Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сыни тұрғыдан ойлау модулі

Сыни тұрғыдан ойлау модулі

. Сыни тұрғыдан ойлау модулі
Эссе жазу барысында берілген тақырыптың күрделілігін, оның жан-жақты дәйектерді қамтитынын байқадым. Сыни тұрғыдан ойлау-«ойлау туралы ойлану» деген мағынаны білдіреді. Сонда қалай ойлау туралы ойлаймыз? Осы ретте өзіме бір талдау жасасам деп ұйғардым. Менің ойымша, ортаға тасталған бір ойды немесе ойланатын проблемалық жағдайлардың өзіне тиімді шешу жолдарын қарастыру, соны білу. Оқушының , жалпы адамның ойы сан қырлы, әр түрлі ой-пікірлерді тыңдай кележан-жақты логикалық ойлауға бейімделеді. Ал, бізге қойылатын талап, қазіргі заман талабына сай тұлғаны тәрбиелеу.
Сыни тұрғыдан ойлау- Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын ең басты педагогикалық түсінік деп бағдарлама да айқын айтылған. Осы орайда жоғарғы деңгейдегі мұғалімнің өзі сыни тұрғыдан ойлауға қабілетті болу керек. Әрине бұл пікірмен барлығымыз келісеміз, себебі сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту үшін өзімізде саналы түрде ойлауымыз қажет.
Көптеген мқғалімдер қарапайым түрде сабақ өтеді ал оқушының тек білім мен түсінік қалыптастырғаннан басқасын , мәселен Блум таксономиясы бойынша , талдау, жинақтау, бағалауды пайдаланбайды. Бұл дегеніміз, бала сыни тұрғыдан ойлаудан жұрдай болғаны. Бала қисынсыз сұрақтар қоя отырып, өзі сол сұрақтарға жауап іздейді. Және жан-жақтыны қамтып, өздігінше бір теорияны да ашатын шығар,шағын ғана бұл оның ойлау қабілетінің даму жолында екенін көрсетеді. Ал оның олай ойлауына біз өз септігімізді тигізуіміз керек. Сыни тұрғыдан ойлау модулі өте ерекше себебі,мұнда бірнеше модулдер байланыс тапқан. Мысалы,сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыру үшін оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді; диалогтық оқыту жолдарын пайдалана отырып, оқушылар әртүрлі ой толғаулар айтады, өз ойлау қабілетін машықтандырады. Келесі модул оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, бала өзін де басқаны да бағалау қабілетіне ие болады,былайша айтқанда таразылап өзінің іс-әрекетін, басқаларды да бағалайды. Талантты және дарынды балаларды оқыту модулінде мұғалімнің рөлі күшті себебі, мұғалім дарындылық пен таланттылықты айқындау керек. Ол үшін сыни тұрғыдан ойлай отырып, әртүлі тапсырмаларды орындату болып табылады. Мүмкін менің ойыма кейбір жандар қосылмауы мүмкін, бірақ осылай ойлау менің жеке өз пікірімнен қалыптасқан ой. Сыни тұрғыдан ойлауда жас ерекшеліктеріне қарай оқыту және оқу модулі де бар.Мұнда әрбір оқушы жасына қарай әртүрлі түсінікті қалыптастырады. Оның ойлау қабілеті тез немесе кеш қабылдауы мүмкін. Сыни тұрғыдан ойлау балаларға ойлау туралы ойлана отырып, былайша айтқанда, мысалы; оқушыға қазақ тілінен берілген тапсырманы орындау керек, бір оқушы бір оқушы қалай орындайтынын ойласа, екіншісі мәліметті нақты және тез алатын жерлерді қарастырады және мақсатына жетеді.Өйткені , ол балада логикалық ойлау қалыптасқан ол проблемалық жағдаяттан шыға білді. Бұл жерде мәселе алынған ақпаратта емес, баланың қайдан дұрыс ақпарат алса тапсырманы тез орындауында. Сондықтан, сыни тұрғыдан ойлау; «ойлау туралы ойлану» арқылы келешекте баланы әр-түрлі жағдайларға дайындау және білімін тиімді пайдалану болып табылады.
Жалпы сыни тұрғыдан ойлауды бірнеше дағдылармен сипаттап көрсеткендей бақылаудың маңыздылығы, талдау арқылы жинақтау, жинақталған ақпаратты қорытындылау , соңында логикалық қорытынды жасау арқылы өз деңгейін көтеру деп түсіндім. Қорыта келе, сыни тұрғыдан ойлау- модулдердің ең маңыздысы деп ойлаймын, себебі, бұл модульде оқушыны сындарлы оқытуға үйрету және келешегінде тиімді пайдалана алуын қамтамасыз етеді.
Просмотров: 3179
.