Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
М.Әуезов  «Қараш-Қараш оқиғасы» -

М.Әуезов «Қараш-Қараш оқиғасы»

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 370 | Просмотров: 4492 | Размер: 61.5 Kb | Автор: Тәрбие
. Жалпы білім беретін Ж. Досмұхамедов атындағы орта мектебі

(Ашық сабақ)

Өткізген: Марденова А.А.
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

2009-2010 оқу жылы
Бекітемін:
Мектеп директорының оқу
ісі жөніндегі меңгерушісі:
Кулмуханова.Н.Ж
21.01.10

Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Қараш-Қараш оқиғасы»
Сабақтың мақсаты: а) білімділігі – оқиға мазмұнын пайдалана отырып, оқушылардың кейіпкерлерге толық мінездеме беруіне, тағдырына ортақтаса алуына мүмкіндік туғызу, кейіпкерлер арасында ізгілік қарым-қатынасты талдау.
ә) дамытушылығы - оқушыларды көркем әдебиетті оқуға ынталандыру; ой-өрісін кеңейту, сөйлеу тілін дамыту, тіл мәдениетіне көңілдерін аударту.
в)тәрбиелігі - Шағын топпен бірлесе ынтымақпен жұмыс атқаруға, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеуге, қастерлеуге, бірігіп қорытынды жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ
Сабақтың типі: СТО
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, ойлау, дәлелдеу, топтастыру
Көрнекілігі: кестелер
Сабақтың өту барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі:
-Сәлемдесу
-Оқушы назарын сабаққа аудару. Оқушыларды топқа бөлу.
Қызығушылықты ояту.
- Балалар, өзіміз оқып жүрген сүйікті пәніміз әдебиеттің адам өмірі үшін қандай маңызы бар? Қалай ойлайсыздар.

І Үй тапсырмасын тексеру
Топтастыру



1.М.Әуезов «Қараш-Қараш» оқиғасының тақырыбы неде?
2.Оқиғаның басты идеясы не?
3.Повесттің жазылуына негіз болған кім?

Оқиғаның композициялық құрылымына талдау

№ Оқиғаның композициясы Дәлелдеме
1 Оқиғаның басталуы
2 Оқиғаның байланысы
3 Оқиғаның дамуы
4 Оқиғаның шиеленісуі
5 Оқиғаның шарықтау шегі
6 Оқиғаның шешілуі

ІІ Мағынаны тану
Оқиғаның кейіпкерлеріне талдау жұмыстары

Оқиғаның кейіпкері Іс-әрекеті Адами қасиеті Баға беру


ІІІ «Алтын сақа» (2 топқа ойын) номерленген асықтар бойынша тапсырмаларды орындау.
1. Ұзаққа созылған сары ауруға шалдыққан шағында Тектіғұл ағасы мен жеңгесінен нені тілек ететін еді?
2. Бақтығұл іздегенім «осы дегендей» көп ойланбастан, атына жабысқан бойда қаршыға тастайтын аңшыдай қисайыңқырап келіп,... мойнына қыл арқан бұғалықты тастап кеп жіберді. Қандай малға бұғалықты салды?
3. Арада тағы бір-екі жұма өтер - өтпесте Тектіғұлдың қатал тағдыры, маңдайына жазылған қазасы жетті. Артында өксіп-өксіп кеп жылап, Бақтығұл інісінің қазасына не деп қайғырды?
4. Бақтығұлдың үш баласының атын ата.
5. Тектіғұл анығында қандай еді? Бізге жазушы болып Тектіғұлдың портретін айтып беріңдер?
6. Ауру жігітті қолына көтерген ағасы енді төсекті салған әйелі Қатшаның қасына алып келді де былай деді.(ойды өрбіт)
7. Арада қанша уақыт өткенін Бақтығұл білмейді. Ол есін жинағанда, ең алдымен сезгені не еді?
8. Ел ішіне келген қалың аурудан әке-шеше қатар тартып жығылып, араларына екі-ақ күн салмай, әуелі шеше, артынан әке өлді.Қандай аурудан қайтыс болды?
9. Он жылғы еңбегім бір жылғы киімге татымаса, малыңның құлағын... Мені қырып ал, өлер жайым жоқ дейді. Соған долданған Сәлмен бай Тектіғұлды қалай жазалайды?
ІҮ Ой-толғаныс
Екі түрлі түсініктеме күнделігі

Қатты әсер еткен тұстары нан үзіңді Әсер еткен үзіңділер жайлы пікір жаз жаз

Сөзжұмбақ

ж ұ м а т а й
р ы с қ ұ л
м ұ х т а р
қ а т ш а
о м а р х а н
ж а р а с б а й

1. Бақтығұлдың бес жасар баласы кім?
2. Тұрар Рысқұловтың әкесі.
3. Абайдың туған өлкесінде дүниеге келген кім?
4. Бақтығұлдың жары кім?
5. Мұхтардың әкесі кім?
6. Бақтығұл кімді өлтірді?

Ү. Үйге тапсырма.

Ұнаған кейіпкерлерге хат жазу

ҮІ. Бағалау
- Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.