.
.
Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 345 | Просмотров: 1776 | Размер: 50.5 Kb | Автор: ТәрбиеСабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың Ыбырай өмірі мен шығармашылығын қалай меңгергендігін пысықтау; әңгімелерінің тақырыбын ашу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ойын ашық айта білуге және өз пікірін қорғай білуге баулу.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке, жақсы жолдас бола білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: СТО стратегиялары
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің портреті, кітаптар
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
І. Қызығушылықты ояту
- Оқушыларға түрлі түсті қағаздар үлестіріп, үш топқа бөлу.
- «Сандар сөйлейді...» стратегиясы (Ы.Алтынсариннің өмірбаяны бойынша сұрау)
- 1841 жылы қандай оқиға болды?
- 1850 жылы қайда түседі?
- 1879 жылы не болды?
Ы.Алтынсарин кім? Осы сұрақ бойынша топтастыру.
ІІ. Мағынаны ажырату
- Сендер кіммен бірге тұрасыңдар?
- Отбасыңда неше адам бар?
- Әкең мен анаңды қалай сыйлайсың?
- Отбасы – тіршіліктің тірегі,-демекші отбасының бала өмірінде алатын орны ерекше. Бүгінгі өтетін тақырыбымыз отбасымен байланысы бар.
- Ы.Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Балаларға арналған әңгімелері өте көп. Бүгін «Әке мен бала» атты әңгімесімен танысамыз.
- «Адасқан мәтін» стратегиясы бойынша әңгіменің мәтінін үщ топқа беру. 10 минут ішінде балалар мәтінді ретке келтіріп, оқып, түсінгендерін сұрақтар қою арқылы сұрау.
- Әңгіме кімдер туралы?
- Әкесі жолда не көрді?
- Баласы не деп жауап берді?
- Әкесі ақшаға не сатып алды?
- Жерге түскен шиені баласы не істеді?
- Әкесі балаға не дейді?
- Балалар, сөздікпен жұмыс істейік.
- Ескі таға – старая подкова
- Шие – вишня
- Ұста – кузнец
- Осы сөздермен сөз тіркестерін және сөйлемдер құрастыру.
- Мәтіннен қандай мақал кездесті? Оны дәптерлеріңе жазыңдар.
ІІІ. Ой толғау
- Бұл әңгімеден қандай ой түйдіңдер. Әңгіме неге үйретеді? Өз ойларыңды мына кестеге жазыңдар.
Менің әңгімеден алған әсерім Пікірім
ІV. Бағалау
V. Үйге тапсырма: 8-тапсырма, жоспарға сүйене отырып, әңгіменің мазмұнын айту. Еңбек туралы мақал-мәтелдер жазу.
Венн диаграммасын толтыру
еңбекқор жалқау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.