Меню
Назад » »

Функциональная грамотность учителей физкультуры

загрузка...
Дене шынықтыру мамандарының кәсіби құзыреттілігін дамыту

Кіріспе

Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның жедел өзгермелі әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім мен тәрбие алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
«Функционалдық сауаттылық» деген түсінік алғаш рет құжаттарында өткен ғасырдың 60-шы жылдарында пайда болған болатын және кейінірек зерттеушілер оны өз еңбектерінде қолдана бастады. Функционалдық сауаттылықтың ең кең анықтамасы бойынша оны тұлғаның әлеуметтік бейімділігінің, адамзаттың әр салалы қызметі мен білімі арасындағы интеграциялық байланыс деңгейін анықтайтын шама ретінде қарастыруға болады. Қазіргі жылдам өзгеріс жағдайындағы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге қарқынды араласуын, адамдардың өмір бойы оқуын қамтамасыз ететін негізгі базалық факторлардың бірі болып саналады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі:Қазіргі білім беру жүйесіне қойылып отырған басты талап пен маңызды міндет – педагог мамандардың кәсіби құзырлығын қалыптастыру мен біліктілігін үздіксіз арттыруды, ғылыми-әдістемелік қызметтің жаңашылдығын, түрлері мен әдістерін іздестіруді қамтамасыз ету, оны үйлестіре білу болып отыр.
Мақсаты: оқушының жеке тұлғалық қалыптасуы, тәрбие деңгейі, жеке қасиеттерінің мотивациясын оқу, жазу, есептеу, тілдік шығармашылық, функционалдық сауаттылығының қалыптасуы.
Міндеті: жүйелілік әрекеттестігі – тұлғаның инновациялық дамуы, пәндік нәтижелер – оқушының оқыған пәнінен алған білім көрсеткіші сараланады. Күнделікті сабақ нәтижелі ұйымдастырылады.

Дене шынықтыру мамандарының кәсіби құзыреттілігін дамыту
Қазіргі білім беру жүйесінің жаңа деңгейге көтерілуі, қоғамның ақпараттану саясатына байланысты. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияны пайдалану оқу үрдісінде сабақты тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді, бұл оқыту процесін толығымен өзгертуді қажет етеді.
Білім жүйесіндегі педагогикалық технология ғана емес, практикаға да өзгерістер енгізеді. Теория практикасыз еш нәрсені өзгерте алмайды. Теорияның практикалық күші мен энергиясы бар, бірақ оны нақты практикада пайдалана алатын адамдар санасымен қабылдануы ғана материалдық күшке ие бола алады. Сонда ғана теория адамдар қажетін қанағаттандыратын, практиканың бағыттаушы, реттеушісі бола алады. Ал теория практикаға технологиялық процестер аркылы ғана ене алады. Технологиялық процестер нәтижесінде ғылыми теория мақсатты практикалық жүйеге енгізе алады. Міне, дәстүрлі жүйенің практика мен теорияның алшақтығы, қолданбалы-нақты теория мен технологияның азырақ пайдаланылуы, теория мен практиканың алшақтануына алып келді. Осы алшақтықты жою мақсатында қазіргі кезде педагогикада технологияландыру процесіне қызығушылық туыңдап отыр. Жаңа мазмұн, жаңа әдіс, жаңа қарым-қатынас негізінде білім беру ісі жаңа мәнге ие болады. Осылайша, өмірге білім берудің жаңа парадигмасы енді.
Педагогика ғылымының практикасы мен теориясында оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі толық біркелкілік біртіндеп өзгеріп, әр түрлі формадағы мектептер мен авторлық жобалар пайда бола бастады, соның ішінде жаңа педагогикалық технологиялардың, қазіргі заманғы талабын қанағаттандыратын бағытқа қарай өзгеруде.
Оқыту мазмүнының, әдістерінің және тәсілдерінің білімге деген қатынасының өзгеруіне алып келіп отыр. Білім берудегі жаңа білім беру парадигмасына байланысты педагогика ғылымы мен мектеп практикасында негізгі орынды жеке тұлғаға бағытталған бағыт, маңызға ие болуда, оның негізгі идеясы оқушының өзін-өзі дамытуға, жеке тұлға болып қалыптасуына бағытталады.
Қазіргі кездегі жаңа педагогикалық технологияны пайдалануды көптеген педагогтер мен психологгер оқу процесінде баланың өз бетінше ақыл-ойының дамытуьі деп қарастырады. Баланың білімді саналы түрде қабылдауына мүмкіндік беретін жол деп қарастырады. Міне, мұндай жағдайда оқушы алға қойған жалпы мақсатқа белсенді араласу, топ пен ынтымақтастықта қызмет ету арқылы белсенді түрде оқу процесіне араласады, онда бірін-бірі тексеру, талдау арқылы білім алуға деген ішкі қажеттілік сезім пайда болады.
Оқыту технологиялардың пайда болуының себебі де, оның артықшылығы да бұрынғы өзінің белсенді араласуынсыз дәстүрлі оқыту әдісінен де айырмашылығы осында. Дәстүрлі оқыту кезінде өз бетінше шешім де қабылдамайды, проблеманың шешу жолдары да іздестірілмейді. Онда білім дайын түрде беріледі. Бұл қазіргі кездегі нарықтық жағдайдағы қажеттілікті қанағаттандырмайды. Сондықтан да педагогикалық оқыту технологияның түрінің көп болуы, оған койылатын талаптардың да әр түрлі болуы осы өмір сұранысынан туындауы заңды.
Қазіргі заманғы педагогикалық оқыту технологияларын жүйелі пайдаланудың өзі оқыту мен тәрбиелеу процесін тиімді және жемісті ұйымдастыруға тырысудан туындайды.
Педагогикалық оқыту технологияларын, оның түрлерін, тиімділігін дұрыс түсіну үшін бұл ұғымның теориялық аспектілерін толық түсінуді қажет етеді.
"Технология" деген ұғым тек өндірісте ғана емес, қазіргі кезде педагогикалық теория мен практикаға толығымен енді. Технология грек сөзінен аударғанда ("techne" — өнер, шеберлілік, "Logos" — оқыту деген мағынаны білдіреді). Педагогикалық энциклопедияда педагогикалық оқыту технологияларына оқыту мен тәрбиелеу процесінің алдына койған білім беру мақсатына жету үшін пайдаланатын әдістер мен тәсілдердің жиынтығы деген анықтама береді.
Оқыту технологияларының өндіріс технологияларынан ерекшелігі, оның өзгермей ұзақ уақыт қалмауында, оның үнемі жетілдіріліп отырылуында.
Өткен ғасырдың 50-жылдарында оқыту процесіндегі пайда болған "білім берудегі технология" кейінгі жылдары өзгеріп "педагогикалық оқыту технологиялары" деген ұғымға айналды. Алғашқы кезде бұл ұғым ұзақ уақыт талқыланды, ол екі бағытта берілетін болды. Бірінші бағыт оқыту процесінде техникалық құралдарды пайдалану, ал екінші бағыт оқыту технологиясы. Біртіндеп ғылыми технология процесінің дамуына байланысты 70—80 жылдары "оқыту технологиясы" деген ұғым енгізілді. Бұл оқу-тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға пайдаланылатын әдістер мен құралдар жүйесі түрівде қарастырылды.
Оқыту технологиялардың дамуы жолында педагогикалық ғылымда оқыту технологияларының айналасында үлкен әңгіме тартыс болып келе жатыр. Көптеген зерттеушілер оқыту
технологиясында да басқа өндірістегі сияқты құрал жасауға болады ма деген ой толғандырды. Бірақ әр кезеңде әр түрлі ғалымдар бұл сұраққа әр түрлі жауап берді. Я.А. Коменский кезінің өзінде-ақ осы проблеманы көтерген болатын. Бөл проблеманы зерттей келе мектепті ол "тірі баспаханамен" салыстырып қарастырды да, мұғалімнің еңбегі педагогикалық құралды игергенде ғана тиімді болады деген қорытындыға келді. Көптеген педагогикалық әдебиеттерге сараптама жасай отырып, қазіргі кезде оқытуды технологияландырудың қажеттілігі талас туғызбайтындығы, мұны оқыту процесінде пайдалану арқылы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға бағытталған білім бере алуға болатындығы анықталды.
"Оқыту технологиялары" өткен ғасырдың 60-жылдарында пайда болды. 60-жылдарда окыту процесін технологияландыру бағыты қалыптасты. Оның кальштасуы бағдарламалы оқытумен байланысты болды. Бұл бағыттың негізін салушы американ психологы Б.Скиннер болды. Ғалымның ойынша оқу материалын игерудің тиімді жолы, оны біріншіден, жүйелі бағдарламалы түрде беру мен бағалаудың жоспарланылуы деп көрсетті. Бұл жылдардағы бағыт бойынша жұмыста мұғалім жұмысы белгілі бір мақсатқа немесе белгіленген сценарий бойынша жұмыс істеуге ғана бағытталды.
70-жылдары — "оқытудың ақпараттық технологиясы" пайда болды, бұл жылдары білім бір-біріне байланысты ақпараттар компьютер бағдарламасы арқылы беруге негізделінді. Бұдан кейінірек оқыту процесіне қашықтықтан оқыту келіп енді. Бұл күрделі ақпараттық, бағдарламалық және әдістемелік бағдарлама болды.
80-жылдары техниканың дамуына байланысты “педагогикаға оқыту технологиясы” енді. Бұл ұғымның әдістер, тәсілдер және құралдарды оқыту процесін тиімді ұйымдастыру мен басқару үшін пайдаланатын жүйе екендігі анықталды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.
1.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 қаулысымен бекітілген).

2.Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі
2012-2106 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспар

3.«Мұғалімдерге арналған нұсқалық» - «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, Астана, 201

4.Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысы.

5.Н.А. Назарбаев Әлеуметтік экономикалық жаңғырту –Қазақстан дамуының басты бағыты // Ана тілі газеті №5,2-8 ақпан, 2012 ж.
загрузка...
Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.
avatar