Іздедім...
загрузка...
  • Категория:
  • Рейтинг:
    0.0/0
Loading...
Іздедім...
Не болды маған?, алаңдап іздей беремін,
Сағынышымның жыр гүлін үзбей теремін.
Жастық шағымның бағына тағы үңілдім,
Табардай жаным керегін.

Сұлуды сездім, таң болып бейне атқандай,
Ақ қайың мені ару боп күтер ақ маңдай.
Арудың әппақ жанарын танып, көл көрдім,
Бал кәусар дәмін татқандай.

Жап-жасыл шырша бейнебір ару көркімен,
Мөлдірей қалып лауладым сезім өртімен.
Адам боп ағаш, жапырақ жүрек түсінді,
Түбінде сырды шертіп ем.

Аунағым келді армансыз мамық майсада,
Келбетін ашар көктемгі көркем сай сала.
Көңілім күн боп, алаңдап сені іздедім,
Табиғат құшақ жайса да.
Іздедім сені, өткен күн өрнек өткел-ді,
Жанымды жуып, ақ жауын құйып өпкен-ді.
Сұлулығыңды таптым да саябағымнан,
Елеспен жүрек шектелді...
03.05.2012жыл.
загрузка...
загрузка...

Читайте также

Сағыныш екен бәрі де...
08.04.2016
Сағыныш екен бәрі де...
Жарылыс тағы жүректе.
Аңсаған жанға төрі де,
Жапырақтайын дір етпе...
  • 1699
  • 0.0
Читать
Жырым менің...
08.04.2016
Күн көңілімді сәуле сүйді күй тербеп,
Бақыт таңы атып келер үн кернеп.
Бағымдағы бұлбұл сайрап тәнті етті,
Жырды сүйдім, шабыты...
  • 326
  • 0.0
Читать
Қазақ хандары және Тәуке «Жеті жарғы» заңы
17.09.2015
Студенттерге Тәуке ханның билердің көмегімен хан билігін нығайтуы, мемлекеттік құрылыстың негізгі ұстанымдарын анықтайтын «жеті жарғы» заңы туралы а...
  • 1380
  • 0.0
Читать
Керемет күн
08.04.2016
Бүгін де керемет күн елесеңіз,
Көңілмен күн мен айға теңесеміз.
Сағынған жанның есітіп жылы сөзін,
Кейінгі жас ұрпақпен тең өсе...
  • 413
  • 0.0
Читать
Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.
avatar