Мұстафа Шоқайға!
загрузка...
  • Категория:
  • Рейтинг:
    0.0/0
Loading...
Мұстафа Шоқайға!
Еркіндік аңсар қырансың!
Алашқа алып ұрансың!
Тәуелсіздікке талпынған,
Тұғыры текті Тұрансың!

Қиып бір түсер қылышсың!
«Халық»-деп туған құрышсың!
Білімге елді бастаған,
Жастарға тәлім ырыссың!

Қазақтан өткен талай сын,
Бауырға бәрін санайсың.
Шетелде газет шығардың,
Еліңді ойлап, жарайсың!

Мың жылды ойлап алдағы,
Арманың алда самғады!
Егемен елге елжірер,
Азамат күнсің таңдағы.

Сезілді жүрек дүрсілің,
Жат жұрттан жетті тылсым үн!
Мұстафа Шоқай өсиеті,
Еркіндік жарды бүршігін.

Өтейік ерді бағалап,
Келмесін елге жаман ат!
Ескінің сөзі есті сөз!
Аманат бізге аманат!!!
11.03.2012жыл.
загрузка...
загрузка...

Читайте также

Мектеп жасына дейнгі балалардың танымдық әрекеттерін дамыту
29.03.2015
Тәуелсіз Қазақстанның Білім заңына орай жаңа ұлттық білім үлгісі бойынша мектепке дейінгі баланың жеке басын тәрбиелеуде педоагогикалық дамудың бұры...
  • 2972
  • 0.0
Читать
Тартылыс өмір...
09.04.2016
Сені қорғап, сақтай алар ма екенмін?
Қарашығым аяулысың мен барда.
Арасында жүр ме екенсің бөтенннің,
Жанашырым мені ойладың та...
  • 514
  • 0.0
Читать
Сезім...
08.04.2016
Сүйгенді неге сүймеске?
Күйгенге неге күймеске?
Жанымды орап жалыны,
Жүректе қалып күнде есте...
  • 612
  • 0.0
Читать
Жаңылтпаштар
06.04.2016
Кәрі инелік биге еніп,
Дәулерден күйреліп,
Кішкентайдан түйреліп,
Әрең шықты сүйреліп.
  • 620
  • 0.0
Читать
Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.
avatar