Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жабайы аңдар -

Жабайы аңдар

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 603 | Просмотров: 6077 | Размер: 20.7 Kb | Автор:
. Сыныбы:1 «Ә»
Мені қоршаған орта
Күні: 11.04. Тексерген:Оқу ісінің меңгерушісі:_____________
Сабақтың тақырыбы::Жабайы аңдар
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жабайы аңдарды бір-бірінен ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету, балалардың қоршаған ортаны танып-білуге, табиғат байлығына қызығушылықтарын оятып, жабайы аңдар туралы мағлұмат алуларына ықпал ету.
Дамытушылығы: Қоршаған орта мен адамдардың бір-бірімен тығыз байланыстылығын аңғарту.
Тәрбиелігі: Жабайы аңдар туралы түсініктерін молайту, табиғатты аялай білуге, аңдарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Тордағы қасқыр, аю, түлкі,магнитті жабайы аңдар суреті,хайуанат бағында
Пәнаралық байланыс:дүниетану
Күтілетін нәтиже:Жабайы аңдардың ерекшелігі,тіршілігі жайлы мәлімет алады.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Армысың , шапағатты күніміз, Табиғатым тамаша,
Армысың , мейірімді жеріміз, Көз тоймайды қараса.
Армысың,табиғат-анамыз, Табиғатты аялап,
Келді сізге өзіңіздің балаңыз. Жүрейікші жараса.
-Бұл өлеңде не туралы айтылған?
Қане, барлығымыз қайтадан қайталап жіберейікші.
-Өлеңде табиғат жайлы айтылған.
II.Өткен сабақты қайталау.
-Балалар,төрт түлік туралы кім атап береді?
-Олардың қандай пайдасы бар?
-Төрт түліктің пірлерін ата.
III.Жаңа сабақ.Балалар орман, табиғат дегеніміз не екен?
Ол-бізді қоршаған орта, табиғатсыз ешқандай тіршілік жоқ. Ол –барлық тіршілік иесінің ортақ үйі, табиғаттың бізге берер сыйы да көп.Олай болса бүгінгі сабағымызда осы табиғаттың тіршілік иелерінің бірі-жабайы аңдармен танысамыз.
-Жабайы аңдар қайда болады?
Балалар біз алдымен аңдар жайлы жұмбақтар шешейік.
Жабайы аңдармен танысамыз.
Орманда болады. Асты тас, үсті тас,
Өзі айлакер, өзі қу, Ортасында шандыр бас. (Тасбақа)
Жүрген жері у да шу. (түлкі)
Төрт аяғы бар, Тышқанға ұқсайды,
Екі көзі бар Арқасында инесі бар. (кірпі)
-Өте жақсы.
Балалар, адамдар осы аңдарды жақыннан көру үшін, танысу үшін хайуанаттар бағына барады,онда да жабайы аңдар болады екен. Сендер хайуанаттар бағына барып көрдіңдер ме?Оқушы жауаптары
Ендеше көлікпен хайуанаттар бағына барайық.
-Біз қайда бара жатырмыз? Хайуанаттар бағы дегеніміз-үлкен бақ. Онда тек жабайы аңдар ғана емес, жануарлар да, құстар да торда тұрады. Біз осылардың ішінен өзіміз ертегілерден естіп жүрген аңдарды ғана көріп тамашалаймыз.
-Хайуанаттар бағында аңдар қайда тұрады екен?
-Оларды неге торда ұстайды?
-Өйткені олар қауіпті жыртқыш аңдар.
-Балалар тыңдайықшы: Нелердің дыбыстары естіліп жатыр екен?
-Балалар қараңдаршы мынау қандай аң?
-Қасқыр неге ұқсайды?
Бұл сұр түсті қасқыр, аяқтары ұзын екен, өте қауіпті. Ол жануарлармен, құстармен қоректенеді.
-Мынау қандай аң?
-Қасқырдан үлкен бе, кіші ме?
Аюдың түсі қоңыр, икемсіз жыртқыш аң.Аюлар судан балық аулап жейді, құстарды аулап жейді және жидектермен қоректенеді. Аю қыс бойы ұйықтайды.
-Ал, мынау қандай аң?
-Түлкіні біз көбінесе мультсериалдардан, ертегілерден көреміз.
Түлкінің түсі тоқ сары, тұмсығы қара.
-Түлкі неге ұқсайды?
Осы хайуанаттар бағындағы торда тұрған аңдарға осы бақта жұмыс істейтін адамдар тамақ береді. Ал, ормандағы аңдар өздері аулап жейді.
-Өте жақсы. Енді көлігімізге отырып орнымызға барайық.
-Балалар біз қайда бардық?
-Ендеше балалар,аңдар туралы қандай тақпақтар, жұмбақтар білесіңдер?
IV.Сергіту сәті: «Ұзын құлақ сұр қоян»
Ұзын құлақ сұр қоян, Қарап еді артына ,
Естіп қалып сыбдырды. Қиығын сап көзінің
Ойлы-қырлы жерлермен, Келе жатқан томпаңдап,
Ытқып-ытқып жүгірді. Көжегі екен өзінің.
V.Шығармашылық жұмыс
Әрбіреуіміз аң ролінде болып өлең шығарайық.
1.Мен аюмын , аюмын, 2.Мен түлкімін, түлкімін,
Орманда мен тұрамын. Мен айлакер түлкімін.
Қыс мезгілі келгенде, Қулығымды асырып,
Қар астында ұйықтаймын. Қуанып мен жүремін.
3.Ақ қоян-ау, ақ қоян, 4. Мен, қоянмын, қоянмын,
Үркек қоян , сақ қоян. Жорыққа түнде жортамын.
Қаша берсең қалыңға, Қалдырмаймын ізімді,
Қорқағым деп ат қоям. Өйткені күндіз қорқамын.
VI. Ойын ойнайық: «Үйшігін тап» деген.Мына жерде аңдардың үйшіктері, бірақ қай

үйшік қайсынікі екен, өздері де шатасып қалыпты, кане көмектесіп тауып беріңдерші?
Ал, енді атап кетейік:Аю – апанда,
Түлкі- інінде,
Қасқыр – апанда,
Тиін – ағаш қуысында,
Кірпі – інінде.
- Осы жабайы аңдардың балалары бар ма?
Қай аңның қандай баласы бар екен, оны тауып атау үшін мен сендерді ойын ойнауға шақырамын.
«Анасын тап» деген. Міне аналары, ал балалары адасып қалыпты, кане аналарын тауып беріңдерші?
Балаларын атап кетейік:
Аюдың баласы- қонжық
Түлкінің баласы- мыршай
Қасқырдың- бөлтірік
Қоянның – көжек
Тиіннің – тиін баласы
Кірпінің – кірпі баласы
Бұғының – бұғы бұзауы
Қабанның – торай
Олар жабайы аңдар болса да өз балаларын өте қатты жақсы көреді, қорғап жүреді, тамақ тауып береді.
VII.Қорытынды:
-Балалар, қалай ойлайсыңдар жабайы аңдарды қорғау керек пе?Орманды бақылайтын орманшы болады.
-Орманшы орманға қалай қамқорлық жасайды?
Олар аңдарды аңшылар келіп атып кетпесін деп бақылау жасайды.
Жабайы аңдар мөлшерден тыс көбейіп кетсе, атады.
Ормандағы тазалықты қадағалайды.
Жас ағаштар отырғызады.
Орманды өрттен қорғайды.
Енелерінен айырылған аңдардың балаларына көмек көрсетеді. Орманды мекендейтін қай аң болмасын біз адамдар қамқоршы болуымыз керек.

Мадақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.