.
.
ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп М. Шаханов «Отырар»
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 498 | Просмотров: 3505 | Размер: 45.5 Kb | Автор: ТәрбиеА.А. Нуфтиева
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаілімі.
Қазақ әдебиеті 5 класс
Сабақтың тақырыбы: М. Шаханов «Отырар»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: М.Шахановтың өмірі туралы қысқаша мәлімет, тарихы мол Отырар қаласы туралы түсінік, поэма оқиғасына, мазмұнына және тіліне талдау жасау.
2.Тәрбиелік: оқушыларды Отан сүйгіштік рухқа, елінің, жерінің тарихы мен әдебиетін құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: өлеңді мәнерлеп және рөлге бөліп оқу қабілетін дамыту, өз беттерімен ізденімпаздығын арттыра түсу.
Сабақтың түрі:кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, рөлдерге бөліп оқу, диалогтық оқыту (проблемалық сұрақтар қою )жеке, жұптық, топпен жұмыс, талдау, болжау, топтастыру, салыстыру, INSERT стратегиясы.
Күтілетін нәтиже:
Рөлге бөліп оқығанда, поэма мазмұнын талданғанда, қабілетті оқушылар ашылады, салыстырады, ой түйіндейді, ойлау қабілеттері артады.Топтық, жеке жұмысқа, сыни ойлауға,қорытынды жасауға, өзара, өзіндік бағалауға үйренеді;
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері.
Дидактикалық материалдар: «Ежелгі Отырар», «Дала даналары» кітабы,
Х. Әдібаев «Отырар ойраны», «Эверестке шығу» атты шығармалар жинағы,М. Шаханов «Танакөз» жыр жинағы.
Сабақтың көрнекілігі: Мұхтар Шаханов портреті, түсіндірме сөздіктер, ежелгі Отырарда табылған жәдігерлердің суреттері. Интерактивті тақта, маркерлер. Видеоролик.
Мұхтар Шахановтың «Танакөз» жыр жинағы. Сабаққа қатысты слайдтар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылар әртүрлі тақтаға жапсырылған стикерлерді таңдап алу арқылы 2 топқа бөлінеді.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы
2. « Оюлар» өлеңін жаттау.
ІІІ. Білім тексеру:
Қошқармүйіз өрнектерді көркемдеп, бояумен салып көріңдер, оған өлең тілімен жан бітіріп жазыңдар.
ІVЖаңа сабаққа дайындық
Сабақ тақырыбын айтып, мақсатын түсіндіру
V. Жаңа сабақ түсіну.
М. Шаханов өміріне қысқаша шолу. /эпиграф/
Ой қозғау. Топтастыру. М.Шаханов туралы не білеміз?
Мұхтар Шаханов. Жастай жетімдік көрсе де, өзінің өжеттігі, қайсарлығы, қайраттылығы арқасында білім алып, еңбек етіп, ел құрметіне бөленді.
Хронологиялық кесте бойынша өмір жолы мен шығармашылығын түсіндіру
Кім? Қашан? Қайда? Не істеді?
М
Ұ
Х
Т
А
Р
Ш
А
Х
А
Н
О
В
2.7.1942ж.т Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келеді
Жеті жылдық мектепті бітірген соң трактордың тіркеушісі
1961-65ж Оңтүстік Қазақстан газетінде әдеби қызметкер.
1965-70ж Қазіргі « Жас Алаш » газетінде тілшісі
1970-71ж. Шымкент облыстық комсомол комитетінде сектор меңгерушісі,
1971-76 ж Қазақстан телерадио хабарларын тарату жөніндегі мемлекет комитетінде бас редакторы
1984 – 1993 "Жалын" журналының бас редакторы
1993 Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы елшісі.
2004 – 2007 жж.. Қазақстанның Парламентының Мәжілісінің депутат
БОЛЖАУ:
Біздің бүгінгі әңгімеміз тарихымыздың бір парағы Қазақстанның ежелгі қалаларының бірі Отырар жайлы.
Сұрақ: Отырар жайлы естідіңдер ме? Ол қандай қала?
\жазуға 10 секунд, айтуға 10 секунд\ (Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту мақсатында «Отырар апаты» мултфильмін көрсетемін 2 минут)
Ежелгі Отырар тарихына саяхат.
Ал сіздердің айтқандарыңызбен келісе отырып, Отырар жайлы тарихи деректерден тарихшы, мұрағат меңгерушісі Мукат Қайыржанұлы
(мектебіміздің мұражайында сақталған Орта ғасырдағы ежелгі Отырар қаласынан табылған заттар туралы видеороликпен)мағлұмат етпек.
\Мазмұнын ашуға бағытталған слайдтарды көрсете отырып «Отырар» поэмасын рөлге бөліп мәнерлеп музыка жетегінде оқимыз.\
ХІІ ғасырдың соңында қазіргі Манғолия жерінде үлкен мемлекет құрылды. Оны Шыңғыс хан басқарды. Оның әскері көп жер, дүние, мал үшін басқыншылық саясат жүргізді. Шыңғыс ханның 200 мыңға дейін әскері болды, ол өте қатал тәртіпті талап етті. Егер шайқастан бір жауынгер қашса, оның қасындағы он жауынгер өлім жазасына кесілді.
Отырар қаласын ерлікпен қорғау. Шапқыншылар Сырдария өзені бойындағы қалаларға келіп жетті. Ол қалалардың ішіндегі атағы көбірек шыққаны да, мықты қорғаны және көп әскері бары да Отырар еді. Қала басшысы Қадыр хан (Қайыр хан) болатын. Қаланы басып алуға 1219 жылы күзге қарай моңғолдың 150 мың қолы аттанды. Қадыр ханның басшылығымен отырарлықтар туған қаласын қорғауға барынша әзірленді. Жиырма мың әскерді жақсы қаруландырды. Қорған дуалының үстіне құм салынған қаптар үйілді. Ыстық су құятын бөшкелер әзірленді, қорған қазылған ор сумен толтырылды. ...Амалы таусылғандықтан, моңғол әскері енді Отырарды түгел қоршады. Бірақ бес ай өтсе де, ештеңе істей алмайды. Не пайда, осы күндері адам ойламаған бір қайғылы оқиға болды. Отырарға Хорезм шаһы көмекке жіберген Қараша (Қарашоқы)қолбасы опасыздық жасады. Қорғанның бір дарбазасынан моңғолдар лап қояды. Ендігі шайқас қала ішінде болады. Әскердің көбі қырылғаннан кейін Қадырхан қаланың ортасындағы бекініс – сарайға кіріп қорғанады. Қалаға кірген моңғол әскерлері отырарлықтарды қойдай бауыздайды. Бекініс – сарайдағы ер жүрек Қадырхан мен оның батыр жауынгерлері бір айдан астам жаумен тапжылмай шайқасады. Күші басым жау ақыры жеңеді...
Поэма кейіпкерлері
1. Шыңғыс хан – Моңғол ханы
2. Шағатай – Шыңғыс ханның ұлы
3. Қадыр хан – Отырардың ханы
4. Қараша – сатқын
5. Қария – сатқынның әкесі.
Поэма мазмұнын талдау.
І-ІІ топқа
Пролог. Алты ай бойы Отырар қаласы жаудан жеңілмеді. Отырарды ала алмағанына ашуланған Шыңғыс хан ұлы Шағатайды шақырып алады. Әкесінің ұлына айтқан « аңыз – ертегінің» мазмұны. Шағатайдың «қулық» әрекеті.
Оқиға. Алты ай бойы жеңілмеген Отырар қаласы күйреді. Жау қаланы бүлдіріп жатыр, безбүйрек жау сәбилерді, шал-кемпірлерді, жүкті әйелдерді де қойша бауыздады.
Байланыс. Үш күннен кейін екі адамды Шыңғыс ханның алдына алып келеді. Шыңғыс хан үнсіз әрі ұзақ ойға шомады. Қайырханға қызыға қарайды.
Поэманың дамуы. Шыңғыс хан мен Қайырхан екеуі арасындағы арбасу –диалогі. Шыңғыс ханның Қайырханға берген «сыйы». Қарашоқының әрекеті.
Психологиялық шегініс. Сатқындық, Отанға деген опасыздық туралы оқушылардың өз ойлары.
Оқиғаның шарықтау шегі. Қайырханның тегі. Қайырхан мен Қарияның арасындағы диалог.
Оқиғаның шешімі. Қарияның шеткі елші қақпадан бір баланы құтқарып жіберуі.
Эпилог. Соңғы бөлімдегі Қайырхан бабасына арналған ақын сөзі.
Ойтүрткі. Қайырхан бабасын оятпақ болып тіл қатқан ақын кім деп ойлайсыңдар?
Дәптермен жұмыс. Сөздікпен жұмыс.
Даңқ – атақ, абырой
Рух – жан, философиялық ұғым.
Тән – адамның денесі, тұла бойы.
Ызбар – ашу, сес, айбат.
Безбүйрек – қайырымы жоқ, қатігез.
Намыс – жоғары адамгершілік қасиет, ар – абырой.
VІ. Түсінік тексеру: диалогтық оқыту (проблемалық сұрақтар қою)
1. Сұрақтарға жауап беру.
І топ
• Шыңғыс пен Шағатай тілдесулерінен не ұқтыңдар?
• Шағатай әкесі Шыңғысқа не деп жауап қатты?
• Отырарды алу үшін Шыңғыс Шағатайға қандай зұлымдықты үйретті?
• Шыңғысхан алдына келген екі адам кімдер?
ІІ топ
• Қайырханға Шыңғысхан қандай баға берді?
• Сатқынның әкесін алдырып Қайырхан не туралы сұрады?
• Қайырхан өлім сағатын күткен кезде не деді?
І-ІІ топқа Өлең құрылысына талдау:
(буын саны, бунақ, ұйқас түрі)
//Азбан Шыңғыс// ел тарихын// қорлады-ау!// а
Ойлап тұрсаң, енді бәрі арман-ау! а
Отырардың жан қиярлық ерлігін ә
Жыр ететін, әттең, ақын қалмады-ау! а
Өлеңде: ____ бунақ, _____ буын, ________________________ ұйқасы.
І топқа Венн диаграммасы
Шыңғыс хан. Ұқсастығы. Қайырхан.
ІІ топқа
«Отырардың күйреуі» картинасын оқушылардың назарларына ұсынып, сурет салғызу. Өз сезімдерін сурет арқылы жеткізу.
VІІ.Жаңа сабақты бекіту.
І-ІІ топқа. Семантикалық карта. Берілген сөздердің дұрыс жауабын көрсету./слайд/
Топтастыру стратегиясы.
Осы шығарманың тәрбиелік мәні немесе мен қандай тәрбие алдым?
( Екі топ шағын ойларын сызбаға түсіріп көрсетеді)
INSERT стратегиясы бойынша оқушылар алдарындағы үлестірме қағаздарды толтырып,қорытындылайды.
Не білеміз? Не білдік? Нені білгіміз келеді?
VII. Оқушыларды бағалау.
№ Оқушының аты-жөні Өзін-өзі бағалау Сынып бағасы Мұғалім бағасы Қорытынды баға
ҮІІІ.Үй тапсырмасын беру.
Дарынды оқушыларға:
Мұхтар Шахановқа әр түрлі жанрда хат жазу
Орташа деңгейлі оқушыларға: (сыныптастарынан көмек сұрау)
Екі топқа бөлініп, көрініс дайындау.
Төмен деңгейлі оқушыларға: (ұстазынан көмек сұрау)
Интернет беттерінен Отырар қаласы туралы деректер көшіріп әкелу.
Рефлексия. (оқушылардың әрқайсысы жеке толтырады)
Мен нені түсіндім?
Мен нені түсінбедім? Маған не ұнады?
Маған не ұнамады?
Түйін. Бәріміз «Рухсыздық апатынан сақтануда Мұхтар Шахановтың адамгершілік құндылықтарға толы поэзиясы көмекке келетініне сеніміміз мол». Ендеше «Отырар» әнін орындайық.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.