Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жастар және мәдениет -

Жастар және мәдениет

Сабақ жоспары | Предметы | Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 408 | Просмотров: 1855 | Размер: 55.0 Kb | Автор: Тәрбие
. Кембридж тренерлерінің қолдауы арқылы мұғалімдермен wiki беттерін қолдана отырып, сабақты құру және жоспарлау кестесі.

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні:
Кожахметова Нургуль Темирбаевна Адам. Қоғам.
Құқық. 9 «В» сыныбы.
Оқушының саны 16 Ақмола облысы
Степногорск қаласы.
№9 орта мектебі
1 Апта 08.05.2012 2 сабақ. 09:05-09:50 №6 сынып бөлмесі
Сабақтың атауы Тақырыбы: Жастар және мәдениет
Сілтеме Қ.Жүкешев, Ғ.Сапарғалиев, Г.Асанбекова, 9 сынып оқулығы. 217-220 бет.
Слайдтар.
Сабақ жоспары
Жалпы мақсаты
Оқушыларға жастар мәдениеті, түрлі ұрпақ өкілдерінің арасындағы мәдени сабақтастық және мәдени дәстүрлер мен мәдени талғам туралы түсінік қалыптастыру. Ойлау дағдылары мен біліктіліктерін қалыптастыру, шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасау
Міндеттер:
1. Оқушылардың қызығушылығын ояту
2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру
3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау
4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері 1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу
2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру
3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау
Сабақта туындаған негізгі идеялар Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау
Күтілетін нәтиже Бүгінгі және болашақ Қазақстанның азаматтары, жастары екенін ұғындыру және мәдениеттің дамуына олардың қосатын үлесі мол екенін айта келе олардың бойына сенімділік пен жауапкершілікке баулу.
Тапсырмалар
wiki беттерінен жүктелген дереккөздер

«Адамдар қарым-қатынасына» диалог құру.
Қолданылған әдістер Диалогты оқыту, кластер, бес жолды өлең стратегиялары
Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.
Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу 0,5мин

№1 сабақ. Тақырыбы:Жастар және мәдениет
Мұғалімнің іс-әрекеті уақыты Оқушылардың іс-әрекеті
1. Қызығушылықты ояту.
Стикер таратып беру.
Тілек жазу.
Интербелсенді тақта бетіне
слайдты шығарамын.
Оның бетінде М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңі болады. Өлеңді өзім емес, оқушыға оқытқызамын. Оқушымен мұғалімнің арасында диалог орнату үшін сұрақтар қоямын:
-Өлең не туралы айтылған және авторы кім?
-Ақын өлең жолында кімдерге сенемін дейді?
-Олай болса бүгінгі сабағымыз кімдер туралы болмақ?

Бағалау парақтары таратылады.
Көшбасшы мен бақылаушы білесе отырып баға қояды.

2. Мағынаны тану.
Сыныпты сандар арқылы топтарға
бөлемін.
Әр топқа оқулық мәтінінен тапсырмалар беремін.
1-топқа: Жастар мәдениеті.
2-топқа: Жастардың сапалы білім алуы.
3-топқа: Жастардың мәдени дәстүрлері мен мәдени талғамдары.
4-топқа: Түрлі ұрпақ өкілдерінің арасындағы сабақтастық .
Флипчарттар мен маркерлерді топтарға таратып береді.
Флипчартқа кластер құруға тапсырма береді.

Пікірлесу.
Оқушылардың назарын интербелсенді тақтаға аударту.
Н.Назарбаевтың мәдениет туралы айтқан сөзін оқушыға оқытқызу.
Сұрақ: -Елбасы қазақ мәдениетінен қандай үміт күтеді?
- Қалай ойлайсыңдар біз қазақ
мәдениетіне қандай үлес қоса аламыз?

3. Ой қорыту
Тапсырма: Қоғамда болатын
мәдениет пен мәдениетсіздік туралы диалогты көрініс

Топпен жұмыс «Бес жолды өлең» құру .

4.Бағалау

1 мин

2 мин

1 мин

1 мин

10 мин

8 мин

2 мин

12 мин

4 мин

2,5 мин
Оқушылар стикер бетіне тілек, өзінің көңіл-күйін білдіреді.

Оқушылар назары интербелсенді тақта бетінде. Бір оқушы тақтаға жақындап М. Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңін оқып шығады.

Оқушылардың жауабтарын тыңдау.

Оқушылар көшбасшы мен бақылаушыны өздері тағайындайды.

Оқушылар топтардың нөмірі көрсетілген үстелге барып отырады.

Оқушылар бірінші тақырыпты жеке оқиды, екінші жұппен талдайды, үшінші топта талқылайды.

Оқушылар оқып, талдап, талқылаған тақырыпшаны флипчартқа түсіріп, қорғайды.


Оқушылар назары тақтада. Бір оқушы тұрып оқып береді.

Оқушылар пікірін тыңдау.

Топта отырған оқушылар бірлесе жұмыс жасайды. Қандай тақырыпта диалогты көрініс қоятыны өздерінің қалауы болады.

Әр топ өлең құрады. Құрған өлеңдерін оқиды.

Әр топтың көшбасшысы мен бақылаушылары қойған бағаларын оқиды.
Бағалау бойынша оқушылар ойларын айтады.

Үйге тапсырма: Адамдар арасындағы қарым-қатынасқа диалог құрып келу. 1 мин.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.