.
.
Пән: Адам. Қоғам. Құқық Тұлғаның қалыптасуындағы әлеуметтік факторлар
Сабақ жоспары | Предметы | Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 356 | Просмотров: 2808 | Размер: 35.0 Kb | Автор: ТәрбиеСынып: 11 Сабақ: 12 Күні:
Тақырыбы: Тұлғаның қалыптасуындағы әлеуметтік факторлар
Сабақтың мақсаты: Жеке адамның қалыптасу процесіне әсер ететін факторларды атап беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Әлеуметтік факторлардың тұлғаға әсері туралы түсінік беру, құрылу жолдарына тоқталу.
Дамытушылық: Әлеуметтік білімдерін, ойлау қабілеттерін, белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік: Қазіргі заманға сай заманауи азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: топтық
Сабақты ұйымдастыру әдісі: дискуссия
Көрнекілігі: кесте
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Амандасу
2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу
3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Әлеуметтік стратификация ұғымы
2. К.Маркс бойынша таптарға бөлу
ІІІ. Жаңа білімді меңгеру
1. Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін орта
2. Тәрбиелеу-тұлға қалыптасуының негізгі жолы
3. Тұлға қалыптастырудың құралы-мектеп
4. Индивид қалыптастырудағы ұжымның ролі
1. Жеке тұлғаның қалыптасуына, сонымен қатар, орта: адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар әсер етеді. Орта макро және микро болып бөлінеді. Макро-орта бұл -адамға қажетті әлеуметтік-экономикшіық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық ақпараттар құралдары). Микро-орта бұл – баланың ең жақын қарым-қатынас ортасы, ол – адамды әрдайым коршайтьщ және оның дамуына әсер ететін өзара байланысты заттар, құбылыстар мен адамдар әлемі. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгілі бір мөлшерде, табиғи немесе географиялық орта (климат), табиғат жағдайлары әсер етеді.
2. Тәрбиелеу дегеніміз тұлғаны қалыптастыруға бағытталған адамдардың арнайы әрекеті.Жеке тұлға қалыптасуындағы тәрбиелеудің орны ерекше. Тәрбиелеу сөзінің тар мағынасына-оқытушының талап қою жүйесін айтамыз. Үйде қатаң тәртіп, бұл баланың бойында ұқыптылық пен жинақтық қалыптасады.
Рухани адамгершілік тәрбиесінде тәрбиеші оқушыны тұлға ретінде таниды:
-бұрынғысы;
-қазіргісі;
-болашағы.
3. Оқу, білім алу, қоршаған ортаны тану тұлға қалыптастырушы фактор.Жеке тұлға қалыптастырудағы мектептің ролі ерекше. Біздің мектебімізде- ұстаздар қауымының мақсаты: оқушылардың «субъект- субъект», «Субъект-қоғам» циклін құру. Оқыту белгілі бір шарттар арқылы тұлға қалыптастырады. Олар:
Бірінші, білім ғылыми тұрғыдан баяндалса әлемді оқушыларға дұрыс сипаттайды.
Екіншісі, баяндалып жатқан білім күрделі дидактикалық талқылаудан өтіп, саралануы керек.
Үшіншіден, оқыту процессінде оқушылар алған білімі жүйеленіп, біртекті мағлүмат берілуі қажет.
Төртіншіден, оқыту барысында қатысушалардың тәжірибелік және кәсіби шеберлігі дамытылады.
4. Ұжым дамып жатқан кезде ғана жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді. Кеңестер Одағы кезінде «ұжым» ұғымы кеңінен қолданылды. Сол себепті олардың топ болып, ауызбіршілікке келіп жұмыс атқаруы маңызды болды. Ұжым дегеніміз белгілі бір мақсаттар мен әрекеттер арқылы нәтижеге жету. Ұжымдағы тәртіп дегеніміз-әрбір жеке тұлғаның өзіндік құқығын белгілеу арқылы жүзеге асыру. Жоғарыда аталған талап негізінде қоғамдық ой-пікір қалыптасады және ескеріледі.
Қоғамдық пікір ұжымдағы жеке тұлғаның әлеуметтік нормаларының қалыптасуына әсер етеді.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Сыныпты 2 топқа бөліп, «Оқушыға тұлға ретінде қалыптасуына әсер ететін әлеуметтік факторлардың» тағы қандай түрлерін қосуға болатыны жайлы дискуссия құру.
V. Үй тапсырмасын беру: Тұлғаның қалыптасуындағы әлеуметтік факторлар
VI. Бағалау.
Жыл бойғы барлық сабақ жоспарларын+сабақ презентацияларын мына сайттан табуға болады. Sabaktar.ucoz.ru
жаңа 2014жылғы күнтізбелік жоспармен әзірленген
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.