Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ауғандық сарбаз...

Ауғандық сарбаз...

. Төрт Қызыл жұлдыз орденінің иегері, Ауған соғысының ардагері, ержүрек батыр Әмірбеков Рахымбек Оразбайұлына!
Ауғандық сарбаз...

Ауғандық сарбаз елінің намыс қорғаны,
Сексенінші жылдар, қайғының бұлты торлады.
Он сегіз жаста оранып отта өртеніп,
Шалшықты суда, окопта, сызда тоңғаны...

Жалмауыз соғыс жалмады қатар досын да,
Өліктер иісі, тозақтың төрі осында.
Ажалмен айқас, тірі қалудың амалы,
Бірінші өлтір, шошынба...

Қоңырқай таулар өлімнің оғын жолдайтын,
Үміттің гүлі солдатта ғана солмайтын...
Әр секунд қауіп, қатты нан тауып, қуанар,
Түн мезгіл ұйқы болмайтын...

Батыр ғой нағыз ойлаған елдің ертеңін,
Елдікке бастап, ерліктің жайған желкенін.
Қиындық түссе Отанға қорған бола алар,
Ардақтар елі көркемін...

Ұлттық рухты, көтерген ұлы намысты,
Жастарға тәлім, тәрбие – нағыз табысты!
Ұғымтал ұлан ұлықтар ардагерлерін,
Құрметте елім Ауғандық батыр арысты!!!
29.05.2013жыл.
Просмотров: 1385
.