Меню
Назад » »

Қыс келбеті

загрузка...
Қыс келбет.

Әппақ түске боялды да тал шыбық,
Ақ көрпемен дала жатыр жаншылып.
Сұлулықпен сыршыл етті сананы,
Табиғаттай мөлдіреді тамшы үміт.

Ақ шекермен керім келбет келісті,
Ғажайыпқа айналғандай жер үсті.
Бүкіл әлем тазалықта ұсталып,
Сенім шіркін сезімімен сеністі.

Сол саябақ жаралғандай асылдан,
Әппақ қармен жер анаға бас ұрған.
Көңілі ауып көгеретін көктемге,
Сағынышын ішке бүгіп жасырған.

Ақ қыраумен аяз өрнек салғанда,
Анық сұлу нақтыланар жалғанда.
Жаратылыс жанға жақын сезіліп,
Әр көрініс ерекше бір талғамда.

Сұлулықтан жаның нұрға бөленбек,
Қыс келбеттен көңілің жырға кенелмек.
Ақ әлемнен жаңалықты сезініп,
Бір қуаныш күтіп жүрмін елеңдеп...
30.01.2010жыл.
загрузка...
Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.
avatar