.
.
Сабақтың тақырыбы: Абайдың қарасөздері (№6,19,25,29,33,37) Абайдың қарасөздері
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 460 | Просмотров: 2988 | Размер: 22.3 Kb | Автор: ТәрбиеСабақтың мақсаты: Қарасөздердің мазмұнын меңгерту. Оқушыларды
шығармашылыққа,ізденіске баулу,оқушының өзіндік пікірінің
қалыптасуына ықпал жасау. Абай еңбектерін оқу арқылы
адамгершілігі мол, ғылым-білімді жан-жақты меңгерген,
көкірегі ояу, елін,жерін сүйетін азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірме материалдар.
Сабақтың жүрісі: І.Ұйымдастыру
ІІ.Өткен материалдарды қайталау.
Абай
ІІ.Жаңа сабақ.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Бүгінгі сабақта Абайдың философ екенін дәлелдейтін өмірінің соңғы кездерінде жазылған еңбегі қарасөздерімен танысамыз. Абайдың І-ші сөзін оқи отыра түсіндіру.
- Абай қарасөз жазудағы өз мақсатын осылай түсіндіреді. Қарасөздері арқылы кейінгі ұрпаққа ақыл-өнеге, өсиет, ғибрат қалдыруды көздейді.Бүгінгі сабағымызда сөз еткелі отырған №6,19,25,29,33,36 қарасөздерін әр топтан жекелеген оқушылар түсіндіріп береді.
І топ - №6,19 сөз
ІІ топ - №25,29 сөз
ІІІ топ - №33,37 сөз
Тапсырма концептуалдық кесте толтыру.
І топқа
Абайдың қарасөздерінің ұнаған тұстары Себебі
ІІ топқа
№ Абайдың сөзі Абайдың айтпақ ойын анықтайтын мағыналас мақал- мәтел табу
1 Жаман дос-көлеңке.
Басыңды күн шалса,
Қашып құтыла алмайсың.
Басыңды бұлт алса,
Іздеп таба алмайсың.
2 Әкесінің баласы- адамның дұшпаны,
Адамның баласы- бауырың.
ІІІ топқа
Р/с Абай пікірі Сенің пікірің
1. Егерде мал керек болса қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды.
2. Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым , ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрсе мен оздым ғой демектің бәрі де ақымақшылдық.
Ортақ тапсырма
І.Тапсырма «Егер мен ақын болсам» (ой толғау)
ІІ.Абайдың нақыл сөзге,мақал-мәтелге арналған қандай сөзін білесің?
Мысалы: Еңбек етсең,ерінбей
Тояды карның тіленбей.
ІІІ. Тест (10 сұрақ)
1.Абай өмір сүрген жылдар?
а)1841-1900ж ә)1842-1901 ж б)1843-1902ж в)1844-1903ж г)1845-1904ж
2.Ақ қағаз бен қара сияны ермек қылып,жаза берейін.... Абайдың нешінші қарасөзі?
а)1 ә) 5 б)10 в) 15 г) 20
3.Әкесі Абайды неше жасында қай қалаға оқуға жіберді?
а) 7 жас Тараз ә) 8 жас Семей б) 9 жас Торғай в) 10 жас Семей г) 11 жас Омбы
4. Ей, жігіт, не қылсаң да ер екенсің,
Көргейсің ерлігіңнің берекесін. Қай поэмасынан үзінді?
а) «Масғұт» ә) «Медғат - Қасым» б) «Мұтылғанның өмірі» в) «Ескендір» г) Еңлік - Кебек»
5.Абай алғаш өлеңдерін қай ақынның атынан жариялап отырды?
а) Барлас ә) Байкөкше б) Көкбай в) Жамбыл г) Жанатай
6.Бала болдың, жас болдың,
Жалғандыққа ермедің. Өлеңін кімге арналған?
а) Әбішке ә)Мағашқа б) Шәкәрімге в) Шүкіманға г) Ерболға
7.Абайдың қанша поэмасы бар?
а) 1 ә) 2 б)3 в) 4 г) 5
8. «Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап оқы көңілге!»
а) Сағат Әшімбаев ә)Сұлтанмахмұт Торайғыров б) Сәкен Сейфуллин в) Сырбай Мәуленов
г) Сәбит Дөнентаев
9.Абай жеңгелерін кім деп атаған?
а) Шырақ ә) Кенжем б) Сұлу жігіт в) Телқара г) Оқымысты
10 .Бұл - адам көз сүйегі, - деді ханға,
Тоя ма адам көзі мың мен санға?! – Абайдың қай поэмасынан үзінді?
а) «Адасқанның алды жөн,артық соқпақ» ә) «Ескендір» б) «Есіңде барма жас күнің»
в) «Бәйшешек бақшасы г) «Еңлік - Кебек»
ІV. Қорытынды
V. Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.