Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Гүл-ұшқын...

Гүл-ұшқын...

. Гүл-ұшқын...
Сөз сұңқарын ұшырам деп тырыстым,
Маза бермес сезім атты бір ұшқын.
Көктем келіп көркем етті жанымды,
Жырларыммен бірге үндес тыныспын.

Сұлулықты сезіп таза әлемнен,
Ақ жанымды жауын етіп келем мен.
Әдемілік әрлендірсе әлемді,
Сезетін де, сезбейтін бар дегенмен.

Сыйластықта сағыныш бар тартылар,
Ертеңіңе барлық үміт артылар.
Мәңгілікке тұратұғын дәурен жоқ,
Бала білмес, жастар жалын, қарт ұғар.

Күйкі тірлік, көңіл биік, күндейміз,
Күнді көріп сыры ашылмас түндейміз.
Бәрі уақытша, мәңгіліктің қадірін,
Сондықтан да білмейміз.

Адамдықтан асқан сірә ат бар ма?!
Абыроймен асқар таудай сақтал да.
Қалдыратын қасиетіңдей бақ бар ма?!
Есте қалғын жүректерде жаттал да!!!
27.04.2012жыл.
Просмотров: 1755
.