Бақ таймасын!
загрузка...
  • Категория:
  • Рейтинг:
    0.0/0
Loading...
Бақ таймасын!
Көкбөріні бес төбет қаумалады,
Боялды қанға бөгіп сау балағы.
Еркіндік сүйер міне тұтқын болып,
Тәкәппар ызаланар, жан жаралы...

Беймәлім, қалай түсті мұндай күйге?
Ұраны: «Ешқашанда басыңды име!»
Жабылған қызық көріп жас төбеттер,
Бір жақты етпей қоймас сұрқай үнде.

Алқымды ап, бірі тістеп арқасынан,
Мүсәпір күйде жатыр шалқасынан.
Жанашырлық жоқтығын енді ұғынды,
Алабайлар талауда қан сасыған...

Бұл жайлау еркін жүрер дара бағы,
Қой қырған талай қыста аралады.
Тамағын тасып берген апанынан,
Әттең-ай бірі келіп қарамады...

Шынында бақ таюы бір сәтте екен,
Өмір-ай өреңді де өлшетпеген.
Көкбөрі көз алдымда демі бітті,
Қиналып әлсіздігін көрсетпеген...

Жамандық жамандықпен қайтары анық,
Биікке шыққанын да байқамадық.
Абырой берсін және де бақ таймасын!
Дегенді ішімізден қайталадық...
25.07.2012жыл.
загрузка...
загрузка...

Читайте также

Бір үзім нан. (поэма)
09.04.2016
Көше бойлап келе жатқан аруға,
Байқалғаны нанның жерде жатқаны.
Кім тастаған? Жанға қатты батқаны,
Тез көтеріп имандылық танытты.
  • 739
  • 0.0
Читать
Тылсым күй
11.04.2016
Мен өзіме есеп бердім ес біліп,
Кемшілігім кінә артты кешкілік.
Барлық жанды тек өзімдей көріппін,
Тылсым үннен ес жинадым есіт...
  • 476
  • 0.0
Читать
Мұқағалидың мұңы...
06.04.2016
Аңсау деген құшақта күн кешкенмін,
Сағынышпен ұдайы үндескенмін.
Қиялымда қауышып қадірлеумен,
Көрпеңді қымтап жүрдім күнде сен...
  • 1122
  • 0.0
Читать
ОРТА МЕКТЕПТІҢ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ.
25.11.2015
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау.
Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімн...
  • 2640
  • 0.0
Читать
Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.
avatar