Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
М.Дулатов. «Бақытсыз Жамал» романын талдау -

М.Дулатов. «Бақытсыз Жамал» романын талдау

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 933 | Просмотров: 25613 | Размер: 41.6 Kb | Автор: Тәрбие
. Әбдіқалық Валентина Жұмабайқызы .Маңғыстау облысы Ақтау қаласы түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп интернатының жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
11-сынып қазақ әдебиеті.
Тақырыбы: М.Дулатов. «Бақытсыз Жамал» романын талдау. 2-сабағы.
Мақсаты: Роман туралы оқушы пікірі мен сол кезең шындығына, кейіпкер жасаудағы автор идеясына көзқарасын тыңдау. Адамгершілік пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Міндеті: Роман көтерген мәселелерді жан жақты талдау жасауға үйрету.
Блум жүй. Деңгейлері, белгілері Берілген деңгейлер бойынша сұрақтар мен тапсырмалар Қолданылатын әдіс- тәсілдер
Білуі:
Берілген жаңа түсінікті ұғуы, есте сақтауы, мінездеме беруі А. Роман мазмұнын оқушылардың біліп шыққандығын тексеруге арналған сұрақтар тізбесін ұсыну: РОМАН БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАРЫ
1. Сәрсенбайға молда қай кезде ескерту жасады?
2. Қалампыр Байжанмен құда болуға неліктен көне кетті?
3. Романдағы қысқа мерзімде ғана көрінетін жағымсыз жандар кімдер?
4. Сүйгеніне қосылған жандар бақытты болуға тиісті емес пе еді?
5. Жамал Жұманға неге тиді?

Ә. Роман кейіпкерлеріне мінездеме беру
Б. Романдағы қазақ тұрмысына тән мінез, қылық, әрекеттер мен салт, дәстүрлерді тани отырып, өз көзқарастарын білдіру. Мұғалім сұрақ бетшесін ұсынады, оқушылар дөңгелене отырып жауап береді
Түсінуі:
Мазмұндау, түсіну, сипаттама беру Роман мазмұнын еске түсіріп, ондағы оқиғаларды жекелей баяндау,әр жағдайға сипаттама беру :
.Роман қандай көңіл күймен басталды?
.Ұлықтың келуі мен ауылнайдың әңгімесі Сәрсенбайдың қуанышымен қалай байланыстырылған? .Сәрсенбайдың Шолпанға үйленуі туралы не білесің? .Жамалдың оқуы , Ғазиз мұғалімнің ісі Сәрсенбайдың әкелігіне қалай ықпал етті? . Сәрсенбайдың болыс сайлауына түсуі романда қаншалықты орын алады?
. Жамал қай кездері бақытты секілді еді?
. Жамалдың бақытсыздығына, ажалына алдымен кім кіналы, жағдайды өзгертуге болатын ба еді, Жамалға көмектескендер болды ма?

Ойлануға және жауап беруге уақыт беріледі.
Қолдануы:
Жаңа білімді тәжірибеде пайдаланып, болжам жасау, жүйелеуі. Жазушы тілінің көркемдігі мынада:
А. Табиғат көрінісі мен адамның көңіл күйін параллель беруіне мысал келтіру: көктемгі ауыл суреті мен сәбидің дүниеге келу қуанышы; Жамалдың Жұманнан қашқан күні мен қысқы боранның үдеуі.
Ә. Әр кейіпкер туралы топтастыру жасау: қылығы, әрекеті мен оның себебін ашу. Дәптерге орындайды, ауызша дәлелдейді.
Талдауы:
Алған білімді жіктеуі, негізгі идея мен тақырыпты ашуы, бөліктерге бөлуі, оны өзара байланыстыра отырып, айқындауы. Романның бөлімдеріне тақырып қою, неліктен осылай атағанын түсіндіру. Бөлімдердің бір бірімен байланыстырылу шеберлігін түсіндіру.
Сол арқылы роман көтерген тақырып пен автор идеясын табу.
Топ болып талдап, спикерлер ғана сөйлейді.
Жинақтауы:
Дара болжамдардан тұтас бір ұғым тудыруы Романдағы әр оқиғаның құрылысын талдау:
Басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, аяқталуы.
1. Жамалдың ұл болып өсірілуі.
2. Жамал мен Ғалидың қосылуы.
3. Сәрсенбайдың әкелік парызын өтеуі
4. Байжан үйіндегі соңғы күні. Постер жасау
Бағалауы: (сынай білуі, пайымдауы) шешім қабылдауы, ой қорытындысын жариялауы, өз бағасын беруі. А. Маған романдағы мына кейіпкердің өзі немесе сөзі ұнады:
Ә. Сол замандағы қазақ тұрмысынан мынаны түсіндім:
Б. Егер Жамал .... деп басталатын шағын эсселер жазу.Шығармаға жоспар құру.
В. «Бақытсыз Жамал» романы қазақ романының басы екеніне дәлел көп... Жеке оқушының пікірі тыңдалады.
Келесі сабаққа берілетін тапсырма «Жылай- жылай өтті- ау қыздар» тақырыбына шығарма жазып келу.
«Бақытсыз Жамал» романы бойынша оқушылардың білімін бағалау бетшесі
Сабақ кезеңдері, жұмыс барысы Бағалау дискрипторлары Ұпай
шәкілі Ескертулер,
Оқушы аты жөні
Романның жазылу кезеңі, авторы туралы білу . Мерзімін, баспасын, жазылу себебін қатесіз айтуы.
. нақты емес, жалпылама айтып беру.
.Роман туралы сол кездегі пікірлерді, деректерді нақты, толықтыра айтуы. . жалпылама айтып шығуы(дерексіз) 0,7-0,9

0,3-0,6
0,7-0,9

0,1-0,4
Романды мазмұндау .Мазмұнды толық әрі жүйелі айтуы, қыстырмасыз, әсерлі, жатық сөйлеуі.
.Мазмұнды қысқарта айту, қатесіз, нақты, алайда батылсыз жеткізуі.
.Жаттанды, әсерсіз,шатастыра айтуы. 0,7-0,9

0,4-0,6

0,1-0,3
Жеке бөлімдерді не жеке оқиғаны баяндау . Әңгімені толық әрі жүйелі айтуы, қыстырмасыз, әсерлі, жатық сөйлеуі.
.Оқиғаны қысқартып, қатесіз, нақты, алайда батылсыз жеткізуі.
.Жаттанды, әсерсіз,шатастыра айтуы. 0,7-0,9

0,4-0,6

0,1-0,3
Кейіпкерге сипаттама жасау,мінездеме беру .Әр кейіпкерді әңгіме барысында дәл сипаттап бере алуы.
. Кейіпкерді тек сұрақ барысында таныта кетуі немесе жеке бір белгісін (әрекетін, мінезін)ғана айтып беруі. 0,7-0,9

0,4-0,6

Сұраққа жауап беру Дұрыс, толық жауапты көмексіз беру
Аздаған көмекке сүйеніп,дұрыс айту
Жауап шала, деректер қате берілсе... 0,7-0,9
0,4-0,6
0,1-0,3
Топтық талдауда өз ойын айту .Ойын дұрыс әрі сенімді айтуы.
.Басқа пікірлермен санаса білуі.
.Ойы дұрыс, бірақ жеткізуі әлсіз.
0,7-0,9
0,4-0,6
0,1-0,3
Ұсыныс айту, қатені түзету, сұрақ қою,
топта көш басшылық ету .Қажетті, дұрыс ұсыныс айтуы.
.Ұсыныс айтуға жеке сөзбен немесе дерекпен көмектесуі.
.Топтағы жұмысты ұйымдастыруы.
. Топ жұмысына сирек қатысуы.
.Топ мүшелеріне сұрақты нақты әрі дер сәтінде қоя білуі.
.Қажетсіз немесе белгілі мәселені сұрауы, сұрақтың жүйесіз қойылуы. 0,7-0,9
0,4-0,6

0,4-0,5
0,1-0,2
0,4-0,6

0,1-0,2


11-сынып қазақ әдебиеті.
Тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытов. «Ақбілек» романы 1, 2-сабағы.
Мақсаты: Роман туралы оқушы пікірі мен сол кезең шындығына, кейіпкер жасаудағы автор идеясына көзқарасын тыңдау. Адамгершілік пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Міндеті: Роман көтерген мәселелерді жан жақты талдау жасауға үйрету.
Блум жүй. Деңгейлері, белгілері Берілген деңгейлер бойынша сұрақтар мен тапсырмалар Қолданылатын әдіс- тәсілдер
Білуі:
Берілген жаңа түсінікті ұғуы, есте сақтауы, мінездеме беруі А. Роман мазмұнын оқушылардың біліп шыққандығын тексеруге арналған сұрақтар тізбесін ұсыну: РОМАН БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАРЫ
1. Алдымен қай ауыл бейнесімен танысамыз?
2. Мұқаш әрекетінің астарында не жатыр?
3. Романдағы орыстар,дәлірек айтқанда ақтар,қандай мақсаттың адамдары?
4. Ақбілек бақытсыздығы романның қай бөлімдерінде айтылады?
5. Ақбілек неге ауылда қала бермеді?

Ә. Роман кейіпкерлеріне мінездеме беру

Б. Романдағы қазақ тұрмысына тән мінез, қылық, әрекеттер мен салт, дәстүрлерді тани отырып, өз көзқарастарын білдіру. Мұғалім сұрақ бетшесін ұсынады, оқушылар дөңгелене отырып жауап береді
Түсінуі:
Мазмұндау, түсіну, сипаттама беру Роман мазмұнын еске түсіріп, ондағы оқиғаларды жекелей баяндау,әр жағдайға сипаттама беру :
.Роман қандай көңіл күймен басталды?
.Қараңғыдағы қарбалас пен үрей тек Мамырбайдың өз үйінде болды ма?
.Бекболаттың бейнесі неліктен айқын ашылмай тұр?
.Ақбілектің азабын автор ашына жаза отырып, қандай саясатқа қарсы үн көтереді? .Әкесі Мамырбай мен тоқал шешесі Өрік үшін Ақбілектің бағасы қандай?
. Жеңгесі Ұрқияның әрекеті арқылы жазушы қандай мінез, қасиеттерді дәріптетеді?
.Ақбілектің ағасы мен күйеуі Балташтың бойынан қандай ортақтық табылады?
.Ақбілектің бақытсыздығы мен Жамалдың бақытсыздығында ұқсастық бар ма?
.Романда бала мәселесі қандай орын алады? Қыз Ақбілек пен Әйел Ақбілектің бала туралы сөздеріне, ойына өз көзқарастарыңыз қандай?
. Романдағы ең жақсы адам кім, ең жаман адам кім деп ойлайсыңдар?

Ойлануға және жауап беруге уақыт беріледі.
Қолдануы:
Жаңа білімді тәжірибеде пайдаланып, болжам жасау, жүйелеуі. Жазушы тілінің көркемдігі мынада:
А. Табиғат көрінісі мен адамның көңіл күйін параллель беруіне мысал келтіру.

Ә. Әр кейіпкер туралы топтастыру жасау: қылығы, әрекеті мен оның себебін ашу. Дәптерге орындайды, ауызша дәлелдейді.
Талдауы:
Алған білімді жіктеуі, негізгі идея мен тақырыпты ашуы, бөліктерге бөлуі, оны өзара байланыстыра отырып, айқындауы. ҮШ ТҮРЛІ ӘҢГІМЕ арқылы талдату:
ӘҢГІМЕ ДЕБАТ:
Автор сол замандағы нағыз идеал жігіттің бейнесін бере алды ма, бере алмады ма?
КЕЛІСІМШІЛІК ӘҢГІМЕ:
Қазақ қызы тек оқыса ғана бақытты болады.
ЗЕРТТЕУШІЛІК ӘҢГІМЕ:
Роман қыздың атымен аталғанымен, тек қыз тағдырын ғана мәселе етіп көтермейді. Топ болып талдап, спикерлер ғана сөйлейді.
Жинақтауы:
Дара болжамдардан тұтас бір ұғым тудыруы Романдағы әр оқиғаның құрылысын талдау:
Басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, аяқталуы.
1. Ақбілектің қолды болуы.
2. Қайтып келген Ақбілектің азабы.
3. Қаладағы Ақбілек.
Постер жасау
Бағалауы: (сынай білуі, пайымдауы) шешім қабылдауы, ой қорытындысын жариялауы, өз бағасын беруі. А. Маған романдағы мына кейіпкердің өзі немесе сөзі ұнады:
Ә. Сол замандағы қазақ тұрмысынан мынаны түсіндім:
Б. Егер Ақбілек .... деп басталатын шағын эсселер жазу. Шығармаға жоспар құру.
В. «Ақбілек» романы - психологиялық дүние... Жеке оқушының пікірі тыңдалады.
Келесі сабаққа берілетін тапсырма «Ж.Аймауытов қазақ қызына араша болуға шақырады» тақырыбына ой толғау жазу.

«АҚБІЛЕК» романы бойынша оқушылардың білімін бағалау бетшесі
Сабақ кезеңдері, жұмыс барысы Бағалау дискрипторлары Ұпай
шәкілі Ескертулер,
Оқушы аты жөні
Романның жазылу кезеңі, авторы туралы білу . Мерзімін, баспасын, жазылу себебін қатесіз айтуы.
. нақты емес, жалпылама айтып беру.
.Роман туралы сол кездегі пікірлерді, деректерді нақты, толықтыра айтуы. . жалпылама айтып шығуы(дерексіз) 0,7-0,9

0,3-0,6
0,7-0,9

0,1-0,4
Романды мазмұндау .Мазмұнды толық әрі жүйелі айтуы, қыстырмасыз, әсерлі, жатық сөйлеуі.
.Мазмұнды қысқарта айту, қатесіз, нақты, алайда батылсыз жеткізуі.
.Жаттанды, әсерсіз,шатастыра айтуы. 0,7-0,9

0,4-0,6

0,1-0,3
Жеке бөлімдерді не жеке оқиғаны баяндау . Әңгімені толық әрі жүйелі айтуы, қыстырмасыз, әсерлі, жатық сөйлеуі.
.Оқиғаны қысқартып, қатесіз, нақты, алайда батылсыз жеткізуі.
.Жаттанды, әсерсіз,шатастыра айтуы. 0,7-0,9

0,4-0,6

0,1-0,3
Кейіпкерге сипаттама жасау,мінездеме беру .Әр кейіпкерді әңгіме барысында дәл сипаттап бере алуы.
. Кейіпкерді тек сұрақ барысында таныта кетуі немесе жеке бір белгісін (әрекетін, мінезін)ғана айтып беруі. 0,7-0,9

0,4-0,6

Сұраққа жауап беру Дұрыс, толық жауапты көмексіз беру
Аздаған көмекке сүйеніп,дұрыс айту
Жауап шала, деректер қате берілсе... 0,7-0,9
0,4-0,6
0,1-0,3
Топтық талдауда өз ойын айту .Ойын дұрыс әрі сенімді айтуы.
.Басқа пікірлермен санаса білуі.
.Ойы дұрыс, бірақ жеткізуі әлсіз.
0,7-0,9
0,4-0,6
0,1-0,3
Ұсыныс айту, қатені түзету, сұрақ қою,
топта көш басшылық ету .Қажетті, дұрыс ұсыныс айтуы.
.Ұсыныс айтуға жеке сөзбен немесе дерекпен көмектесуі.
.Топтағы жұмысты ұйымдастыруы.
. Топ жұмысына сирек қатысуы.
.Топ мүшелеріне сұрақты нақты әрі дер сәтінде қоя білуі.
.Қажетсіз немесе белгілі мәселені сұрауы, сұрақтың жүйесіз қойылуы. 0,7-0,9
0,4-0,6

0,4-0,5
0,1-0,2
0,4-0,6

0,1-0,2


11-сынып қазақ әдебиеті.
Тақырыбы: 1. C. Торайғыров. Өмірі. Ақындығы.
2. «Қалың мал» романын талдау. 1,2-сабағы.
Мақсаты: Ақынның ауыр тағдыры жайындағы деректі фильм арқылы оның өлеңдері мен романы туралы оқушы пікірін және сол кезең шындығына, кейіпкер жасаудағы автор идеясына көзқарасын тыңдау. Адамгершілік пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Міндеті: Роман көтерген мәселелерді жан - жақты талдау жасауға үйрету.
Блум жүйесі. Деңгейлері, белгілері Берілген деңгейлер бойынша сұрақтар мен тапсырмалар Қолданылатын әдіс- тәсілдер
Білуі:
Берілген жаңа түсінікті ұғуы, есте сақтауы, мінездеме беруі А. Роман мазмұнын оқушылардың біліп шыққандығын тексеруге арналған сұрақтар тізбесін ұсыну: РОМАН БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАРЫ
1. Ахмет Қамарға қалай кездесті?
2. Қамардың өскен ортасы қалай сипатталған?
3. Романдағы жағымсыз жандар кімдер?
4. Сүйгеніне қосылмаған жандарды не күтіп тұр?
оқушылар дөңгелене отырып жауап береді
Түсінуі:
Мазмұндау, түсіну, сипаттама беру Роман мазмұнын баяндау,әр жағдайға сипаттама беру :
.Роман қандай көңіл күймен басталды?
.Жорға Нұрымға қыз айттырушылар кімдер ? .Ахмет пен Қасен, Омарлар неге халықтан қолдау таппады?
.Надандық пен жауыздыққа неге тоқтам болмады? Ойлануға және жауап беруге уақыт беріледі.
Қолдануы:
Жаңа білімді пайдаланып болжам жасау, жүйелеуі. .Неге Ахмет пен Қамар Жамал секілді қашып кете алмады деп ойлайсыңдар?
.Қамар неге батыл бола алмады?
.Автордың сезімі мен бас кейіпкерлердің жан азабын сәйкестендіріп көріңдер. Дәптерге орындайды, ауызша дәлелдейді.
Талдауы:
негізгі идея мен тақырыпты ашуы, бөліктерге бөлуі, оны өзара байла
ныстыруы ӘҢГІМЕ ДЕБАТ:
Қамар сондай сұлу болмаса, бақытты болар ма еді, әлде...
КЕЛІСІМШІЛІК ӘҢГІМЕ: Бақытсыздыққа тек надандық кінәлі. (яғни, Қамарды өсектен қорғаймыз дегендер өлімге айдаудан қорықпады).
ЗЕРТТЕУШІЛІК ӘҢГІМЕ: Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар... ( Қызға қырық үйден тыйым.... Қымызды кім ішпейді, қызды кім айттырмайды.... Ер билігі ел билігінде.) Топ болып талдап, спикерлер ғана сөйлейді.
Жинақ
тауы:
Дара болжамдар
дан тұтас бір ұғым тудыруы Романдағы әр оқиғаның құрылысын талдау:
Басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, аяқталуы.
1. Ахметті қолдаушылар мен қорлаушылар диалогі. 2.Қамардың қасындағы қарама -қарсы характерлер: әкесі мен шешесі, ағасы мен ауылдас жігіттер, қыздар мен қатындар, Ахмет пен молда.
Постер жасау
Бағалауы: (сынай білуі, пайымдауы) шешім қабылдауы, ой қорытындысын жариялауы, өз бағасын беруі. А. Маған романдағы мына кейіпкердің өзі немесе сөзі ұнады:
Ә. Сол замандағы қазақ тұрмысынан мынаны түсіндім:
Жеке оқушының пікірі тыңдалады.
Келесі сабаққа берілетін тапсырма «Махаббат болмаса егер...» тақырыбына шығарма жазып келу.

«Қамар сұлу» романы бойынша оқушылардың білімін бағалау бетшесі
Сабақ кезеңдері, жұмыс барысы Бағалау дискрипторлары Ұпай
шәкілі Ескертулер,
Оқушы аты жөні
Романның жазылу кезеңі, авторы туралы білу . Мерзімін, баспасын, жазылу себебін қатесіз айтуы.
. нақты емес, жалпылама айтып беру.
.Роман туралы сол кездегі пікірлерді, деректерді нақты, толықтыра айтуы. . жалпылама айтып шығуы(дерексіз) 0,7-0,9

0,3-0,6
0,7-0,9

0,1-0,4
Романды мазмұндау .Мазмұнды толық әрі жүйелі айтуы, қыстырмасыз, әсерлі, жатық сөйлеуі.
.Мазмұнды қысқарта айту, қатесіз, нақты, алайда батылсыз жеткізуі.
.Жаттанды, әсерсіз,шатастыра айтуы. 0,7-0,9

0,4-0,6

0,1-0,3
Жеке бөлімдерді не жеке оқиғаны баяндау . Әңгімені толық әрі жүйелі айтуы, қыстырмасыз, әсерлі, жатық сөйлеуі.
.Оқиғаны қысқартып, қатесіз, нақты, алайда батылсыз жеткізуі.
.Жаттанды, әсерсіз,шатастыра айтуы. 0,7-0,9

0,4-0,6

0,1-0,3
Кейіпкерге сипаттама жасау,мінездеме беру .Әр кейіпкерді әңгіме барысында дәл сипаттап бере алуы.
. Кейіпкерді тек сұрақ барысында таныта кетуі немесе жеке бір белгісін (әрекетін, мінезін)ғана айтып беруі. 0,7-0,9

0,4-0,6

Сұраққа жауап беру Дұрыс, толық жауапты көмексіз беру
Аздаған көмекке сүйеніп,дұрыс айту
Жауап шала, деректер қате берілсе... 0,7-0,9
0,4-0,6
0,1-0,3
Топтық талдауда өз ойын айту .Ойын дұрыс әрі сенімді айтуы.
.Басқа пікірлермен санаса білуі.
.Ойы дұрыс, бірақ жеткізуі әлсіз.
0,7-0,9
0,4-0,6
0,1-0,3
Ұсыныс айту, қатені түзету, сұрақ қою,
топта көш басшылық ету .Қажетті, дұрыс ұсыныс айтуы.
.Ұсыныс айтуға жеке сөзбен немесе дерекпен көмектесуі.
.Топтағы жұмысты ұйымдастыруы.
. Топ жұмысына сирек қатысуы.
.Топ мүшелеріне сұрақты нақты әрі дер сәтінде қоя білуі.
.Қажетсіз немесе белгілі мәселені сұрауы, сұрақтың жүйесіз қойылуы. 0,7-0,9
0,4-0,6

0,4-0,5
0,1-0,2
0,4-0,6

0,1-0,2


11-сынып қазақ әдебиеті.
Тақырыбы: 1.Б. Майлин. Жазушының тағдыры. «Шұғаның белгісі». хикаяның мазмұны.
2. «Шұғаның белгісі» хикаясының кейіпкерлері мен көркемдік қуатын
талдау.
Мақсаты: Жазушының ауыр тағдыры жайындағы деректер арқылы оның өлеңдері мен прозасы туралы оқушы пікірін және сол кезең шындығына, кейіпкер жасаудағы автор идеясына көзқарасын тыңдау. Адамгершілік пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Міндеті: автор шығармасында көтерілген мәселелерге жан - жақты талдау жасауға үйрету.
Блум жүйесі. Деңгейлері, белгілері Берілген деңгейлер бойынша сұрақтар мен тапсырмалар
Қолданылатын әдіс- тәсілдер Мұғалімнің іс әрекеті Оқушының іс әрекеті
Білуі:
Берілген жаңа түсінікті ұғуы, есте сақтауы, мінездеме беруі А. Шығарма мазмұнын оқушылардың біліп шыққандығын тексеруге арналған сұрақтар тізбесін ұсыну: АЛҒАШҚЫ ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАРЫ
1. Әбдірахманның қандай жігіт екенін бірден тануға бола ма?
2. Шұға туралы нақты бағалар қандай еді?
3. Оқиғаны жандандыра түсетін жандар кімдер?
4. Шұға трагедиясы қалай басталды, немен аяқталды?
дөңгелене отырып жауап береді
Түсінуі:
Мазмұн
дау, түсіну, сипаттама беру Хикая мазмұнын баяндау,әр жағдайға сипаттама беру :
.Әңгіме әңгімеден басталғанда, қандай мәселеге назар аударылды?
. Оқиғаға жанама араласа жүріп, басты кейіпкерді ашуға көмектесетіндер кімдер?
. Хикаяда көмескі айтылып кеткен немесе белгісіз қалыпта қалған қандай мәселелер, әрекеттер, мінездер бар?
. Бір кейіпкер бойындағы қарама қайшылықтарды автор қалай береді?
. Сол заманның жастарына ортақ мінез бен қасиеттер кімдерден айқын көрінеді? Ойлану
ға және жауап беруге уақыт беріледі .
Қолдануы
Жаңа білімді пайдала
нып болжам жасау, жүйелеуі. . Әбдірахман мен Шұға неге Жамал секілді қашып кете алмады деп ойлайсыңдар?
. Шұға неге батыл бола алмады?
. Автордың сезімі мен бас кейіпкерлердің жан азабын сәйкестендіріп көріңдер. Дәптерге орындайды, ауызша дәлелдейді.
Талдауы:
негізгі идея мен тақырып
ты ашуы, бөліктерге бөлуі, оны өзара байланыс тыруы ӘҢГІМЕ ДЕБАТ:
Жамал мен Қамарға қарағанда, Шұғаның тағдыры соншалықты ауыр емес.
КЕЛІСІМШІЛІК ӘҢГІМЕ:
Егер Шұға кедейдің қызы болғанда.... ЗЕРТТЕУШІЛІК ӘҢГІМЕ:
Жер атауын әйелдің атымен атау қазақтың әйелге,қызға,анаға деген құрметін білдіреді. . Топ болып талдап, спикер
лер ғана сөйлей
ді
Жинақ
тауы:
Дара болжамдар
дан тұтас бір ұғым тудыруы Хикаядағы әр оқиғаның құрылысын талдау:
Басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, аяқталуы.
1. Әбдірахманды қолдаушылар мен қорлаушылар диалогі. 2. Шұға әрекетінің сатылы дамуы және оған өз бағаларыңыз. Постер жасайды
Бағалауы: (сынай білуі, пайымдауы) шешім қабылдауы, ой қорытындысын жариялауы, өз бағасын беруі. А. Маған хикаядағы мына кейіпкердің өзі немесе сөзі ұнады:
Ә. Сол замандағы қазақ тұрмысынан мынаны түсіндім:
Б. Қ.Ысқақтың «Қоңыр күз еді» хикаясын не үшін ұнатып едім деп ойланшы.
Жеке оқушының пікірі тыңдалады.
Келесі сабаққа берілетін тапсырма «Маңғыстау ғашықтары жайында да аңыз көп» тақырыбына шығарма жазып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.