.
.
Сабақтың тақырыбы: Ы-І дыбыстарын ажырату Ы-і дыбыстарын ажырату
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 374 | Просмотров: 3224 | Размер: 36.0 Kb | Автор:Сабақтың мақсаты:
1.Тіл дыбыстарын дұрыс айтуға керекті сөйлеу мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын жетілдіру
[Ы] және [І] дыбыстарының артикуляциялық ерекшеліктерін меңгерту.
[Ы] және [І] дыбыстары қатысты сөздерді дұрыс айтуға жаттықтыру, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту
2. балалардың танымдық қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Фонетика-фонематикалық есту қабілетін арттыру.Өз беттерінше жұмыс істей білуге дағдыландыру
3. білімге деген құштарлықтарын арттыра отырып, ана тілін құрметтеуге үйрету
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер, айна, мақта, май шам, шырпы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, АКТ
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Балалардың зейінін сабаққа аудару
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Келген қонақтарға
Бас иеміз біз
Тыныс алу жаттығуы: май шамға үрлеу, мақтаға үрлеу
«Өз-өзімізге массаж жасайық»
Жаңа сабақ
-Ы, І дыбыстары қандай дыбыстар?
-Дауысты дыбыстар
Ы- жуан дауысты дыбыс, сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі
І- жіңішке дауысты дыбыс, сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі
-Балалар мына суреттерге назар аударайық, ы-і дыбыстары кездесетін суреттерді атаңдар
Ы-І дыбыстарының артикуляциялық кескініне сипаттама беру
«Көңілді тіл» ертегі бойынша артикуляциялық жаттығулар
Тілді оңға, солға, алға созу. «Ат шауып келеді» жаттығуы
Сергіту жаттығуы
-Тақтаға ілінген суреттерді атаңдар.
-Қызылша, қызанақ, қызғалдақ, қарбыз, қауын, үкі, бүркіт
-Осы сөздерді қатыстырып оқушыларға сөйлем құрату
Оқушыларға жеке тапсырмалар беру
1.Өлеңді мәнерлеп оқу
2.Көп нүктенің орнына ы-і дыбыстарының тиістісін қой
3. Ы-І дыбыстарына басталатын сөздердің тұсына + белгісін қой
Ұсақ моторикамен жұмыс
Шырпыдан ы –і дыбыстарын құрастыру
Сабақты бекіту
1.Бүгін сабақта қандай дыбыстар туралы өттік?
2.Сонымен ы-і дыбыстарын қалай ажыратуға болады?
3.Сабақ ұнады ма?
Үйге тапсырма.
Қорытынды
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.