.
.
Сабақтың тақырыбы: Қорқыт ата кітабы (9 сынып) Қорқыт ата кітабы
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 296 | Просмотров: 2760 | Размер: 6.8 Kb | Автор: ТәрбиеСабақтың мақсаты: а) Қорқыттың білімдар, ақылгөй, ойшыл, зиялы, ірі тұлға екенін оқушыларға жеткізу. Қорқыт кітабы, ондағы жырлар жөнінде түсініктер беру;
ә)Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, ойларын еркін жеткізуге баулу;
б) өнер адамына, еліне, тарихына, табиғатына, тілге деген сезімдерін ояту.
Сабақта қолданылатын әдістер. Ойқозғау, баяндау, топтастыру, ұжымдық, жеке жұмыстар.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгеру сабағы
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы көрсетілетін слайдтар, қобыз суреті, сабақ эпиграфына алынған сөз.
Пәнаралық байланыс: музыка, тарих
Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып өту
Сабақтың эпиграфы: «Қорқыт алғаш қобыз тартып, сарын айтуда үйреткен ең бірінші бақсы». Ш.Уалиханов
1. Ойқозғау
а) Қорқытты кімдер зерттеді?
ә) Ол туралы аңыздар?
б) Қорқыттың күйлері, шығу тарихы
2. Жаңа сабақ.
Қорқыт ата кітабы, жырлары туралы түсініктер беру
3. Кімнің портреті берілген?
А) Ол Білге қаған кезінде төбе би болған. Елінің тарихын, тағдырын жыр еткен, толғап айтқан жырау
Ә) Түркілердің оғыз тайпасынан шыққан асқан сәуегейі, бақсы, күйшілік, жыраулық өнердің атасы?
Б) Ол ағасы Қапаған ханмен бірге әке ісін жалғастырушы, алты жасынан бастап жауларымен жиырма үш рет соғысып, жауларының «елдігін әлсіретеді», «Қағандығын қансыратады».
4. Кестені толтыру «Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы жыр»
Оқиға Оқушы жауабы
Баланың Бұқаш атануы Он беске толғанда сүзеген бұқамен айқасып, жеңеді.
Баланың өліміне себепші кімдер? Айналасындағылар әкесіне Бұқашты жамандап, елдің жауы етіп көрсетіп, жалған жала жабады.
Бұқаштың қайта тірілуі Анасы Бұқашты тауып алып, оның жарақатын емшегінің сүтімен жазып алады.
Әкесінің тұтқынға түсуі Дерсе хан елін жау шауып, хан тұтқынға түседі. Бұқаш жауды талқандап, Дерсе ханды аман – есен еліне алып қайтады. Сөйтіп, өзін өлімге қиған әкесін жау қолынан ажалдан құтқарады.
Жырдың тақырыбы, идеясы Анаға деген түркіхалықтарының құрметі, ұрпаққа деген сүйіспеншілігі, ұрпақ жалғастыру мәселесі, ата – ана мен балалар арысындағы парыз. Ерлік жасау, ізгілік көрсету
5. Шығармашылық жұмыс. «Өлеңге әркімнің - ақ бар таласы». Оқушылардың Қорқыт аталарына арнап шығарған өлеңдерін оқуы.
6. Сабақты қорытындылау, бекіту.
Қызылорда қаласында Қорқыт атындағы университет бар.
Қызылорда облысы, Шиелі ауданында Қорқыт атамыздың ескерткіші бар. (тақтадан суретін көрсету).
7. Сабақты қорытындылап, оқушы білімін бағалау.
8. Үйге: Қорқыт ата кітабындағы шығармаларды оқып, мазмұнын баяндау. Сөзжұмбақтар құрастырып келу. Қорқыт туралы материалдар жинақтап келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.