.
.
Бекітемін Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 365 | Просмотров: 4662 | Размер: 21.0 Kb | Автор: ТәрбиеДиректордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Есімов А.Ж
Бірлестік жетекшісі: Әбдіхалықова М.Н
Қазақ әдебиеті 9-сынып күні: 04.02.2013 жыл
Пән мұғалімі: Аймағамбетова Гүлайна Махшатқызы
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы
Сілтеме Білім стандарты, сабақ жоспары
Жалпы мақсаттар Ыбырай өмірбаяны, шығармашылық жолымен танысу, өлеңдері, әңгімелері, аудармалары және халық аузынан жинаған әдебиет үлгілері туралы білім алу, шығармаларының мазмұны арқылы адами ізгі қасиеттерге тәрбиелену, ойын нақты жеткізуге, толыққанды сөйлесімге үйрену
Оқыту нәтижесі - Сыни ойлауды дамыту;
- Тақырыпты, берілген тапсырманы түсініп талдайды;
- Алған білімдерін өмірмен байланыстырады.
Негізгі идеялар Теориялық білімді практикамен ұштастыру,ойларын тиянақты жеткізе білу.
Тапсырмалар 1. «Кластер құру».
2. «Мағынаны тану» стратегиясы
3. «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы
Сабақ кезеңі Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті
І. Ұйымдастыру 1) сәлемдесу
2) психологиялық жаттығу
- Балалар, әрқайсымыз өзімізге ыңғайлы, жайлы жерге отырдық. Енді басымызды сәл бұрып, қолымызды бір-бірімізге қояйық, бар зейінімізді маған аударып, көзімізді жұмайық. Қол-аяғымызға жағымды энергия берілуде. Осы қалпымызда 10 секундтай отырамыз. Мен кері санағанда, ойымызды жинақтап, көзімізді ашуға даярланамыз. 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0! Енді бәріміз бастапқы қалпымызға келеміз. Көзімізді ашамыз. Мұғалім айтқан іс-әрекетті қайталайды, сабаққа даярланады
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе Электронды оқулықтан ақпарат тыңдатып, жаңа сабаққа көшу
ІІІ. Жаңа сабақ «Кластер құру»
Тірек сөздер
1-топ: 1841, 1850, 1857, 1859, 1860, 1864, 14, 1876, 1879, 1883, 1888, 1886, 1887, 1889
2-топ: «Өзен», «Жаз», «Бұл кім?», «Әй, достарым!», «Әй, жігіттер», «Ананың сүюі», табиғат, әлеуметтік, еңбек, өнер адамгершілік
3-топ: 1879, мектеп инспекторы, 25 орындық интернат, қыздар училищесі, орыс мектебі, «Қазақ хрестоматиясы», 1864, 7 мектеп
4-топ: К. Ушинский «Балалар әлемі» кітабы, Л.Толстойдың «Визирь Абдул», «Три вора», «Силинчи ханым», «Екі дос», «Полкан деген ит», «Мұжық пен жасауыл»
5-топ: «Этнографиялық очерктер», «Тазша бала», «Жиренше шешен», «Қара батыр», «Жұт туралы», «Қазақ даласындағы аштық туралы» Топтар өздеріне берілген тірек сөздер арқылы тақырып қойып, кластер құрады
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту «Мағынаны тану»
1-топ: «Ойланыңыз». Мына түйінді нақылдарды әңгімемен сәйкестендіріңдер
«Асыл шөп» - Сабыр түбі – сары алтын
«Талаптың пайдасы» - Талаптыға нұр жауар
«Әке мен бала» - Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боласың
«Бақша ағаштары» - Бағып-қағуда да көп мағына бар
«Алтын шеттеуік» - Не нәрсенің де құр сыртана қарап қазақпа, асылы ішінде болар
«Шеше мен бала» - Көбірек жақсылық етуге шамам келсін десең, әр нәреге күтімді болу керек
«Полкан деген ит» - Ұлық болсаң, кішік бол
2-топ: «Талдаңыз». Мына фигураларды құрастырыңдар. Қандай шығарманың кейіпкерлері? Мазмұнын естеріңе түсіріңдер. Сатылай кешенді талдау жасаңдар.
- Шығарма аты
- Тақырыбы
- Идеясы
- Кейіпкерлері
- Оқиға барысы
- Түйінді ой
- Өз ойыңыз, пікіріңіз
3-топ: «Мазмұндаңыз және өмірмен байланыстырыңыз». Сұрақтар негізінде мазмұндау.
- «Бай баласы мен жарлы баласы» шығармасындағы Асан мен Үсенге сипаттама беріңіз.
- «Қыпшақ Сейтқұл» шығармасында Сейтқұл халқын байлыққа жеткізу үшін қандай тәсілді қолданды?
- «Асыл шөп» шығармасында автор оқырманға сабарлықты қалай түсіндіреді
- «Мейірімді бала» шығармасындағы баланың іс-әрекеті туралы айтыңыз
- «Жомарт» әңгімесі арқылы автор нені түсіндіргісі келді?
4-топ: «Зерттеңіз». Ыбырай ізбасарлары кімдер?
5-топ: «Қолданыңыз». Әңгіме негізінде тренинг немесе көрініс ұйымдастыру Топтар өздеріне берілген деңгейде тапсырмаларды ұйымдастырады
Ү. Қорытынды «Болсаң, осы бүлақтай бол» - мәнін ашу Топта ойласып, бір-бір сөйлеммен қорытындылау
ҮІ. Бағалау Мен үшін жаңалық Маған қызықты болды Маған қиындық келтірді
Плакатқа стейк жапсырады
ҮІІ. Үйге тапсырма «Ыбырай – балалар әдебиетінің атасы» тақырыбын оқу
№3 мектеп-лицей
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті апталығы
(4 – 9 ақпан, 2013 жыл)
Ыбырай – қазақ балалар әдебиетінің атасы
Аймағамбетова Гүлайна Махшатқызы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.