Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
МЕНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯМ

МЕНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯМ

. Мен бүгінгі таңда білім беру саласында еңбек етіп келемін. Алдымдағы шәкірттерге зер сала қараймын. Қараймын да ойланамын. Алға үмітпен талпынған олардың алдында менің де ұстаз ретінде үлкен жауапкершілігім бар – ау деп пайымдаймын. Сондықтан менің өзіме қояр талабым, алдыма қойған мақсатым жоғары болуы тиіс.



Алдымдағы шәкірттерді тұлға ретінде қасиеттерін зерттей келе, олармен дербес жұмыс жасауға мүмкіндік беретін әдіс деп деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын таңдадым.
Осы технологияны қолданып жұмыс жасаған кезде оның тиімді тұстары мен артықшылығын байқадым. Оқыту әдістері мұғалімнің тұлғалық сапаларымен тығыз байланысты өзара әсерлесіп отырады деп ойлаймын.
Деңгейлеп – саралап оқыту технологиясы бойынша оқушылардың білімді өздігінен сапалы түрде меңгеруіне ерекше мән берілгенін байқадым. Бұл технологияның басты мақсаты әрбір оқушының даму деңгейіне оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ете отырып, саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Технология мұғалімінің педагогикалық жұмысына қойылатын талаптардың ерекшеліктері, айырмашылықтары бар.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім арту, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіруге болады.
Бүгінде білім берудің әдіс – тәсілдерінің 50-ден астам түрлері бар. Сол технологияның барлығы да тиімді қолданылса білім сапасының артуына, оқушының жан-жақты дамуына әсерін тигізетіні сөзсіз.
Бүгінгі дидактикалық «Нені оқытамыз?», «Не үшін оқытамыз?» деген сұрақтермен бірге «Қалай тиімді оқытамыз?» мәселесі ұстаздарды толғандыруда.
Өзім сабақ барысында мұғалім оқушыға проблема тудыратындай сұрақтар қойып, осы проблеманы оқушы өзінше шешіп, содан кейін барып мұғалім қорытындыласа ғана оқушының ойында ұзақ сақталады деп есептеймін.
Қазіргі таңда мектеп табалдырығын аттағын әрі бүлдіршін – ол ертеңгі қоғам мүшесі, болашақ иесі.
Мектептегі жаңа педагогикалық технология элементтерін қолдану жүзеге асуда. Бірінші педтехнология деген не? Оны қалай қолдануға болады. Бірінші педтехнология деген не? Оны қалай қолдануға болады. Деп іздене бастадым. Жаңа тәсілдерді қолданып өткізген ұстаздар сабағына қатысып, тәсілдердің өзімнің сабағыма қолайлысын таңдай бастадым.
Ж.А.Қараевтың «Саралап деңгейлеп оқыту технологиясына» тоқталдым.
М.Жанпейсованың «Модульдеп оқыту технологиясын» 2 – 3 рет қолданып көрдім. Мен үшін Ж.Қараевтың технологиясы ұтымды болды. Көп білу үшін көп оқу – тоқу керек екендігін түсіндім. Ол үшін іздену, шыңдалу тағы қажет екендігін есіме алдым.
«Біз қанша білсек, сонша нәрсе қолымыздан келеді. Сондықтанда білім – күш», - деген ағылшын филисофы Ф.Бэкон. Бос уақытымды оқуға, үйренуге жұмсаймын. Қазақ, орыс тілдеріндегі шығармаларға көп көңіл бөлемін.
ХХІ ғасыр мұғаліміне интернет жүйесін меңгеру қажет. Соған орай комьютерді меңгеруге ұмтылдым....
Просмотров: 5347
.