Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мақал-мәтел-халық тұжырымы -

Мақал-мәтел-халық тұжырымы

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 340 | Просмотров: 1580 | Размер: 14.2 Kb | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтел-халық тұжырымы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Мақал-мәтелдердің сан ғасырлық халықтық мұра екендігін, ел өміріндегі маңызын меңгерту;

2.Дамытушылық:Шығармашылық ойлау қабілетін, сыни ойлауын дамыту, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру.

3.Тәрбиелік:шешендікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: «Кең ауқымды дәріс», «Синкуейн», «Кубизм», «Эссе»

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың көрнекілігі: Мақал-мәтелдер жинағы

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

«Синкуейн» әдісі.

Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам:синкуейн жазу үшін негізгі тақырыпты анықтау – 5 жол өлең(көбіне сабақ тақырыбы алынады)
2-қадам:синкуейннің алгоритмі жазуға беріледі:
Бірінші жол - тақырыптың атауы (әдетте зат есім алынады)
Екінші жол – тақырыпты сипаттайтын екі сөз(әдетте сын есім алынады)
Үшінші жол – тақырып туралы қимылды білдіретін 3 сөз (әдетте етістік алынады)
Төртінші жол – тақырыпқа қатысты 4 сөзден тұратын сөз орамы
Бесінші жол – 1 сөз – тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз.
3-қадам:үйренген синкуейнді дәптерге жазып алу.Мысалы:

Үздік синкуейн:
Тақырыптың аты: Мақал-мәтел
Сипаты: тұжырымды, ойлы
Қимылы: айтамыз, нақтылаймыз, түйіндейміз.
Нақыл сөз: Тоқсан сөздің тобықтай түйіні
Синоним сөз: нақыл
4-қадам:қызығып оқиды,жұпта және топта талқылайды.
5-қадам:ең үздік синкуейн (топтардың пікірі бойынша)класта оқылады.

ІІ. Мағынаны тану.

«Кең ауқымды» дәріс әдісі бойынша жаңа сабақты меңгерту.

ІІІ. Рефлексия.
1.«Кубизм» әдісі.

Кубиктің көмегімен төмендегі тапсырмаларға жауап беру.
Ұсынылатын тақырып:мақал-мәтелдер
1.Суреттеңіз. (түсі, пішіні, өлшемі)
2. Салыстырыңыз (неге ұқсайды, неге ұқсамайды)
3.Байланыстарыңыз ( тура елестетіңіз)
4. Талқылаңыз. (Неден тұрады? Неден жасалған? Не үшін?)
5.Қолданыңыз (бұнымен не жасауға болады)
6. Дәлелдеңіз («Ия, «жоқ» деп алыңыз да, дәлелдеңіз, бұл жақсы ма, жаман ба?)

2. Оқушыларды іздендіре отырып кестені толтыру.

№ Мақал - мәтелдер Тақырыптары
1 Денсаулық – зор байлық .....
2 ..... Өнер – білім
3 Досы көпті жау алмайды,... ...
4 .... Еңбек
5 Ата көрген оқ жонар,... ...
6 .... Ынтымақ, бірлік
7 Ерді намыс өлтіреді,.... ...

ІV. Үйге тапсырма.
«Эссе» әдісі
Мақал-мәтел - халық тұжырымы.

V.Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.