақ болып, еңбекқор болайық! Мен енді мүлдем басқа адамға айналып, еңбекқор боламын деп шештім.

 

Ұғымтал бала: 

     Міне достар, еңбек  барлық жақсылықтарға жеткізеді екен. Қарт шежіре  еткен еңбегінің жемісін немере шөберелерінен көруде.  Дихан еңбегінің арқасында  бау бақшадан мол табысқа кенелген. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп  Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай  тек еңбектену бізді алға апарады екен.Ал жалқау ешнәрседен ұтпапты, тек өзінің еріншектігінен ұятқа қалыпты... Сондықтан да  қазір ерінбей оқып, еңбектеніп, білімді, еңбекқор  болуымыз керек! Адал еткен еңбек, түбі бәрін жеңбек!   Солай ма ? 

 

Барлығы:

    Әрине солай...Еңбекқорлық  жасасын!!!

 

( Барлық қатысушы  бір-бірінің қолдарынан ұстап, бірігіп, қолдарын жоғары көтере  ду қол шапалақпен  сахнада шаттанып, қол бұлғап тұрады)

 

 

     Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2020 бағдарламасы аясында  «Даму» қоры арқылы жеңіл несие алынып, халықтың әл ауқатын жақсарту мақсатында әртүрлі үлкен жұмыс орындары ашылды. Бұл қадым қаншама жандарға қуаныш сыйлап,  қаншама отбасының тұрмыс жағдайын  көтеруге септігін тигізуде.

          Өндірісіміздің ерекшелігі - Қазақстанда алғаш рет  коктейлъ өнімдерінің шығарылуы.Өйткені  оның құрамына жеміс жидектер шырыны  мен сүт өнімі қосылады.  «Бірлік бар жерде тірлік бар » дегендей,  керекті  сүт  өнімі  мен жеміс шырындары  Түлкібас  пен Сайрам аудандарынан алынуда. Шығарылған өнімдерді халықымыздың пайдалануына тікелей атсалысушы 30-ға жуық  Қазақстан бойынша тұрақты серіктестіктеріміз іске асырады.

         «Отан отбасыдан бастау алады»  Отбасымда  ардақты әкеміз, аяулы анамыз, жұбайым мен Алланың берген  алты перзентімен тату тәтті  тұрып жатырмыз. «Бақ қайда барасың дегенде, Ынтымаққа барамын» деген халықтың даналық сөзі бар. Осы ұстанымды ұстаған біздер тек жақсылыққа кенелудеміз.

         Жұмысымыздың ілгері басуына, абыройымыздың асқақ болып, мәртебеміздің биіктеуіне ағайын мен туыстың татулығы, мейірімділік пен  бауырмашылдықтың  мызғымас мықты болуы   тікелей  себепкер.  

«Ағасы жақсы қандай-ды,

Алдыңда асқар таудай-ды.

Сүрінгенде сүйеніш,

Құлағанда қолдайды»- деп Майлықожа ақын  айтқандай  туған бауырым, алдымдағы  асқар тау ағам Нұрлан Омаров екенін, осынау орасан істің ұйымдастырушысы мен ақылшысы болып отырғанын арнайы айтқым келеді.

       «Спорт – денсаулық кепілі» дегендей  қазіргі таңда салауатты өмірді насихаттау  Елбасымыздың  жолдауындағы үлкен мәселе. Осы жолдауды қолдау мақсатында, өндірістегі қызметкерлерге, отбасымдағы перзенттеріме үлгі болу үшін, денсаулығымды нығайту үшін    спорттың волейбол  түрімен арнайы кешенде командалық топта күнделікті үзбей шұғылданамын. Ол ай сайын облыс көлеміндегі  үлкен  жарысқа ұласады.

Құрметті спорт сүйер қауым!!!

     Бүгінгі ұйымдастырылып отырылған жарыстың мағынасы мен мәні, тәрбиесі мен тағылымы орасан зор деп білемін.

       Спорт-шынайы шындық! Спорт- денсаулық кепілі!

     Қазіргі таңда салауатты өмірді насихаттау  Елбасымыздың  жолдауындағы үлкен мәселе. Осы жолдауды іске асыру  мақсатында өткізіліп жатқан бұл жарыс соған үлкен қолдау!

              Үлкен сын алдында намыс пен жігерді ту еткен бұл жарыста мәртебелеріңіз биік, абыройларыңыз асқақтай берсін! Жарыс өте әділ өтсін!!!Кім мықты , сол жеңсін!!!

загрузка...
Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.
avatar