Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
А.Құнанбаев «Құлақтан кіріп, бойды алар». -

А.Құнанбаев «Құлақтан кіріп, бойды алар».

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 334 | Просмотров: 2880 | Размер: 39.0 Kb | Автор: Тәрбие
. Дуйсенғалиева Гүлмира Жұмажанқызы
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы
Қарасу ауылы
Қарасу орта жалпы білім беретін мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сабақтың түрі: (ашық сабақ)

Пәні: Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев «Құлақтан кіріп, бойды алар».
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Абай әндерін жан-жақты талдау жасау, өлеңдерінің құрылысына ,жаңалығына оқушылардың көзін жеткізу, оқушыларды өз ойын ортаға салуға бейімдеу.
ә) Тәрбиелілігі: сырларын түсінуге ,эстетикалық талғам қалыптастыруға,өнердің қадір –қасиетін түсіне білуге тәрбиелеу.
б) Дамытушылығы: Абай әндерін ,өлеңдерін талдау арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту, әннің тылсым сырларын ұға беруге талаптандыру.
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, топтау т.б
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Күтілетін нәтиже: оқушылар Абай әндерінің ерекшеліктерін біледі, өмірде жүйелі қолдана
алады.
Көрнекілігі: сызба, интерактивті тақта, компьютер, электронды оқулық т.б
Пәнаралық байланыс: музыка, ағылшын, орыс тілі т.б
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
(Оқушылармен амандасу ,түгендеу)
Ал, балалар,балалар,
Бәрің бері қараңдар
Жаңа білім алуға
Дайынсың ба ,ұландар?
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
(3-4 оқушыдан сабақ сұралады. 1-слайд «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» өлеңін бір оқушы оқиды, бір оқушы жылқы малының бейнесі бейнеленген суреттен көрсетіп тұрады).
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
Үйге берілген тапсырманы сұрау арқылы жаңа тақырыптың атын шығару.
2-слайд. Жылқы малының пірі не? (Қамбар)
3-слайд. Құлақтан
4-слайд. Жылқыға қатысты қандай мақал-мәтел білесің?
5-слайд. Кіріп
6-слайд. Қазақта жылқы малының қатысуы мен ойналатын қандай ұлттық ойындар бар?
7-слайд. Бойды
8-слайд. Батырлардың сенімді серігі не?
9-слайд. Алар
ІV. Жаңа сабақ.
- Балалар , мінекей алдарыңда берілген сұрақтарға жауап бергенде бірнеше сөздер шықты, сөздерді бір-бірімен байланыстырып жаңа тақырыпты шығарып алып тұрмыз.
Ақын жоқ қой Абайға табынбаған,
Өлең арнап жүрегі жалындаған,
Қай қиырда жүрмесін ,туған елі.
Болса екен деп тілейді дауыл да аман.
- Мінекей, балалар бүгінгі өтетін тақырыбымыз Абай атамыздың «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңімен танысамыз.
10-слайд. Дәптерлеріңді ашып бүгінгі күннің жадын жазыңдар.
а) Мағынаны тану.
- Балалар, құлақтан кіріп ,бойды алатұғын не нәрсе деп ойлайсыңдар?
- Ән-күй
-иа,дұрыс айтасыңдар,Абай атамыз музыка өнеріне көп көңіл бөлген. Сондай өлеңдердің бірі «Қөзімнің қарасы» өлеңін электронды оқулықтан тыңдаймыз.
(Электронды оқулықтан ән тыңдалады).
Дәстүрлі халық сазы Абай әндеріне негіз болса , сонымен қатар Семейде орыстың ән-сазын , романстарын естіп жүрді. Орыс достары ,Петербургте оқыған баласы Әбіштің орыс халық сазы

мен жақсы таныс болуы Абайға әсер етті. Өз өлеңдерінде және аударма өлеңдерінде ән шығарды. Ол өлеңдердің тізімін интерактивті тақтадан көреміз.
Абай әндерінің тізімі:
1. «Сегіз аяқ».
2. «Бойы бұлғаң».
3. «Қор болды жаным».
4. «Көзімнің қарасы»
5. «Желсіз түнде жарық -ай».
6. «Жарқ етпес көңілім, не қылса да».
7. «Ата-анаға көз қуаныш».
8. «Біреуден біреу артылса».
9. «Әсемпаз болма әр неге».
10. «Сұрғылт тұман, дым бүркіп» (М.И.Глинкадан)
11. «Татянаның хаты»
12. «Қараңғы түнде тау қалқып»
13. «Мен көрдім ұзын қайың құлағынан» . (И.А.Криловтан,романс) т.б
«Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңін оқып, түсіндіремін. 5-6 оқушыға мәнерлеп оқытқызамын,
талдап, әдеби теориялық ұғымдарды тапқызамын.
V.Топпен жұмыс.
Екі топқа сынып бөлінеді.
1-топ. Абай өлеңдерін жасыру, өлеңдерінің атын , жалғасын табу.
2-топ. Абай өлеңдері беріледі, соның ішіндегі сөздерді алып мақал –мәтел тапқызу.
VІ. Оқулықпен жұмыс.
«Кім жылдам» ойыны
«Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңіндегі сөздерді алып орысша, ағылшынша аудармаларын табу.
ә) Топтастыру
ақыл-ойдың данасы сазгер

ақын АБАЙ аудармашы

табиғат жаршысы

VІІ. Үйге тапсырма.
1. «Құлақтан кіріп, бойды алар »өлеңін оқып келу.
2. «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар»тақырыбына ойтолғау жазып келу.
VІІІ. Бағалау.
Әр топтың топ басшысымен бірге отырып бағалау.
Ұлы Абай- қазағымның беделі,
Ұлы Абай -кең дүниенің есігі,
Өлең-жырдың ,қарасөздің бесігі,
Заманының дарасы ол данасы,
Абайды білсін қазақтың байтақ даласы,
Абайды оқы, қазақтың барлық баласы! –деп сабағымызды аяқтаймыз
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.