Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ақсақ құлан Жошы хан -

Ақсақ құлан Жошы хан

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 458 | Просмотров: 3775 | Размер: 15.7 Kb | Автор:
. Сыныбы: 5 — сынып
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Ақсақ құлан, Жошы хан
Білімділік мақсаты: «Ақсақ құлан, Жошы хан» аңызы, Кет-Бұға күйшінің
Жошы өлімін естіртуі, «Ақсақ құлан, Жошы хан»
күйінің шығу тарихы туралы түсінік беру.
Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау,
өз бетімен ой қорытып, топшылауға баулу
Тәрбиелік мақсаты: Аңыз әңгіме арқылы ұлы адамдар өмірін өнеге ете
отырып, өнер құдіретін түсінуін, адамгершілік рухта
тәрбиелеу, тапқырлыққа баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Әдісі: Ой қозғау, автор орындығы , әңгімелеу, сұрақ-жауап, пікірталас, баяндау.
Пәнаралық байланыс: музыка, кино өнері, бейнелеу, тарих, өзін-өзі тану, қазақ тілі
Оқыту құралдары: мультфильм.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Шаттық шеңбері. Бір-біріне сәттілік тілеуден басталады.
Суреттер арқылы топқа бөлінеді. Топ басшыларын сайлап алады.Өзін-өзі бағалау парақшалары беріледі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау . Автор орындығы арқылы үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ
Ой шақыру
«Қазақфильм» киностудиясында Әмен Хайдаровтың басшылығымен түсірілген «Ақсақ құлан» мультфильмінен үзінді көрсету.
Жетелеу сұрақтары:
Бұл мультфильм бізге таныс па?
Не туралы мультфильм?
Жаңа сабақтың тақырыбы: «Ақсақ құлан,Жошы хан» аңыз әңгімесі
Мағынаны тану: Үнтаспадан «Ақсақ құлан» күйі тыңдалды. Күй арқылы айтқан жыр оқылады.
«Ақсақ құлан, Жошы хан» әңгімесінің фабуласын айту, әңгімеде тарих парағына шегініс. Тарихи тұлға – Жошы хан 1187 -1227 өмір сүрген. Ол атақты моңғол билеушісі Шыңғыс (Темучин) ханның үлкен ұлы. Қазақ елінің билеуші ханы болған. Кет-Бұға күйші, найман руынан шыққан жырау.
Топтық тапсырмалар:
І топқа: Әңгіменің жоспарын құру.

ІІ топқа: Әңгіме кейіпкерлерін тауып, сипаттау.

ІІІ топқа: Мәтіннен мағынасы түсініксіз сөздерді табу.
(Барлық тапсырмалар көпшілік алдында қорғалады.)

Сөздік жұмысын жүргізу.
Ашамай – тайға мінетін бала ері.
Әңгі – аталық құлан
Кіреуке – сауыт
Қаһан – хан
Мүрде – қайтыс болған адамның денесі
Наркескен – қылыш
Баһадүр – батыр.
Естірту-Кет –Бұға күйшінің хан ұлының өлімін естіртуі
Жоқтау-Шыңғыс ханның ұлын жоқтауы
Тапсырмалар мен сұрақтар
Бұл аңыздағы басты кейіпкерлер кімдер?
Тағықандайкейіпкерлератыаталады?
Кет-Бұғакүйшіәміршісарайында неге отыр? Олмұнданендейжұмыспенкелген?
КүйшіқаһарлыШыңғысханғасүйіктіұлыЖошыныңқазасынқалайестіртті?
«Қаралыхабарайтушыныңжазасы — өлім». Бұл – хан жарлығы.
Кет-Бұғакүйшініажалданарашалапқалғанқандайқұдірет?
Осы әңгімеденненіұқтық, қандай ой түйдік?
Пікірталас (дебат) -Негізгі кейіпкерлер кімдер?
-Хан, күйші.
-Қай кейіпкер ұнайды? (Екі топқа бөлініп, өз кейіпкерлері туралы ой айту).
1топ. Шыңғыс ханды таңдайды. Мінездеме береді. (Ол ақылды аңғарымпаз, күйді түсіне біледі.)
2-топ. Кет-Бұға күйшіні таңдайды.
Қаһарлы ханнан қаймықпай ұлының қазасын, ажалын естіртті. Күйді сөйлете білді.
Қорытындылау. ББҮ кестесі бойынша
Білемін Білдім Үйренгімкеледі
ТарихпәніненШыңғыс хан туралыбілемін

Ой қозғау
Баласының өлімін әкесіне қалай естіртер едіңдер? (Проблемалық сұрақ)
“Әңгімедегі бақытсыз жан
тақырыбында 5 минуттық эссе жазу.
Толғаныс сәті:
-Балалар, біз:
-Нені үйрендік?
-Неге үйрендік?
-Қалай үйрендік?
Үй тапсырмасы:
 Оқып түсінгенін айту және әңгіме желісі бойынша сурет салып келу
Бағалау.
“Ақсақ құлан” күйінің шығу тарихымен таныстым


Қазақ күйлерінің шығу тарихын білгім келеді
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.