Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Етістікті қайталау -

Етістікті қайталау

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 386 | Просмотров: 2890 | Размер: 35.0 Kb | Автор:
. Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Қызылжар орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кадирова Алтын Туменбаевна

Сабақтың тақырыбы: Етістікті қайталау.
Сабақтың мақсаты:

1. Білімдік: етістік, оның түрлері туралы алған білімдерін
жинақтау және бекіту

2. Дамытушылық: байланыстырып сөйлеу, сауатты жазу
дағдыларын жетілдіру, ой-өрісін дамыту

3. Тәрбиелік: қазақтың ұлттық өнерін сүюге, дәріптеуге,
үлкеннен үлгі алуға, үлкендерді құрметтеуге,
табиғатты аялауға, құстарға қамқор болуға
тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: Б.Блум таксономиясын қолдану, сұрақ-жауап,
көрнекілік, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, бағалау парағы, слайд.
Сабақтың формасы: жеке жұмыс, жұптық жұмыс, өзін-өзі
бағалау.
Сабақ барысы: Психологиялық кезең

- Бүгін біздің парталарымызда құстардың суреті тұр.. Құстар келіп қалыпты. Неге деп ойлайсыңдар?
- Көктемде құстар Отанына оралады.
- Құстардың суреттерінің артында бүгінгі сабағымыздың жоспары тұр. Бүгін біз осы тапсырмаларды орындап, мақсатымызға жетіп, өзімізді-өзіміз бағалауымыз қажет.

1. Негізгі бөлім.

1. Білейік!

Мақсаты: етістік туралы білімдерін еске түсіру

- Етістік дегеніміз не?
- Етістіктің сұрақтары қандай?
- Етістіктің түрлерін ата.
- Дара, күрделі етістік дегеніміз не?
- Негізгі және туынды етістік дегеніміз не?
- Болымды, болымсыз етістіктерге мысал келтір.
Өздерін бағалау. (бағалау парағына)

Бағалау нормасы тақтада ілулі тұр.
« 5»-жауабының бәрі дұрыс
« 4»-1-2 қате жіберсе
«3»-3-4 қате жіберсе
Қойған бағаларын дәлелдеу.

2. Түсінейік!
Мақсаты: жаттығулар арқылы етістік туралы білімімізді нығайта
түсу
а) Дәптермен жұмыс. Көркем жазу.
Қққ Қққ
Құстар-қанатты достар.
ә) оқулықпен жұмыс (Ауызша)
Сұрақтар арқылы жауап алу .Етістікті атап, олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтау. Құрт-құмырсқа (Талдауына байланысты өздеріне баға қою)

3. Қолданайық!
Мақсаты: етістіктің зат есіммен байланысын анықтау.
а) Тақтаға жаттығу орындау.
ә) өз беттерімен жаттығу орындау, етістіктердің астын сызу. (Көршісінің дәптерін тексеріп, бағалау)

4. Талдайық! Сергіту
Мақсаты: мәтін ішінен етістікті таба білуге,оларды сөз құрамына талдауға төселдіру.
Сурет мазмұны бойынша шағын әңгіме құрау. Әңгімен етістіктерді табу. Сөз құрамына талдау. (тақтаға)
(Өздерін бағалау)
5. Жинақтайық!
Мақсаты: Алған білімдерін жинақтау, пысықтау.
«Қызықты тапсырма» Гүлді таңдап, тапсырманы орындайды. (слайдпен көрсету)
6. Қорытайық! Бағалайық!
Мақсаты: жалпы сабақты қорытындылау.
Ұпай санын есептеу:
«23-25» -5
«18-22» -4
« 13-17» -3
7. Үйге тапсырма: 3 сөйлем құрап келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.