Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның оқытуды жаңа тәсілдері модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлективтік есеп.

Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның оқытуды жаңа тәсілдері модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлективтік есеп.

. Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның оқытуды жаңа тәсілдері модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлективтік есеп.

Мұғалім айтады, оқушы түсінеді, қайтадан мұғалімге қайталап айтады. Міне бұл осыған дейінгі білім берудің кең жайылған үлгісі. Осындай қалыптасқан оқытуды түбегейлі өзгертудің негізгі құралы Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші деңгей бағдарламасы. Сондағы оқытудың жаңа тәсілдерін енгізу деп білемін. Аталған бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. (МАН 6–бет). Бағдарламаның міндеті әлеуметтік сындарлылық тұрғыда оқыту болса, соны жүзеге асыру 7 модульге бөлініп қарастырылады. Барлық модульдер бір бірімен тығыз байланысып жатқандықтан бөліп қарастыру мүмкін емес. Дегенмен мен таңдаған Оқу мен оқытулағы жаңа тәсілдер модулі оқушылардың қалай оқитындықтарын, ойлайтындарын түсінуге байлысты. Соған лайық оқу ортасын құру, ішкі уәжді ояту, құрбы құрдастарымен «диалог негізінде оқыту мен оқу» арқылы жүреді.
Бұл модульде топта, жұпта өзара диалог арқылы оқыту мен оқушылардың жас ерекшеліктері мен қалай оқитындықтарын ескере отырып білім беру арқылы оқушының өзге адамға тәуелділігін қысқарту қабілетін дамытуға бағытталған. Бірінші бетпе бетте алған теориялық білімімді саралай келе, осы қабілет менің оқушыларыма қажет деп таптым. Сондықтан осы модульді туралы жазуды ұйғардым.
Бұл модульдің ерекшелігі білім нәтижесі өзіндік санаға байланыстылығын көрсетуінде. Флейвелл 1976ж метатануды өлшеудің үш құрылымын сипаттай отырып, балалар метатануының мониторингі мен талдауының негізін анықтады:
- өзін оқушы деп тану;
- мақсаттар мен тапсырмаларды білу түсіну және бағалау;
- тапсырманы орындауға қажетті стратегияларды білу және оның мониторингі (МАН, 44 бет). Осы метатанымның үш өлшеміне ие болған оқушы ең нәтижелі оқушы болады деп ойлаймын. Сабақтарымды жоспарлағанда да осы деңгейге жеткізуді ескердім. Менің тәжірибе сабақтарын өткізуге алған сыныбым 5 «б». Сыныптың жалпы білім деңгейі де, ұйымшылдық деңгейі де орташа. Олардың жас ерекшеліктеріне сай, қызығушылықтарын ескеріп, жан жақты қырларын ашу үшін сабаққа түрлі әдістерді кірістіруді ұйғардым. Өзара әңгімелесу, пікірлесу, келісімге келу қабілеттерін дамытуды ойладым. Осыған орай мен өз сабақтарымда диалог арқылы оқытуды кірістірдім. Тізбектелген 4 сабағымның үшеуінде тақырыпты меңгеру үшін «көшпелі бекет», «кемпірқосақ», «үшеуі үйде, үшеуі қонақта» әдістері арқылы топта талқылап, мысал келтіру арқылы түсіндіруге тапсырма бердім. Бірінші сабаққа «көшпелі бекет» тәсілін алғаным оқушылар өздерінің білім алуы топта жұмыс жасау арқылы өзара байланыс негізінде келетінін түсінсін деп ойладым. Әрі әр топтың жазғандары арасынан өзіне қажет ақпаратты ғана таңдап алу қабілеттірін дамыту болды. Бақылау кезінде тапсырманы орындау барысында оқушылардың бір-бірін оқытуы өздеріне ұнайтынын, пікір білдіруге белсенділіктері барын, кейбір оқушылар үшін топта жұмыс жасаудың қиындық тудыратынын көрдім. Топта жұмыс жасаудың қиындығы бұрын тек өзі үшін және ешкіммен пікір алыспай-ақ өз дегенімен шешім қабылдайтындықтарынан деп түйдім. Дегенмен диалогқа түсу арқылы сұрақ қоюдың қиындығын түсінетіндері, жүйелі, түрлендіріп, күрделендіріп қоюға тырысатыны көрінді. Екінші сабақта тақырыпты меңгертуге «кемпірқосақ» әдісін алдым. Мұндағы мақсатым бастапқы топта алған білімін кейінгі топқа дұрыс жеткізудің жауапкершілігін түсінсе екен. Өзара диалог негізінде білім жүйеленіп, қайталанып, жадыда бекітілетіндіктен өзіне сенімі нығайса деген ой болды. Үшінші сабақта «үшеуі үйде, үшеуі қонақта» әдісімен меңгертуді жөн көрдім. Мұнда тікелей түсіндіру мен сұрақ қою арқылы тақырыпты меңгергеннен кейін «екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау жасайтын болғандықтан, мұнда айтылған ойға сын көзбен қарауға, ақпаратты бағалау қабілеттірін дамытуды мақсат еттім.
Тізбектелген сабақтарды жоспарлағанда оқу және оқытудың жаңа әдіс тәсілдері модулінің диалогты соның ішінде зерттеушілік әңгімеге, түрткі сұрақтар қоюға баса назар аудардым. Диалогты жұптауға, сабаққа кіріспес бұрын түрткі сұрақтар түрінде, топтық жұмыстарда талдау, өзара пікірлесу, білім беру ретінде пайдаландым. Бірінші сабағымда «процент сөзін қалай түсінесіңдер?» деген түрткі сұрақ қойдым. Оған процент мөлшерді білдіреді, сүт қорбының сыртында жазылады, сүттің майлылығын білдіреді, дүкендерде тауарларға жеңілдіктердің мөлшерін көрсетеді деген жауаптар алсам, «егізін тап» кезінде оқушылар бір біріне сұрақ қою арқылы диалогке түсті. Сұрақтар қойғанда түсініксіз сұрақтарға мардымcыз, жүйелі жауаптар ала алмағандығын көрдім. Ондай сұрақтарды талдатып, дұрыс қоюға бағыт бердім.
Бағдарлама теориясын оқи отырып осы уақытқа дейін қойып келген сұрақтарымның деңгейі төмен екенін білгенімде қатты қынжылдым. Мектептегі тәжірибе кезінде сол қателіктерді болдырмауға тырыстым. Сұрақтар қойғанда ойлану, саралау, талдауды қажет ететін жоғары дәрежелі сұрақтар таңдадым. Осы негізде «Тыңдап отырған үштік» әдісі арқылы дарынды балалардың талдау жасауын бақылау мақсатында жүргізгім келді. Мұнда сұхбат беруші, сұрақ қоюшы және бақылаушы қатысады. Бақылаушыға әр топтағы белсенді оқушыларды таңдап, оның қалған екеуінің сұрақ қоюы мен жауап беруін талдап, бағалаттырдым. Сол арқылы талантты балалардың өзіндік талдауы мен сыни пікір айтуын дамыттым. Одан кейінгі сабақтарымда «неге проценттік өлшемдерді пайдаланамыз?» «акша мен откен сабақтың кандай катысы бар деп ойлайсыңдар?», «Біздің класс жаңа ашылған фирма болса, жұмысты неден бастайсыңдар?» деген сұрақтар қойып, сыни ойлаттым. Балалар «салыстыру үшін, оңай есептеу үшін пайдаланамыз деп жауап берсе, бір оқушым өзінің сыни ойының, байқампаздығын көрсетіп, «бірінші кредит аламын, сосын оған жер аламын. Содан кейін әйеліме де кредит алып, үй немесе ферма салып мал алып бағып сүтін майын сатып кредит төлеймін деген» жүйелі жауап берді. «Егер сүт шығармасам гүл өсіретін фирма ашсам гүл сатып пайдасын кредит төлеймін» деген жауаптар алдым. Бұдан балалардың ойлауы, ой ұшқырлығы, жоспарлауы иллюзия емес ақиқат нәрселерге, өзінің көріп, естіп, түсініп, пайымдаған нәрселеріне сүйеніп жасалғанын көрдім. Осы жерде баланың образға еніп жағдайды басынан өткізгенін байқадым. Жауапты да сол өз тәжірибесімен ұштастырғанын түсіндім. Бұдан «оқу үдерісінің «саналы» болу қажеттілігі туралы тұжырымдар балалардың жеке тәжірибесінің мәдениеті мен құндылығы оқу үдерісінің тиімділігін елеулі түрде айқындайтын маңызды мәнмәтін деп қабылданатындығына негізделген. Мұндай негіздеме «жағдаяттық тануға» арқау болып табылады.» деген тұжырымының дұрыстығына көз жеткіздім. (Lave and Wenger, 1991, МАН, 46-бет).
Төртінші сабақта «Кілттік сөздер» тәсілімен есеп құрастыруға топтық тапсырма бердім. Ондағы мақсатым негізгі мәселе туралы ойларын дамыту, сыни ойлату, ойдың бағытты мақсатты болуын, пікірлерді тыңдау, талдау, стратегия таңдауларын дамыту болды. Осыған дейінгі білетін мәліметтерін пайдаланып, зерттеушілік әңгіме жүргізу нәтижесінде жүйелі, қиындығы әртүрлі есептер пайда болды. Оны шешуде кейбір есептер ойлануды қажет етсе, кейбір есептерді балалар бірден шешті. Жоғары деңгейлі оқушымның «кредит, процент, өсім» сөздеріне құрған « Әйгерім 1000000 теңгенің 75%- ын 10 айға кредитке алды. Егер төлеу мерзімінен 1 апта кешіксе 20% өсім қосып төлейді. Бір аптаға кешіксе Әйгерім қанша теңге қосып төлейді?» деген есебін оқушылар қызығушылықпен талдады. Нақты жауапты Ерхан тапты. Есеп жауаптарына түсініктеме беруді де ұмытқан жоқ. Кейін топ белсендісінен неге 1000000 ның 75% і? Неге 750000 тенге деп алмадыңдар деп сұрағанымда, есеп күрделі болсын дегесін күрделендіргеніміз деді.Осы жерде оқушылар тек зерттеушілік әңгімеден басқа, сыни ойлана алды деп ойлаймын.
Тәжірибе кезінде класта метатану қабілеті жақсы дамыған 5 оқушыны анықтадым. Олар мәтіннен негізгі керек мәліметте оңай анықтайтын, білімінің қай деңгейде екендігін саралай алатындығымен, есептеу кезінде оңай тәсілді іздейтіндіктері, тапсырманы орындауда тиімді жолды таңдайтындықтары, мұғалімнен қай кезде көмек сұрау керектігін білетіндіктерімен ерекшеленді. Сонымен бірге сабақ кезінде артқа тартушылық, қырсықтық мінез көрсеткен бір оқушы болды. Класта шу көтеріп өзгелерге кедергі келтіруге тырысып бақты. Әріптестермен кеңесе келе, өзінің әншілік қабілеті болғандықтан назар аударғанды қажет ететін болар деп көп көңіл бөлдім. Бірақ оқушым одан ары қырсық мінез көрсетіп еркелікке салынды. Содан кейін жауапкершілікке тартып, сабақты фотоға түсіру жұмысын тапсырдым. Бұл кезде оның аз болса да жауапкершілікті сезініп барынша жұмыс жасауға талпынғанын көрдім. Бірақ онысы да ұзаққа созылмады. Бұл жұмысты нақты нәтижелі атқара алмағандықтан, елеусіз қалдырдым. Нәтижесінде кластан оқшауланып қалам деп қорықты ма, оқушылармен қосылып өз ойын айтуға тырысып, топта жұмыс жасауға талпынды. Орта деңгейдегі Жүсіп деген оқушы өзін топтық жұмыс жасағаннан гөрі жеке жұмыс жасағанды қалайтынын анықтадым. Бірақ сабақ барысында ешкіммен қақтығыспай, өз пікірін айтып, мәселені шешудің басқа жолдарын қарастыру қабілетін көрсетті. Лейла деген оқушы өзінің лидерлік қасиеттерімен ашыла түсті. АКТ-ны пайдалануда құзіретіліктерін арттыру мақсатында микрокалькуляторды пайдаланып есептеуде төмен деңгейдегі оқушы Қанаттың қызығушылығы оянып, белсенділік көрсетіп, барынша жұмыс жасады. Теорияны меңгеруде де белсенділік танытып өз тобында постер жазуда, қорғауда ат салысты. Сонысымен мені таң қалдырып жүрді. Өз жұмысы ұнаған. «Түсіндіргенім ұнады» деп өз ойын айтты. Бұдан өзара оқытудың нәтижелі болатѫндығынв 䐺өзім жетті.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер!модуліҽдегі метатану жӹне(қалай оқу керектӖгін үйретуге ерекше тоқталғым келеді. Білімді жай қарапайым жаттау, оқу- түсіну ғана0емес нақూы қажет мәліметті есте ұзақ сақтау мен ҿайдаланѣ, қажетуісін анықтауға үйрҵту ұтымشы тәсіл деп ойлаймын. Бұдан оқуӈыᐻар өзіне䀠не Һерек, неఽің пайдалырақ, нᐵఽіᒳ маңызды, ненің тиімді 䐵кенՖн өзі ойлап, шешім қабылдаудд қинапмайтындығына ықпал етеді деп ойлайѼын䀮 Оқушылашдыңဠсаналы түрде неге оқымайды? Соған(жеՂу үшіఽĠᐽе істеу керек деген ойлар бұрыннан мазалайтын. Мұғалімнің нұсқауымен, жетектеуімен әрең оқып жүретін балаларды көргенде, ҰБТ-ға баратын балалардың сабаққа ынтасының төмендігін көріп қатты ойланатынмын. Осы мәселенің шешімін осы оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерінен таптым. Мұғалімнің көсбасшылық қызметі арқылы білімді өз бетімен, өзара түсіндіру, өткен өмірлік тәжірибесін пайдаланып, сыни ойлану арқылы алатыны ұнайды. Бұл оқушының оқу сапасы үшін жауапкершілігі артатынын білдіреді. Ал сапалы оқыту көп білу, жаттау емес бар білімін жағдайларға байланысты өмірде қолдану қабілетінің деңгейі. Бұрыннан да тәжірибемде білімді тәжірибеде пайдалануға көп көңіл бөлетінмін. Бағдарламанын осы бағытпен сәйкес келгеніне қуаныштымын. Барнс (1971ж) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. МАН 39-бет. Диалог арқылы оқыту тек оқу сапасын арттырып қана қоймай пікірлесу арқылы өзгенің пікірін де тыңдап, қабылдауға және өз идеяларының дұрыстығын дәлелдеуге жетелейді. Сонымен бірге сұрақ қою арқылы білім деңгейін бағаламай, білім алуын қолдау мақсатында пайдалану өте қызықты. Түрткі сұрақ, сынақтан өткізетін, қайта бағытталған сұрақтардың маңызы зор. Сұрақ қою арқылы оқушылардың зерттеуге құлшынысы артып, сыни тұрғыдан ойлауға көмектесіп, белгілі бір тақырып бойынша ойын сөзбен жеткізуге үйретеді деп ойлаймын. Бұл жадайларды өз тәжірибемде сынап көрдім. Тек ескеретін жайт сұрақ қойылғаннан кейінгі кідіріс пен жауапты күтудегі кідіріс ұзақтығын қадағалау қажет.
Бағалаудың біліма алуға әсері туралы, «оқыту үшін бағалауды пайдалану арқылы мүғалімдер оқушылардың алға қойған мақсатқа жету үшін таңдаған стратегияларының табыстылығын ескере отырып, кері байланыс әдісімен өз білімін қадағалауға және бағалауға көмектеседі. Оқушылар мұндай білім мен қабілеттерді алғанда, олар үшін бұл әдеттегі философияға айналады, олардың оқу үлгерімі жоғарылайды» (МАН, 36- бет.) дегенді ескеріп, сабақ соңындағы кері байланыс нәтижесінде оқушыларға ненің қиындық тудырғанын, нені әлі де ескеру керек екенін, не нәрсенің ұнайтындығын, ненің оқуға кедергі келтіретінін білдім. Тәжірибем көрсеткендей балалар формативті бағалауда белсенді қатысты. Әсіресе «екі жұлдыз, бір тілекте» бір-бірінің қатесін түзеп, ұсыныстарын да айтты.
Осыған дейінгі тәжірибемде сыныпта диалог кең қолданысқа ие болды деп айта алмаймын. Қатқан қағидамен сабақ оқып үйренген балалардың алғашқыдағы оғаш қимылдары мен түсінбеушіліктері оған дәлел бола алады. Сұрақ қоюдың дәрежесін де ойлай бермейтініміз анық. Жоспарлаған сабақтарыма барынша өз сөзімен жауап беруге итермелейтін, сыни ойландыратын сұрақтар алғаным да осы бағдарламаның нәтижесі.
Оқу мен оқытудың жаңа тәсілдері арқылы білім беру туралы әріптестермен пікір алысқанда мұғалімдер арасында әлі де түсінбеушілік, үзілді-кесілді қарсылық, қалыптасқан көзқарастардың қайшылықтары барын білдім. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімімен сұрақ қою туралы әңгімелескенімде сұрақтың деңгейі туралы ойламайтынын байқадым. Бағдарлама аталған сұрақтардың маңызы туралы айта бастағанымда бет қаратпас қарсылыққа тап болдым. Әріптесімнің ойынша ҰБТ да кездесетін сұрақтардың маңызы жоғары екен. Әркім өз ойында қалып, пікірлесу осы жерден аяқталды. Пожарес (1992ж) оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі ұстанымға негізделген ой тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді: оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс әрекеттеріне әсер етеді. МАН 7-бет. Дегенмен жаңашыл ұстаздар да бар. Қазақта да «ұстазы мықтының ұстамы мықты» деген мақал бар. Болашақта сабақ беруде осы оқу мен оқытудың жаңа тәсілдерін кеңінен қолданып, білімді, саналы, өз ойын толық жеткізе алатын, сыни ойлана алатын, қажет кезде тиімді стратегияны таңдай алатын, ынтымақтастыққа жұмыс жасай алатын оқушы тәрбиелей алатыныма сенімдімін.
Сонымен, қорыта келе тізбектелген сабақтарды өткізу нәтижесінде балалар өз ойын айтуға төселіп, бір бірімен тығыз қарым қатынас орнатуға, жеке пікірін еркін айтуға бейімделді. Сонымен бірге алған білімдерін өмірмен байланыстырып, күнделікті пайдаланып жүрген ұялы телефонды мақсатты түрде пайдалану машығы мен өзіне, өзгеге сыни қарау қасиеттері дамыды. Пікірлесу, вербальды байланыс мәдениеті, ынтымақтастықта жұмыс жасау, сыни ойлау, мәліметтің маңыздылығын бағалай білу қабілеттері қалыптасты. Келешекте тәжірибемде Кембридж әдіс тәсілдерін пайдаланып оқушыларымнын бұдан да жақсы нәтижелер көрсетуі үшін жұмыстанып, шеберлігімді шыңдау жолында еңбектенемін.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық.
Просмотров: 4360
.