.
.
10 «а» және 10 «в» сыныбына арналған «Абайтану» курсының тақырыптық-күнтізбелік жоспары «Абайтану» курсының тақырыптық-күнтізбелік жоспары
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 718 | Просмотров: 8896 | Размер: 19.9 Kb | Автор: Тәрбие№ № Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Ескерту
10а 10в
І тоқсан. 9 сағат
1 1 Кіріспе. Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла 1
2 2 Абай мұрасының ХХ ғасырдың 30-60жж зерттелуі 1
3 3 Ғалымдардың Абай еңбектеріне қатысты ой-пікірлері 1
«Абай шығармаларындағы білім, өнер тақырыбы» тарауы. 6 сағат
4 4 «Талапты ерге нұр жауар»
32-қара сөзіндегіғылым, білім үйренудің мақсатын айқындауы, ғылым-білімді іске жарату, оны ақиқат мақсатпен үйренуге назар аударуы, хақиқат, ақыл, бахас ұғымдары жөніндегі танымы
5 5 «Талапты ерге нұр жауар»
6 6 «Еңбек етсең ерінбей»
отыз үшінші қарасөзінде қазақтың қолы өнерлі адамын Абайдың әулие санауы, жастарға артық ісмерлер іздеп, өнер арттыруды, түзден өнер іздеуге бағыт-бағдар көрсетуі, қолөнерді дамытуға кері әсер ететін талапсыздық, еріншектік, мақтаншақтық, тамыршылдық кеселдерінен сақтануды айтуы
7 7 «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі
өлеңнің идеясы, өлеңге қойған эстетикалық талабы, ақындықтың мұрат-мақсаты туралы, поэзияның қоғамдық мәні мен міндетіне зор маңыз беруі, аят, хадис, бәйітсымал, мешіт, мінәжат, уәли сынды дін деректерімен өлеңнің бағасын халық ұғымына түсінікті етіп айтып беруі, сөздің асылы ретінде поэзияны жоғары бағалауы;
8 8 «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі
9 9 «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі
поэзияның әлеуметтік мәні жөніндегі тың түйіні, пікір сонылығы, бейнелеу, айту ерекшелігі, ақынның «өлеңі бар, өнерлі інілеріне» жөн-жоба көрсетуі.
ІІ тоқсан. 7 сағат
«Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер» тарауы. 7 сағат
10 1 «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі
Өлеңінде ақынның түнгі табиғат көріністерінің әсем суретін поэзия тілімен өрнектеуі, ақын кейіпкерлерінің сезім толқыныстарын табиғат құбылыстарымен астастыра бейнелеуі;
11 2 «Қараша, желоқсанмен сол бір-екі ай» өлеңі
өлеңіндегі Абайдың өз тұсындағы қоғамдық, тұрмыстық жүйеге көзқарасы, елдің шаруашылық әрекеті, тіршілік тәсілі, табиғат қабағын баққан мінезін суреттеу шеберлігі;
12 3 «Көлеңке басын ұзартып» өлеңі
ақынның адам көңіл күйін шебер суреттеуі, ақынның тыңдаушысын таппай қапаланған шағындағы сезім толғанысы, ақынның философиялық ой түйіні;
13 4 Абай қарасөздеріндегі еңбек туралы таным мен толғам
14 5 37-қарасөзіндегі Абайдың дүниетанымдық көзқарастары
Адам болмысы жайындағы танымы, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарды түсіндіруі, ақынның көңілде жүрген көрікті ойларын мақал-мәтелмен өрнектеуі
15 6 «Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа» өлеңі
ақынның адал еңбекпен мал табуды насихаттауы, ар-ұяттан безген тойымсыз би, болыстарды шенеуі, адамның үш асыл қасиеті ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек деген ой түйіні
16 7 «Түбінде баянды еңбек егін салған» өлеңі
ақынның жас ұрпақты еңбек етуге, отырықшылдыққа шақыруы, оқу оқып, білім алуға, білімін халықтың қажетіне жаратуға үндеуі.
ІІІ тоқсан. 10 сағат
«Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек» тарауы. 6 сағат
17 1 «Би екеу болса, дау төртеу болады»
үшінші қарасөзіндегі халық мүддесіне қызмет ету жөніндегі пікірлері, биліктің құрылымы жөнінде ой айтуы, үшінші сөздің көсемсөз (публицистика) жанрына жататындығы
18 2 ақынның саяси-әлеуметтік болмыс туралы толғанысы;
19 3 «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңі
өлеңнің идеялық мәні, Абайдың қазақ қоғамындағы әділетсіздік, зұлымдық іс-әрекеттер жайындағы ойлары, алуан түрлі адамдардың психологиясын суреттеу шеберлігі;
20 4 «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» өлеңі
Абайдың сол дәуірдегі қоғамдық-әлеуметтік топтардың іс-әрекетін әшкерелеуі, еңбексіздікті, алармандық мінез-құлықтарды сатира тілімен сынауы, ақынның алдамшылық, жәдігөйлік, айлакерлікке қатысты байламы, өлеңдегі түйінді ой;
21 5 «Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап» өлеңі
ақынның өрелі ойы, ел жағдайы туралы ой қорытуы, ақынның қосанжар өмір құбылысын салыстыруы, ақынның айтқалы отырған негізгі ойы;
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.