.
.
Аңқаты жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Амангул Жаксылыковна Нахуанованың қолданбалы курсқа арналған авторлық бағдарламасы. Қазақ әдебиеті. Жыраулар поэзиясындағы көне сөздер
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 473 | Просмотров: 4058 | Размер: 196.5 Kb | Автор: ТәрбиеБатыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Аңқаты ауылы.
Түсінік хат.
Жыраулар поэзиясы- өздері өмір сүрген тарихи кезеңнің жемісі. XV-XIXғасырларда өмір сүріп, сол кезеңнің зор дүбірлі тарихи оқиғаның жалынды жыршысы, насихатшысы да болды. Жыраулар – халық бірлігін, ел тыныштығын тілеген жауынгер, күрескер ақындар. Олардың жырларының арқауы- ел тағдыры, ел жайы, халық тілегі. Өз толғауларында заманының көкейкесті мәселелерін көтеріп, Отанын сүю, халықты бірлікке үндеу, ел қорғаны батырларды ардақтау, оларды халқына үлгі ету, татулыққа шақыру, елдің бейбітшілігін, тыныштығын сақтау сияқты әлеуметтік аса маңызды мәселелерді сөз етті. Жыраулар поэзиясында бұл күнде ұмыт бола бастаған немесе мүлде ұмытылған, я болмаса мағынасы өзгерген сөздер мен тіркестердің кездесуі табиғи да, заңды. Сондай сөздердің сырын біліп, қолданылған жердегі мағынасын түсіну, олардың түп-төркінін танып отыру өте қажет.
Уақыт өте келе әр заманның өз талабына сай осы көнерген сөздердің мағынасы ұмытыла бастаса да, «дәстүрдің озығы бар, дәурені өткен тозығы бар» дегендей, бұларды қайтадан жаңғыртып, қазіргі ұрпақтың есіне салу әрбір адамның міндеті деп білемін.
Осы жұмысты жазуда оқушылардың іскерлік машықтарының шыңдалуына, әдебиет пәніне деген қызығушылықтарының артуына, шығармашылық ойлау деңгейлерінің көтерілуіне ықпал етуге тырысамын. Осындай ізденістің, шығармашылық жұмыстың нәтижелері талантты ұстаздың қажетіне жарар деген ниетпен осы еңбекті ұсынамын.
Пәннің мақсаты - XV-XIX ғасырда өмір кешкен жыраулар поэзиясындағы көне сөздердің шығу төркінін анықтау, кірме сөздерді ажырату, сөз мағыналарын ашып көрсету. Оқушының теориялық білімін практикамен ұштастыру, тіл дамыту мақсатында оқушыларға көркем шығарма оқытылып, оқиғалы шығарма мазмұнына қарап сурет салу, түрлі еркін тақырыптарға шығарма жазу. Сондай-ақ, ұйқас туралы түсінік беру, өлеңдерге талдау жасау, жыраулар мақамымен оқушылар өз бетінше өлең құру сияқты тәсілдер қолданамын.
Жыраулар поэзиясында халық даналығы, терең философия, ой жатыр.Сондықтан ойлы шәкірт қоғамда өз орнын ойып алары анық. Әдебиетті оқу арқылы бала шәкірт үлкен өмірде өз бетімен өмір сүруге үйренеді деп ойлаймын. Сондықтан бағдарламаны оқыту барысында қызықты пікірталастар, кездесулер, саяхаттар, оқырмандар конференциясы өткізіліп тұрады.
Тақырыптық жоспар.
Қазақ әдебиеті. Жыраулар поэзиясындағы көне сөздер.
(Аптасына – 2 сағат, жылдық сағат – 68 сағат)
10-11-сыныптар үшін.
№ Тақырыптың аты Сағат саны Әдіс-тәсілдер Өтілетін күні.
1 І.Кіріспе. XV-XIX ғ.ғ. жыраулар поэзиясы. 1 «Бастау» газетінің жылдық жоспарымен таныстыру, алқаларды сайлау. Шолу, әңгімелесу, талқылау.
2 Асан – өз заманының асқан ақылгөйі. (XVғ.) 2 Талдау, ой толғау, жеке,топпен жұмыс.
3 «Есті десең кем деме» 1 Өлеңнің ерекшелігіне тоқталу.
4 Қазтуған жырау – қызыл тілдің шешені. (XVғ) 2 СТО әдістерін пайдалану.
5 «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауы. 1 Толғай тіліне талдау жасау, мақамы бойынша өлең шығару.
6 Доспамбет жырау (XVІ ғ.) 2 Оқу, талдау.
7 «Қоғалы көлдер, қом сулар» 1 Мәнерлеп оқу.
8 Шалкиіз жырау (1465-1560) 2 «Ұқсастық және даралық» әдісі
9 Би Темірге бірінші (толғау) 1 Зерттеу, талдау.
10 Жиембет жырау –әскербасы,әрі әйгілі ақын.(XVІІ ғ.) «Еңсегей бойлы ер Есім» 3 «Түртіп алу» тәсілі.
11 Өзіндік жұмыс 1 І топ- «Ой толғау», ІІ топ – «Сыр толғау», ІІІ топ- «Жыр толғау»
12 Ақтамберді жырау (1675-1768 ж.ж.) «Күлдір-күлдір кісінетіп». 3 Мәнерлеп оқу, жырау мақамы
бойынша жыр жазу.
13 Үмбетей жырау (1706-1778 ж.ж) «Бөгембай өліміне» 3 Іздендіру, пікір айту.
14 Бұқардың жыраулық өмірі мен өнері. 2 Кең ауқымды дәріс
15 Бұқар жырау толғауларындағы Абылай бейнесі 1 «Талқылау кестесі»
16 Жыраулар поззиясының тілдік көркемдеуіш құралдары мен түрлері.(Теңеу, эпитет,метафора) 2 «Жыршылар тағылымы» «Жас жыраулар» сайысы.
17 Баяндама жазу. 1 Маған ұнаған жырау өмірі мен жырлары.
18 Жыраулар толғауларындағы көркемдік тәсілдер. 1
19 Кейбір сөздердің мағыналарының өзгеруі. 2
20 Тест жұмысы. 1
21 Қорытынды сабақ 1
11-сынып.
1 ІІ.Жыраулар поэзиясындағы көне сөздердің лексикалық топтары. 1
2 Әскери атаулар. 2 Терминологиялық сөздікпен жұмыс.
3 Әкімшілік атаулар. 2 Түсіндірме сөздікпен жұмыс.
4 Тұрмыстық зат атаулары. 2 Көркем әдебиетпен өз бетінше жұмыстану.
5 Аң-құс атауы. 2 Пәнаралық байланыс.Жануартану пәні бойынша.
6 Табиғат құбылысы атаулары 2 Пәнаралық байланыс. Көркем суретке қарап,жыраулар тілін пайдалана отырып, мәтін құру.
7 Заттың сын-сипатын білдіретін атаулар. 2 «Түсін мені» ойыны.
8 ІІІ. Жыраулар поэзиясындағы көне сөздердегі лексикалық қабаттар. 2
9 Араб, парсы тілдерінен енген сөздер. 2 Этимологиялық сөздік.
10 Монғол тілінен енген кірме сөздер. 2 «Проблемалық саудалас» әдісі.
11 Қытай тілінен енген көне сөздер. 2 Зерттеу.
12 Түркі тілдеріне ортақ сөздер. 2 Жинақтау, талдау.
13 IV.Жыраулар поэзиясындағы көне сөздердің мағынасының кеңеюі мен көркемдік тәсілдері. 2
14 Кейбір сөздердің мағыналарының өзгеруі. 2 Ізденіс жұмысы.
15 Жыраулар толғауларындағы көркемдік тәсілдер. 2 Жырдың тіліне, көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасау, стиліне тоқталу.
16 Тест жұмысы. 2 Білімдерін жинақтау.
17 Өзіндік жұмыс 1
18 Баяндама жазу. 1
19 Қорытынды 1 «Бастау» газетінің жылдық есебі. Жариялымды тарату.
Авторлық бағдарлама негізінде мынадай шығармашылық жұмыстар жасалады. Мақсаты: өзекті мәселелер туралы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, арттыру, әдеби тілде сөйлеуге баулу, жас ақындар, жазушыларды табу, бағыт беру.
Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін жандандыруда ақпараттық әдіс-тәсілдерді пайдаланудың өзекті мәселелерін іске асырып, шығармашылық дағдысын дамыту – әр мұғалімнің басты ұстанымы болмақ.
«Бастау» газетінің шығармашылық іс-әрекеті.
Газет редакторы:
Тілшілер:
Ақындар:
Мақалашылар:
Таратушылар:
Пайдаланылған әдебиеттер.
1.Айғабылов А. Кейбір сөз сырлары // Қазақстан мектебі,1981, №3,/71 б/.
2. Әбіласов Ә. Көне сөздер құпиясы: Тарихи зерттеу. – Алматы, Ана тілі, 1995, /80б/.
3. Байжанов Т. Қазақ тіліндегі әскери лексика.- А., «Рауан», 1991.
4.Жүнісов Д. Өзен-көл атаулары.- А.,1991.
5.Нұрмағамбетов Ә. Бес жүз бес сөз.- Алматы, «Рауан», 1994.
6. Нұрмағамбетов Ә.Сөз сырына саяхат. – Алматы, «Жалын», 1990.
7.Рүстемов Л. Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері. – Алматы, 1994.
8.Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. – Алматы, 1966.
9. Оңдасынов Н. Арабша-қазақша түсіндірме сөздік, І,ІІ том.
10. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, Х том.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.