.
.
Елубаева Лена Біржан сал Қожағұлұлы әлеуметтік өмір жыршысы.
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 286 | Просмотров: 3317 | Размер: 35.7 Kb | Автор: ТәрбиеҚызылорда қаласы.
Қараөзек ауылындағы
№39 «Қызылөзек» орта
мектебінің мұғалімі
Біржан сал Қожағұлұлы әлеуметтік өмір жыршысы.
Сабақтың мақсаты:
А/ Білімділік: Біржан сал Қожағұлұлы шығармаларына шолу жасай отырып, шығармаларының қыр-сырларын меңгертіп, өз бітінше ізденуге, мазмұнына тереңдей бойлату, өлеңдеріне жан-жақты талдау жасай отырып тақырыбын ашу.
Ә/ Дамытушылық: Оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру, өлеңнің мазмұнын талдап , идеясын аша білу қабілетін дамыту.
Б/ Тәрбиелік: оқушылардың өлеңге, әнге деген сүйіспеншіліктерін оята отырып , мәдениеттілікке , еңбек сүйгіштікке, елжандылыққа, ұқыптылыққа, бір-бірінің сөзін сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, Біржан сал шығармалары, кестелер
Сабақтың әдіс –тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка
Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: интеграцияланған сабақ
Сабақтың барысы: А/ Ұйымдастыру.
Ә/Оқушылардың назарын сабаққа аударып, оқу-құралдарын түгендеу.
Б/ Үй тапсырмасын сұрау
В/ Жаңа сабақ
«Біржан – бұрын –соңғы қазақтың сал-сері ақындарының ағасы, ұстазы, жанашыр өнерпазы. Өнер дамыған сайын Біржан мұрасы мәңгі бірге жасамақ»
Есмағамбет Ысмайлов
Топпен жұмыс
І тапсырма
І топ Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен өскен ортасы.
ІІ топ. Біржан деп атым шықты алты алашқа
ІІІ топ Біржанның айтыскерлігі
ІІ тапсырма Кестемен жұмыс
І топ
тақырыбы өлеңнің аты Шығу тарихы Идеясы
Қоғамдық әлеуметтік мәселе Жанбота Ел билеуші есер Жанбота мен өнер сүйер Біржан арасындағы қақтығыс Ел билеушілердің әділетсіздігін, екі жүзділігін ашып көрсету
Ақынның жан дүниесі, сезім лирикалары
ІІ –ІІІ топтар
Өте қатты әсер еткен шумақ өз пікірім
Теміртас,Асыл,Ақық балдан тәтті,
Кем қылмай өсіріп ем салтанатты
Әкең ем аяйтұғын жаның ашып,
Шешсеңші, білегіме арқан батты.
ІІІ тапсырма
Өлеңдерінің шығу себептеріне тоқталу, жатқа оқу
1. Жанбота
2. Ләйлім шырақ
3. Ақтентек
4. Жайма-шуақ
5. Теміртас,Асыл,Ақық балдан тәтті
ІУ тапсырма.
І топ Өлең құрылысына талдау жасау.
ІІ топ Эссе «Біржан сал –қазақ ән жырының шамшырағы»
ІІІ топ . Біржан өлеңін әнімен орындау.
У тапсырма
Біржанның айтыскерлігі. «Біржан –Сара» айтысы.
а/ шөже ақынмен сөз қағыстыруы
ә/ Нұрғайша қызбен әзілі
б/ Орынбай, Бабақпен сөз жарыстыру
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Біржанның өзіне дейінгі ақындардан өзгешелігі неде?
2. Біржан өлеңдеріндегі қоғамдық әлеуметтік мәселелер нені аңғартады?
3. Біржан өмірінің мәні неде?
4. «Теміртас» өлеңіндегі шындыққа психологиялық талдау жасаңдар.
Сабақты қорытындылау, оқушылар білімін бағалу.
Үй тапсырмасы: Біржан өмірі мен шығармашылығын оқу, өлеңдерін жаттау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.