Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Алып дала.

Алып дала.

. Алып дала.
Аққуымен әсемделсе көл беті,
Қазағымның өнерімен келбеті.
«Қараңғы»-деп еленбеген қазақты ,
Өнерімен танып еді жер беті.

Асқар таулар, алып дала, көк бел де,
Қызғалтақпен құлпырады көктемде.
Сол табиғат өнерліні тудырған,
Көңіл жүйрік, ой жүгіртсек өткенге.

Саф алтындай қасиеті сақталып,
Тектілікпен тамырынан бақ дарып.
Тұлғалық тұр тарихыңа үңілсең,
Туралық тұр бар әлемге жатталып...

Өнегелік баба басқан әр ізде,
Тәрбиемен өрілгенін аңыз де.
Әсем дауысы Әміренің әлемді,
Бас идірген ән салғанда Парижде.

Қажымұқанның қара күші сүйінтіп,
Бар әлемді баурап алған иілтіп.
Даналық пен дарабоздық даламда,
Киелілік, әулиелік жиынтық...

Даламыздың даналыққа тұнғаны,
Қырандайын жасай берер тұлғаны.
Қазақстан гүлденеді мәңгілік!
Қара көздер шыға берер шыңға әлі!!!
24.02.2012жыл.
Просмотров: 1600
.