Меню
Назад » »

Интерактивті тақтамен жұмыс істеу жолдары

загрузка...
matenovaz@mail.ru
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы
№4 орта мектебінің
Информатика кабинетінің зерткері
Мәтенова Жансұлу Жиенбайқызы

Интерактивті тақтамен жұмыс істеу жолдары
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны яғни компьютерді оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Ақпараттық технологияны оқыту үрдісінде екпінді түрде енгізу бағытына қолданылатын жаңа түрдегі құрал — интерактивті тақта болып табылады.
Интерактивті сөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау)ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.
Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.
Мысалы жаңа технологиялардың кейбір элементтерін көрсетіп кеткенді жөн көрдім:
1. Интернет
2. Қызықты, ақпаратты
3. Мәлімет береді, хабар таратады, байланыстырады.
4. Интернет- компьютерден құралған.
5. Ақпараттық өріс.
Ал интерактивті технологияны меңгерудегі мұғалімнің шеберлігі және шығармашылық үлгісі:
1. Интерактивті технологияны оқып үйрену.
2. Интерактивті технологияны меңгеру
3. Интерактивті технологияны тәжірбиеде қолдану.
4. Интерактивті технологияны дамыту және нәтижесін тексеру.
Интерактивті тақтаның оқытушы мен оқушыға тиімділігі.
Мұғалім үшін тиімділігі Білім алушылар үшін артықшылығы

Жаңа материалдарды сыныптың ортасында тұрып түсіндіруге,үлкен аудиториямен жұмыс істеу мүмкіндігі
Сабақты қызықты етеді және мотивацияны дамытады
Кез-келген қосымшаның жоғарғы жағына өз ойын жазуға,сурет салуға мүмкіндік береді және импровизация мен икемділікті мадақтайды Ұжымдық жұмысқа қатысуға көп мүмкіндік береді,жеке және әлеуметтік дағдыны дамытады
Сабақ барысында кез-келген сөзді сақтауға,тақтадан көрсетуге және материалдың меңгеру деңгейін жеңіл тексеру мүмкіндігі
Материалдың анық,тиімді және серпінді берілуі нәтижесінде күрделі сұрақтарды тез қабылдайды және игереді
Оқытушылар дайын материалдарымен алмасуға және оларды қайтадан пайдалану мүмкіндігі
Білім алушылар өз-өздеріне сенімді болады және шығармашылықпен жұмыс істейді
Оқытушыларды оқытудың жаңа жолдарын іздеуге ынталандырады,кәсіби жағынан өсуге ұмтылдырады
Оқушылар жекелеген қажеттілікке сәйкес белгілі бір ресурстарға сүйеніп,оқудың түрлі әдістерін қолданады
Мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады.

Білім берудегі интерактивті тақтаны қолданудың үш кілттік бағытының артықшылығын қарастырайық.
1. Презентациялар, демонстрациялар, модельдеуді сабақтарда қолдану
Интерактивті тақта – визуалды ресурс. Сабаққа қажетті кез келген суреттер, сызбалар, кесте, диаграммаларды қолдануға мүмкіндік береді. Интернет желісіне қосылып ақпарат алуға, оқу материалын қозғалмалы күйге келтіру, абстрактілі ойлау мен түсінуді моделдеуге , обьектілерді ойлау мен түсінуді моделдеуге, обьектілер арсындағы байланыс орнатуға болады.
2. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігінің артуы
Интерактивті тақтамен жаңа сабақ өткізу кезінде тиімді қолдануға болады. Әр пәннің өз ерекшелігімен қатар, өзіндік күрделігі де болады. Сондықтан ұстаздың міндеті осы күрделікті дұрыс құрастырып, сабақтың әр сағатын тиімді өткізу. Жалпы интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімін жетілдіру барысында іскерлігін дамыту, тапсырмаларды орындау барысында теориялық білімдерін тиімді пайдалана білу.белсенділік танытып тапсырмаларды ұқыпты орындаған оқушылардың ой-өрісін жан-жақты жетілдіруіне, шығармашылық қабілетін арттыруына, белсенділігін дамытуына ықпалы зор.
3. .Уақыт ұтымдығы
Егер сізде интерактивті тақта болса, сізге күтуге тура келмеиді. Мысалы, жаңа тақырыпты, үй тапсырмасын жазып уақыт алмаймыз. Алдын ала дайындалған материалдарды қолдау арқылы тіпті қиын тақырыпты оқушыларға меңгеруге оңай болады. Қолданылған материалдарды сақтап қоюға болады. Тіпті шетелдік оқыту әдісінде сабаққа келмей қалған оқушыға дайын материалды беріп жіберіп, меңгеріп алуын қамтамассыз етеді екен.
Интерактивті тақтаны кез келген елде, кез келген білім беру саласында кез келген пәнді оқыту үшін қолдануға болады.
Интерактивті тақтаны қолданудың негізгі әдістері:
- Экранда көрсетілетін сурет туралы ақпаратты жоғары жаққа жазу;
- Интернеттен алынатын ақпаратты тікелей оқушылармен бірге іздеу;
- Топпен тығыз жұмыс жасау;
- Конференциялар өткізу үшін баска мектептермен байланыс орнату;
- Интерактивті тақтаны компютердің көмегінсіз басқару;
- Қолданылған материалды кейін пайдалану үшін файл түрінде сақтап отыру;
- Видеороликтер көрсету , электронды оқулықтар пайдалану;
- Сабақ кезінде сақталған файлды оқушыларға беру.

Осы тақырыпты қорытындылай келе қазір техниканың дамыған заманы, интерактивті тақтаны пайдалану көп мектепте жүзеге асырылған, соның негізінде мұғалімдерге әдістемелік көмек, пән бойынша өтетін білім жетілдіру курстарын қашықтықтан оқыту қолға алынды деуге блады.
Сонымен интерактивті технология бойынша ақпаратты білім алушылар мына жолдармен қабылдайды.

1. Компьютерлік техника арқылы
2. Интерактивті тақта арқылы
3. Дистанциялық оқыту
4. Тесттік бақылау
5. www.мәліметтер базасы
6. спутникті антена
7. электрондық оқулық
8. бейнезал
9. электронды почта
10. бүкіл әлемдік байланыс
11. Интернет

Ақпараттық –интерактивті технологияны оқу тәрбие үрдісіндегі қолдану оқытушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудағы үлесі мол.
загрузка...
Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.
avatar