Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қанайналым. Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері. -

Қанайналым. Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері.

Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 323 | Просмотров: 3003 | Размер: 16.6 Kb | Автор: bibigul
. Сабақтың тақырыбы: Қанайналым. Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері.
Сабақтың мақсаты: Жүректің құрылысына қарай тоырып, қантамырлары және қанайналымның жолдары жайлы толық мағлұмат беру.
Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық сурет, кесте
Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: мазмұн, топпен жұмыс, кестемен жұмыс
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі (1-2мин). Амандасу, оқушыларды түгендеу,оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сынып бөлмесінің сабаққа даярлығы, оқушылардың назарын ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын міндетті түрде тексеру (7-8мин). Орындалмау себебін анықтау, қателерді түзету.
III. Жалпы білім деңгейін тексеру (3-4мин).
Үй тапсырмасын тексеру:
I- тапсырма
Оқушыларға карточка мен суреттер таратып беру.
1. Жүрек автоматизмі деген не?
2. Жүрек құрылысындағы қандай бейімделу қанның бір бағытта қозғалуын қамтамасыз етеді?
3. Неліктен жүрек бүкіл өмір бойында қажусыз және үздіксіз жұмыс істей алады.
4. Жүрек жұмысына жүйке жүйесі қалай әсер етеді? Олардың маңызы неде?
5. Гормондар жүрек жұмысына қалай әсер етеді?
6. Неліктен жүрек үздіксіз және бүкіл өмір бойы қажусыз жұмыс істей алады.
7. Жүреті қандай ұлпалар құрайды?
8. Артерия құрылысы қандай?
9. Вена құрылысы қандай?
10. Капилляр дегеніміз не?
IV.Жаңа материалды белсенді және саналы түрде меңгеруге даярлау кезеңі (3-5мин).
Ал балалар кітап және дәптерлеріңізді ашып бүгінгі күнді жазыңыздар.
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Қанайналым. Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері.
Ағзадағы қантамырлар екі тұйық жүйе кіші және үлкен қанайналым шеңберлерін құрайды.
Үлкен қанайналым шеңберлері дегеніміз- қанның сол жақ қарыншадан шығып, бүкіл мүшелерге таралып, оң жақ жүрекшеге қайтып келуі. Бұл жүйе ағзаны оттегі мен қоректік заттармен қамтамасыз етеді.
Сол жақ қарынша жиырылып, оттегіге бай артериялды қанды адамның ең ірі артериясы қолқаға айдайды. Одан барлық мүшелерде, жүректің өзінде қанмен қамтамасыз ететін артериялар тармақталады. Артериялар әрбір мүшеде біртіндеп тармақтала отырып, көптеген ұсақ артериолдар мен капиллярлар торын түзеді. Үлкен қан айналым шеңберінің қылтамырларынан дененің барлық ұлпаларына оттегі мен қоектік заттар әкеледі, ал жасушадан капиллярларға көмірқышқыл газы өтеді. Бұл кезде артерия қаны вена қанына айналады. Капиллярлар алдымен ұсақ, одан соң едәуі ірі венаға бірігеді, сөйтіп қанды жүрекке жеткізіп, оң жақ жүрекшеге құяды.
Қан үлкен қанайналым шеңберін 23 секундта айналады.
Үлкен қан айналым шеңберінің сызбанұсқасы:
Сол жақ қарынша қолқа артериялар мүшелердің капиллярлары оң жақ жүрекше

Кіші қанайналым шеңбері – үлкен қанайналым шеңберінен оң жүрекшеге келген веналық қан үш жақтаулы қақпақшалар арқылы оң қарыншаға келеді. Оң қарыншадан кіші қанайналым шеңбері басталады. Веналық қанның оң жақ қарыншадан шығып, өкпе артериясы арқылы өкпені торлап жатқан капиллярларға жетіп, артериялы қанға айналып, қайта өкпе венасы арқылы жүректің сол жақ жүрекшесіне дейінгі жүретін жолы өкпелік, немесе кіші қанайналым шеңбері деп аталады. Сол жақ жүрекшеден артериялы қан сол жақ қарыншаға екіжақтаулы қақпақшалар арқылы кіреді. Сол қарыншадан артериялы қанды мүшелерге тарататын үлкен қанайналым шеңбері басталады. Кіші қанайналым шеңбері 4 секундта айналады.
Кіші қанайналым шеңберінің сызбанұсқасы:

Оң қарынша өкеп артериясы өкпе капиллярлары өкпе венасы сол жүрекше
V.Жаңа білімді бекіту (10-15 мин)
Оқушыларға кесте таратып беру

1. Жүректің қандай тамырлары мен бөлімдері қанайналымның кіші және үлкен шеңберіне жататынын көрсетіңдер.

Қанайналымның кіші шеңбері А) Сол жақ жүрекше
Ә) сол жақ қарынша
Б) оң жақ жүрекше
В) оң жақ қарынша
Г) өкпе веналары
Ғ) қолқа
Д) өкпе артериялары
Е) жоғарғы қуыс вена
Ж) төменгі қуыс вена
З) бауырдың қақпа венасы

Қанайналымның үлкен шеңбері

VI.Сабақты қортындылау
Тақтада берілген сөзжұмбақ арқылы сабағымызды қортындылаймыз.
VII. Үйге тапсырма 38 126-бет және 128-беттегі сұрақтар
VIII. Бағалау

Новоишим қазақ орта мектебі

Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы:
«Қанайналым. Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері.»



Биология пәнінің мұғалімі: Балдикова А.Ж.

2012 – 2013 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.