Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сұлулық сыры...

Сұлулық сыры...

. Сұлулық сыры...

Жанарың мөлдір, көл неткен,
Қастарың қылыш іспетті.
Ақ маңдай жазық келбеттен,
Сөз жетпей тілді тістетті...

Сая бақ сырсың жыр туған,
Шыршадай мәңгі жасылсың.
Күн болып шыққан бұлтымнан,
Шуағын шашқан асылсың!

Көктеммен келді күй легі,
Сұлулық тұр ғой сұрантып.
Сағыныш тағы жиіледі,
Аңсауды жиі құралтып.

Сәулемен түскен шырайың,
Бәйшешек гүлі сен бе едің?
Қуанышымды құрайын,
Елесім болып емдегін.

Күн өткен сайын үмітпен,
Сұлуды сезу–бір бақыт!
Барады ару жігітпен,
Жастығын бақта ұрлатып...
28.03.2012жыл.
Просмотров: 1451
.