Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Көктем келді...

Көктем келді...

. Көктем келді...

Көктем келді, көңілді күйге орап,
Жан жүректен берілер сезім тарап.
Қар құрсауын босатып, буға айналды,
Көк көйлегін кигендей бүкіл алап.

Көктем келді, шіркін-ай көктем келді,
Бәйшешекке орантты көк белдерді.
Адамзат қауышты да жылылықпен,
Құттықтар аман-есен жеткендерді.

Кеудеңде шаттық орнар дүрсіл қағып,
Ертеңге жоспар құрып, үміт жағып.
Аяздан қорқып қалған қу балалар,
Қозысын көтеріп жүр, қойын бағып.

Әз Наурыз жаңа жылым жеткені ме?!
Қол бұлғар қойшы арғы беттегіге.
Осылай қонақ өмір сырғи берер,
Қуанып әрбір күннің өткеніне.

Анамдай күн жылынып шуақ берді,
Әкемдей аяз ата сынап көрді.
Табиғат ұлы ұстаздан үйренеміз,
Өткізіп «Өмір» атты сынақ төрді.

Көктемнің шуағымен көгеремін!
Санама сұлулықты шегеледім!
Халқыма, жебеу болған жақыныма,
Ойландым: «Мен көктемдей не беремін?»

Жаз келсе жазылуың шектелмеген,
Күз келсе жемісің ол текті елменен.
Қыс берген сабырлылық, төзімділік,
Мейірім келген бірге көктемменен!!!
03.03.2012жыл.
Просмотров: 2058
.