Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ақ жауын

Ақ жауын

. Ақ жауын
Далада құйды ақ жауын,
Көктемнің күні самғауың.
Жылылық тауып жалғауын.
Қуанып кеттім өзіңе,
Жаңбырмен тағы езіле,
Жауқазын жырым-арнауым...

Сәбидей жаңа туылған,
Бар әлем таза жуынған.
Санадан қайғы қуылған.
Мөлдіреп түсті ақ тамшы,
Өзіңді қорға, сақтаншы,
Сатқындықтардан суынғам.

Табиғат көркем ұқтырған,
Адамдықта пенде нық тұрған.
Өмірден көп қой ұттырған.
Тазалық тербер әлем-ді,
Мағына мәні терең-ді,
Арыңда таза тік тұлғаң!

Ақ жауын кетті жаңартып,
Салмақты ойда қамалтып.
Иманмен сұлу хәл артық!
Жайнады әлем, тал, құрақ,
Жер –ана кетті балбырап,
Үміт пен сенім тең артып.

Қуаныш келді нөсермен,
Жұбаныш жанда төселген,
Бақытты жанбыз осы елмен!
Жақсылыққа елді бұрғандай,
Ақ жауын айтып тұрғандай:
«Тазаршы, айық кеселден!»

Жаңарды әлем туылып,
Ластықтан таза суынып.
Табиғат-ұстаз, күйін ұқ!
Жақсылық шықсын жарыққа!
Адамдық атты дамыт та,
Жамандық кетсін жуылып!!!
29.03.2012жыл.
Просмотров: 1465
.