Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Шәкәрім Құдайбердіұлы -

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 398 | Просмотров: 2685 | Размер: 16.8 Kb | Автор:
. [b]Ақтөбе қаласы № 5 жалпы білім беретін орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Багиева Гульзат Амангельдиновна Сабақтың тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлы. « Адамдық борышың»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірімен танысып, өлеңдерінің идеясын ашу, рухани - адамгершілік қағидаларымен танысу, өлеңді нақышына келтіре оқи отырып, негізі түйінді таба білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ақынның өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу, адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік ішкі рухани тазалыққа үйрету.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ типі: Іздендіру сабағы
Әдіс - тәсіл: іздендіру, ой қорыту, ойтолғау, салыстыру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, оқыту.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, тарих, музыка
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
Түрлі- түсті қағаздарда жазылған өлең жолдары арқылы оқушыларды топтастыру.
Ынтымақтастық отмосферасын қалыптастыру мақсатында оқушылар бір- біріне гүл шоғын ұсыну арқылы сәттілік тілейді.
Үй тапсырмасын сұрау.
Оқушылар алдын-ала бөлінген сала бойынша Абай Құнанбаев туралы деректер жайында ой толғайды.
І.Ақын өміріне шолу ІІ.Шығармашылығы ІІІ.Өлеңдеріне талдау ІҮ.Қарасөзі Үй тапсырмасын пысықтау Конверттегі сан сұрақ (1845, 1904, 45, 31)
Интерактивті тақта арқылы оқушыларға «Құм мен тас» бейне ролигін көрсетіп, олардың не ұққаны туралы ой бөлісу.
Жаңа сабақ
Оқушылардың ойын жинақтау мақсатында «борыш» сөзінің мәнін ашу.
Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы:
Ш.Құдайбердіұлының Адамдық борышың өлеңі.
Үнтаспадан «Адамдық борышың» өлеңін тыңдаймыз.
«Түртіп алу» әдісі (жаңа сабақ 10 мин)
І.Шәкәрім Құдайбердіұлының өміріне шолу
ІІ.Шығармашылығына шолу
ІІІ.Ақын өлеңдерінің тәрбиелік мәні
ІҮ.Ғаламтормен жұмыс
Шәкәрім Құдайбердиев - қазақ мәдениеті мен ғылымының көгінде өзінің жарқын жұлдызын қалдырған биік тұлға.
Ә. Тәжібаев
Құнанбай – Күңке (бәйбішесі) - Құдайберді – Дәметкен (бәйбішесі) -Омар , Мұртаза, Шахмардан, Шаһкәрім (Шәкәрім) Шәкәрім — Абайдың немере інісі. Ұлы Абайдың жеті ағайынды болғаны белгілі. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді сол жетеудің үлкені. Шәкәрімнің жеті жасында әкесі қайтыс болады. Бұдан соңғы жерде ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады.
Шәкәрім әрі ақын, әрі тарихшы, философ, өз заманының үлкен ойшылы еді. Халық тағдыры — Шәкәрімнің жырындағы көкейтесті тақырып. Өз өлеңдерінде ол әрдайым халық басындағы жағдайларды баяндады.
«АДАМДЫҚ БОРЫШЫҢ» өлеңі Өлеңді құрылысына талдау.
Авторы- Ш. Құдайбердіұлы
Негізгі тақырыбы- адамзат міндеті
Идеясы-артына үлгі аларлықтай іс қалдыру.
Жанрлық түрі-поэзия
Шумақ-6. Тармақ-24.Бунақ-63.Буын-1 шумақ-6 буыннан Негізгі тақырыбы - адамзат міндеті. Идеясы - артына үлгі аларлықтай іс қалдыру.
Түсіндірме сөздік
1.Мансап - атақ,даңқ 2.Нәпсі – тойымсыздық, көрсеқызырлық
3.Тұл - жалғыз, ескерусіз қалу 4.Сарп қылу - жанымен беріле орындау
5. Ғибрат - үлгі
Адамдық борышымыз: халыққа адал еңбек ету,білім мен өнер үйрену, келешекке жол көрсету, үлгі алатындай із қалдыру, жаман қылықтардан аулақ болу, мансап үшін мақтанға салынбау, бақ үшін арсыз қылықтардан аулақ болу .
Талдау – табыс кілті І. Көрініс
ІІ. Ақын ізімен
ІІІ. Мақал -мәтел
ІҮ. Салыстыру

Абай Құнанбаев Шәкәрім Құдайбердіұлы
«Әсемпаз болма әрнеге» «Адамдық борышың»
Пайданы көрсең бас ұрып,
Мақтанды іздеп қайғы алма Мақтанға салынба,
Мансаптың тағы үшін
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан! Жоба тап, Жол көрсет, Келешек қамы үшін
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға Ғибрат алар артыңда із қалдырсаң,
Шын бақыт-
Осыны ұқ, Мәңгілік өлмейсің.
Өзіңде бармен көзге ұрып,
Артылам деме өзгеден Ақ жолдан айнымай
Ар сақта оны біл.
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспей бәйге алма. Білімсіз, Өнерсіз,
Болады ақын тұл.
Қорытындылау.
КЕРІ БАЙЛАНЫС
І.Күнделік жазу (мұғалімге хат)
ІІ.Күнделік жазу (досыма хат)
ІІІ. Сурет салу
ІҮ.Бір айналым сөйлесу
Үй тапсырмасы
Ақын өмірі мен шығармашылығы оқу.“Адамдық борышың” жаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.