Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Баға, саны, құны -

Баға, саны, құны

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 343 | Просмотров: 2315 | Размер: 71.5 Kb | Автор:
. Сабақтың тақырыбы: Есептің жаңа түрімен танысу
(бағасы,саны, құны) (60- сабақ)
Сабақтың мақсаты: бағасы, саны, құнын табуға берілген есептер туралы білімдерін қалыптастыру; осындай есептерді шығару тәсілдерімен таныстыру.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.
Есептеу дағдыларын дамыту үшін «Үндемес» ойынын ұйымдастыру пайдалы. Мұңалім мысалдарды айтады, оқушылар жауаптарын карточканың көмегімен көрсетеді:
7-ні 5-ке арттыр;
7-ні 5-ке есе арттыр;
7-ні 5-ке кеміт;
60 пен 0-ді көбейтіндісін көрсет;
45 пен 1-дің көбейтіндісін көрсет, т.б.
Не болмаса «Қақпаға доп сал» ойынын ойнатуға болады. Мақсаты: есептеу дағдыларын дамыту. Тақтаға футбол қақпалары бейнеленеді, қақпа торына, мысалы, 24,27,28 деп сандар жазылады. Әр қатарға белгілі бір уақыт ішінде (3-4 минут) берілген жауаппен барынша көп мысал құрастыру тапсырылады. Бірінші қатар өз қоқпасына жауабы 24, үшінші қатар- жауабы 28 санымен мысалдар жазады. Тиісті жауапқа көбірек мысал келтірген қатар жеңеді.
3.Жаңа сабақ.
Есептің жаңа түрімен таныстыру үшін оқушылармен пратикалық жұмыс ұйымдастырылады.Жинақ полотносында әртүрлі заттардың суреттері қойылған. Мысалы, әрқайсында 5 теңгеден бағасы жазылған 3 самса, 6 теңгеден 6 кәмпит, 4 теңгеден өшіргіштер, 8 теңгеден қарындаш, т.б.
Содан кейін №1-4тапсырмалардың материалдары түсіндіріледі. Оқушылар алдымен заттың бағасын, санын, құнын қалай табуға керектігін өздері тұжырымдап, содан кейін оқулықтан қарағаны дұрыс.

4.Бекіту
Алғашқы бекіту жұмысы үшін оқушылар мұғалімнің көмегімен №5 тапсырманы орындайды. Содан соң жаңа сабақты қалай меңгергендерін тексеру мақсатында кесте толтыру жұмысын өздігінен орындауды тапсыруға болады.


1-нұсқа 2- нұсқа
Бағасы Саны Құны
7 теңге ?дана 28 теңге
5 теңге 4дана ? теңге
? теңге 5дана 45 теңге
3 теңге 9дана ? теңге

6 теңге ?дана 54 теңге
Бағасы Саны Құны
6 теңге ?дана 24 теңге
5 теңге 7дана ? теңге
? теңге 5дана 40 теңге
3 теңге 7дана ? теңге
6 теңге ?дана 36 теңге

Барлық жаттығу жұмыстарын орындап болғаннан кейін мұғалімнің жетекшілігімен №7 тапсырма орындалады, баға, сан, құн арасындағы байланыс анықталады.
5.Өткен тақырыппен жұмыс.
6. Өздік жұмыс ретінде №6 тапсырма ұсынылады (тек көбейтуге өрнек жазу). №8 логикалық тапсырманы оқушылар өздері орындай алады.
7.Сабақты қорытындылау.
 Бүгінгі сабақтағы ең маңыздысы не болды?
 Не қызықты болды?
 Бүгінгі сабақта алған білімдерінді қайда пайдаланасыңдар?
 Өздеріңнің жұмыстарына баға беріңдер.
Үйге бөлуге өрнектер жазуға арналған №6жаттығу беріледі. Шығармашылық деңгей: тауарлар мен бағалар көрсетілген суреттер салу, сурет бойынша есептер құрастыру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.