.
.
1-топ. Мұрат, Шортанбай, Дулат жырларын салыстыру.
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 404 | Просмотров: 2899 | Размер: 35.5 Kb | Автор: ТәрбиеМұрат, Шортанбай, Дулат жырларын салыстыру.
Мұрат Дулат Шортанбай
Асылзада баласы
Дәулеті кетіп қолынан,
Қоңсысына құл болды.
Асылсыздың баласы
Ақшасына сүйеніп,
Айтқан сөзі пұл болды.
Шыр көбелек айналып,
Замананың адамы,
Заманың мұндай сұм болды.
Осындай заман кез болды,
Ер дегенің ез болды.
Қамқа, торғын бөз болды,
Саф алтының жез болды.
Мынау ақыр заманда
Алуан-алуан жан шықты.
Арам, араз хан шықты,
Қайыры жоқ бай шықты.
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ
Ақша деген мал шықты.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Үш ақынның толғаныстарын мұқият оқы.
2.Олардың үндестігі неде?
3. Қандай проблеманы көтеріп отыр?
2-топ
Мұрат – Махамбет дәстүрін жалғастырушы.
Мұрат Махамбет
Бірсіндеп садақ асынған,
Біріндеп жауды қашырған,
Қорамсаққа қол салған,
Қозыжауырын оқ алған.
Атқан оғы шырқырап,
Еділден өтіп жоғалған.
Беркініп садақ асынбай, а
Біртіндеп жауды қашырмай, а
Білтеліге доп салмай, а
Қорамсаққа қол салмай, а
Атқан оғы жоғалмай... а
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Екі ақынның өлеңдерін оқып, өршілдік рухын салыстырыңдар.
2. Өлең құрылысына талдаңдар.
1-топ. «Үш қиян» толғауына талдау жасайды.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Мұрат ақынның тіл шеберлігіне көңіл бөліңдер.
2. «Үш қиян» толғауындағы астарлы, бейнелі сөздерге мән беріңдер.
3. Әдемі теңеулер мен айшықты метафораларды атаңдар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.