.
.
Сабақ №1 Лиро-эпостық жырлар. «Қыз Жібек» жыры
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 667 | Просмотров: 10660 | Размер: 355.5 Kb | Автор: ТәрбиеПән: Қазақ әдебиеті Күні: 9 қазан
Сынып: 9 «а»
(14-15 жастар) Барлық оқушылар: 9
Қатысқаны: 9
Тақырыбы: Лиро-эпостық жырлар. «Қыз Жібек» жыры
Сілтеме: Бағдарлама, күнтізбелік жопар, Ақшолақов Т, Жұмажанова Т, Қалиев С, Дүйсебаев С. Қазақ әдебиеті, 9 сынып. - Алматы: «Мектеп» 2005
Жалпы мақсаттар: Лиро-эпостық жырлар жайында мағлұмат, «Қыз Жібек» жырының шығу тарихымен танысу, әдеби тіл байлықтарын арттыру, адалдыққа баулу.
Ресурстар: Слайд, бейнетаспадан үзінді, плакаттар, түрлі-түсті маркерлер, бағалау парағы
Әдіс-тәсілдері: Тәсілі: жекелей, жұппен, топпен
Әдісі: «Мозаика», «Аялдама», «Ой толғаныс, зерттеу», постер құру, Венн диаграммасы, шығу парағы.
Оқыту нәтижелері: Мозайканы құрастыру арқылы тақырыпты анықтайды, өз ойларын жеткізеді, пікір алмасады, зерттеу жүргізіп, пікір білдіреді, салыстыра алады, тұжырым шығарады, ойларын қорыта алады, топпен ынтымақтастықта жұмыс жасап үйренеді.
Түйінді идея: Қазақ халқының даналығын туғызған асыл жырлар.
Сабақтың барысы: Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау
Ұйымдастыру
кезеңі: Кезекшіні анықтап, оқушыны түгендейді.
«Жылы сөз» шеңберін құру арқылы жағымды тілек айту.
Батырлар жыры мен лиро-эпостық жырлардың атауы бойынша топқа бөледі.
Бағалау парағын таратады. Бір - бірімен амандасу түрлері арқылы көңіл күйлерін көтереді.
Оқушылар шеңбер болып тұрып, көршісіне әр түрлі жылы сөз, жағымды тілектер айтады
Шағын 2 топ құрады.
Үй тапсырмасын тексеру. «Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтайды. Әр топтан бір оқушы шығып, ыстық орындықтың сұрақтарына жауап береді.
Топтың мүшелері сұрақ қояды. Мадақтау
«Жақсы»
«Дұрыс»
«Жарайсың»
Жаңа сабақ.
«Мозаика» әдісі.
Қима қағаздар таратып, сабақтың тақырыбын анықтатады.
Кітаптан бүгінгі тақырыпты қарап шығуды тапсырады.
Әр топқа «Аялдама» әдісі бойынша сұрақтар таратып береді
1. Лиро-эпостық жырлардың тақырыбы не?
2. Лиро-эпостық жырлардағы басты кейіпкерлер кімдер?
«Қыз Жібек» жырынан үзінді көрсетеді.
Жырдың тарихын білу үшін ой қозғау.
Сергіту сәті.
Бой жазу жаттығуына арналған бейне жазба қойылады. Мозайканы құрастыра отырып, тақырыпты анықтайды.
Аялдамадағы сұрақтарға топ болып, бірлесе жауап жазады.
Жырдың тарихы туралы интернет желісінен мәлімет іздейді, постер құрады, қорғайды.
Жаттығуды қайталай отырып жасайды.
«Бас бармақ» арқылы бағалау
«Үш шапалақ» арқылы бағалау
Сабақты бекіту. Лиро-эпостық жырлар мен батырлар жырын салыстыру.
Венн диаграммасы.
Салыстыра отырып, тұжырым шығарады, топпен ынтымақтастықта жұмыс жасайды.
Топтың бағалауы
Үй тапсырмасы. «Қыз Жібек» жырын оқып, мазмұндап келу.
Оқушылар күнделікке жазады.
Сабақты бағалау. Бағалау парақтарын ескеріп, жиынтық баға шығарады.
Бағалау парағын тапсырады. Жиынтық бағалау
Рефлексия
Слайдтан «Шығу парағының» сұрақтарын көрсетеді.
Сұрақтарға жазбаша жауап жазып, «Сабақтан алған әсерім» қабырға газетіне іледі.
Сабақ №1
Пән: Қазақ әдебиеті Күні: 10 қазан
Сынып: 9 «а»
(14-15 жастар) Барлық оқушылар: 9
Қатысқаны: 8
Тақырыбы: «Қыз Жібек» жыры.
Сілтеме: Бағдарлама, күнтізбелік жопар, Ақшолақов Т, Жұмажанова Т, Қалиев С, Дүйсебаев С. Қазақ әдебиеті, 9 сынып. - Алматы: «Мектеп» 2005
Жалпы мақсаттар: «Қыз Жібек» жырының мазмұны мен идеясын ашу, ой-өрісін кеңейту, адамгершілікке тәрбиелеу.
Ресурстар: «Қыз Жібек» әуені, үлестірмелі парақшалар, түрлі-түсті маркерлер, бағалау парағы, АКТ.
Әдіс-тәсілдері: Тәсілі: жекелей, жұппен, топпен
Әдісі: Ой шақыру, ЖИГСО, топтастыру, кластер құру, тұжырым кестесі,
сұрақтар шеңбері, ББҮ
Оқыту нәтижелері: Ой белсенділігі дамиды, мазмұнын, идеясын толық меңгереді, жыр кейіпкерлерін біледі, жоспар құра алады, дәлел айтады, шығармашылық қабілеттері артады, сыни тұрғыдан ойланады, өз ойларын жеткізеді, бүгінгі сабаққа дейін не білетіндерін, не білгендерін, не білгісі келетіндерін жеткізе алады, топпен, жұппен жұмыс жасайды, бағалай біледі.
Түйінді идея: Екі жас қосылса - жанұя, екі өзен қосылса - дария
Сабақтың барысы: Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау
Ұйымдастыру
кезеңі: Ынтымақтастық атмосферасын құрады.
«Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әнін шаттық шеңберінде орындатады.
Жыр кейіпкерлері (Төлеген, Жібек) есімімен топқа бөледі.
Бағалау парағын таратады.
Оқушылар өлеңді қосылып айтады.
Шағын 2 топ құрады.
Үй тапсырмасын тексеру. Оқушыларға кәмпит және кәмпиттің қағазында оралған сұрақтарды шашады.
Қолдарына іліккен кәмпиттің сұрақтарына кезектесіп жауап береді.
Жаңа сабақ.
Халық жадында мәңгі сақталған ару қыздардан кімдерді білеміз?
Ой шақыру.
«Қыз Жібек» фильмінен үзінді көрсетеді.
«Жигсо» әдісі бойынша шығарма мазмұнын баяндау.
1 топ. Жыр кейіпкерлерін топтастыру.
Жыр кейіпкерлері
2 топ. Жыр бойынша жоспар құру.
Сергіту сәті. «Мен қандаймын?»
Сергіту сәтін қалай орындау керек екендігін түсіндіреді.
Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен адами қасиеттері жайлы тұжырым кестесін таратып береді.
Оқушылар ойларын ортаға салады.
Жыр бойынша топтағы әр оқушы өз бөлімдерін айтып береді.
1 топ. Кейіпкерлерді топтастырады.
2 топ. Жоспарға кластер құрады.
Оқушылар 1-ден 10-ға дейінгі сандарды бір мезгілде екі қолымен жазады.
Кітаппен жұмыс жасайды, сыни тұрғыдан ойланып, бірлесе отырып кестені толтырады. Мадақтау
«Бас бармақ»
Жетондар арқылы бағалау
Бағалау парағы арқылы
Сабақты бекіту. «Сұрақтар шеңбері» әдісі арқылы оқушыларды шеңберге тұрғызады. Шеңбер бойымен бір-біріне бүгінгі тақырып бойынша сұрақтар қояды.
Үй тапсырмасы. Төлегеннің әуеде ұшқан алты қазбен қоштасуын жаттап келу. Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады
Сабақты бағалау. Жиынтық баға шығарады. Бағалау парағын тапсырады. Жиынтық баға
Рефлексия
БББ парағын таратып береді. Бүгінгі сабаққа дейін не білетіндерін, не білгендерін, не білгісі келетіндерін жазады.
Сабақ №1
Пән: Қазақ әдебиеті Күні: 15 қазан
Сынып: 9 «а»
(14-15 жастар) Барлық оқушылар: 9
Қатысқаны: 8
Тақырыбы: «Қыз Жібек» жырындағы салт-дәстүрлер.
Сілтеме: Бағдарлама, күнтізбелік жопар, Ақшолақов Т, Жұмажанова Т, Қалиев С, Дүйсебаев С. Қазақ әдебиеті, 9 сынып. - Алматы: «Мектеп» 2005
Жалпы мақсаттар: Жырдағы салт-дәстүрлерді талдау, шығармашылықпен жұмыс жасауға машықтану, халықтық мұраларды құрметтеу.
Ресурстар: Түрлі-түсті маркерлер, бейнетаспадан үзінді, АКТ, бағалау парағы.
Әдіс-тәсілдері: Тәсілі: жекелей, жұппен, топпен
Әдісі: «Болжау» әдісі, INSERT әдісі, кесте толтыру, ой шақыру, рөлдік ойын. көңіл-күй аралдары.
Оқыту нәтижелері: Болжам жасай отырып тақырыпты анықтайды, салт-дәстүр туралы білімдерін толықтырады, зерттеу жүргізіп, ой бөліседі, өз пікірлерін еркін жеткізе алады,- бір-бірімен қарым-қатынасы қалыптасады, сабақтағы көңіл-күйінің дәрежесін жеткізеді, топпен, жұппен жұмыс жасай алады, бағалай біледі.
Түйінді идея: Салт-дәстүр - сарқылмас қазына, өшпес мұр
Сабақтың барысы: Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау
Ұйымдастыру
кезеңі: Ынтымақтастық атмосферасын құрады.
«Мен ана тілін сүйемін, себебі...» деген аяқталмаған сөйлемді аяқтауға нұсқау бере отырып, ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға ықпал ету.
Оқушыларды салт-дәстүрлер атауымен топқа бөледі.
Бағалау парағын таратады.
Оқушылар сөйлемді өз ойларымен аяқтайды.
Үй тапсырмасын тексеру. Төлегеннің әуеде ұшқан алты қазбен қоштасуын сұрау. Жаттауды жатқа мәнерлеп айтады Мұғалім бағасы
Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабақта әңгіме не туралы болатынын болжату.
Жырдағы кездесетін салт-дәстүрлерді оқулықтан таптырту. (жекелей жұмыс)
Салт–дәстүр мағынасы жырда, оқиғада.
Кесте таратады, слайдтан толтыру үлгісін көрсетеді.
Сергіту сәті.
Бой жазу жаттығуына арналған бейне жазба қойылады.
Ой қозғау.
1 топ. Ұлттық салт-дәстүрлер сақталуы тиіс.
2 топ. Сақтау міндет емес. Өз болжамдарын айтады.
Оқулықтан оқи отырып, INSERT әдісін қолданады.
Топта зерттеу жүргізіп, ой бөліседі.
Жаттығуды қайталай отырып жасайды.
Оқушылар сыни ойлай отырып, өз пікірлерін білдіреді.
Топтың бағалауы
«Бағдаршам» әдісі арқылы
Сабақты бекіту. Рөлдік ойын. Жырдағы кездескен салт-дәстүрлердің бірін көрсетіп берулерін сұрайды. Рөлдік ойын көрсетеді. Әр түрлі фигуралар арқылы
Үй тапсырмасы. Салт-дәстүр түрлерін қарастырып келу. Күнделікке жазады.
Сабақты бағалау. Бағалау парағын есепке ала отырып, жиынтық баға шығарады. Бағалау парағын тапсырады. Жиынтық баға
Рефлексия
«Дейін-кейін» стратегиясы Тақырып бойынша «дейін» бағанасына не білетіндерін, «кейін» бағанасына бүгін не білгенін жазып, «Сабақтан алған әсерім» қабырға газетіне іледі.
Сабақ №1
Пән: Қазақ әдебиеті Күні: 16 қазан
Сынып: 9 «а»
(14-15 жастар) Барлық оқушылар: 9
Қатысқаны: 8
Тақырыбы: «Қыз Жібек» жырындағы ғашықтар бейнесі.
Сілтеме: Бағдарлама, күнтізбелік жопар, Ақшолақов Т, Жұмажанова Т, Қалиев С, Дүйсебаев С. Қазақ әдебиеті, 9 сынып. - Алматы: «Мектеп» 2005
Жалпы мақсаттар: Жырдағы ғашықтар бейнесін тану, сыни тұрғыдан ойлай білу, махаббат, достық мәселелерін ұғыну.
Ресурстар: Слайд, бейнетаспадан үзінді, плакаттар, түрлі-түсті маркерлер, бағалау парағы
Әдіс-тәсілдері: Тәсілі: жекелей, жұппен, топпен
Әдісі: «Миға шабуыл», «ойлан, жұптас, пікірлес», постер құру, ой шақыру, тест жұмысы, «Бүгінгі күннің сөйлемі»
Оқыту нәтижелері: Шығарманы толық меңгереді; ой бөліседі, тапсырманы меңгеріп шығады, ортақ шешім қабылдайды; сыни тұрғыдан ойланады, түйінді идея айтып, ой қорытады;
шығармашылық қабілеттері артады; шығарма бойынша білімдерін жинақтайды;
тақырыпқа байланысты түйінді сөйлем жаза алады; топпен ынтымақтастықта жұмыс жасап үйренеді.
Түйінді идея: Шынайы махаббаттың қос шынары.
Сабақтың барысы: Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау
Ұйымдастыру
кезеңі: Ынтымақтастық атмосферасын құрады.
Шаттық шеңберіне тұрғызып, тілек айтқызыды.
Оқушыларды «Пазл» арқылы топқа бөледі.
Бағалау парағын таратады. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Шағын 2 топ құрады.
Үй тапсырмасын тексеру. «Қар кесегі» әдісі бойынша үй тапсырмасын пысықтау. Оқушы келесі оқушыға сұрақ қояды, ол оқушы алдыңғы қойылған сұрақтарды, оған берілген жауаптарды қосып айтып, өз сұрағына жауап береді және келесі оқушыға сұрағын қояды
Жаңа сабақ.
Mp3 нұсқасында «Қыз Жібек» әнін тыңдатады.
Слайд арқылы бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстырады.
Ойлан, жұптас, пікірлес. ( жеке, жұптық, топтық )
Жырдан Төлеген мен Жібектің бейнесі суреттелген жерді тапқызу.
Постер құру. ( топтық жұмыс )
1 топ. Төлегеннің бейнесі.
2 топ. Жібектің бейнесі.
Сергіту сәті.
«Ғашықтық дастандар» деген сөз тіркесінен 30 секунд уақыт ішінде мағыналы, мәнді сөз құрау керек.
Интервью әдісі.
Оқушылар арасынан фильмде Төлеген мен Жібектің рөлінде ойнаған актерлер Құман Тастанбеков, Меруерт Өтекешованы таңдап алады. Радионың тікелей эфирінде сұхбат жүргізеді.
5 жолды өлең.
1. Зат есім. (1 сөз)
2. Сын есім. (2 сөз)
3. Етістік (3 сөз)
4. Сөйлем.
5. Синоним.
Оқушылар жекелей жұмыс жасайды, тапсырманы меңгеріп болған соң, ой бөліседі, ортақ шешім қабылдайды;
Сыни тұрғыдан ойлана отырып, түйінді идея айтады, постер қорғайды
Оқушылар жылдамдық таныта отырып, сөз жазады.
Радионың тікелей эфиріне қоңырау шалып, сұрақ қояды.
Өзіндік түсінікті нақта сөздермен келтіре отырып өлең құрастырады.
Жетондар арқылы бағалау
Үш шапалақ
Топтың бағалауы
Сабақты бекіту. Тест жұмысы. ( Жеке жұмыс )
Тест сұрақтарын интерактивті тақтадан көрсетеді.
Шығарма бойынша алған білімдерін жинақтайды.
Үй тапсырмасы. «Махаббаттың мәңгілік жүлдыздары» тақырыбына эссе жазу. Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке жазады.
Сабақты бағалау. Бағалау парағын ескере отырып, жиынтық баға шығарады. Бағалау парағын тапсырады. Жиынтық баға
Рефлексия
«Екі жұлдыз, бір тілек» Өз пікірлері мен тілектерін жазып, «Сабақтан алған әсерім» қабырға газетіне іледі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.