Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Гүлдің құрылысы -

Гүлдің құрылысы

Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 329 | Просмотров: 2396 | Размер: 40.5 Kb | Автор: bibigul
. 6-сынып.Биология
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы Гүлдің құрылысы
Жоспарланатын нәтижелер Гүлдің бөліктерін, олардың қызметін, табиғаттағы маңызын түсіндіру
Оқушы үшін жеке маңызға ие болатын материал Гүлдің тек гүлді өсімдіктерге ғана тән мүше екендігі. Одан жеміс не тұқым пайда болатындығы. Табиғатқа көрініс беріп, ада жанын жадырататын
Сабақтың жоспары
1.Өткен тараудан алғаг білімдерін тиянақтау
2. Гүлдің бөліктермен таныстыру
3. Гүл бөліктерінің атқаратын қызметін сипаттау
4. Гүлдің көбеюге және жеміс түзуге қатысатын бөліктерінің құрылысымен таныстыру
5. Өтілген тақырып материалдарын қорыту
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формалары «Телевикторина» ойыны өткен материалдарды қайталау. ББК кестесін бәрін білгім келеді «өрмекші» торын толтыру, гүл макетін құрастыру
Мұғалім іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері Оқушылардың ішінара ізденісін, оқулықпен, биологиялық дәптермен, сурет, нағыз гүлдермен жұмыс істеуін ұйымдастыру
Танымдық тапсырмалар 1.Графопроектор арқылы көрсетілген гүл бөліктерімен өздеріне берілген нағыз гүл бөліктерін салыстыра сипаттау, гүл бөліктерінің сызбанұсқасын сызу
2.Өздеріне берілген гүл бөліктерінен гүл макеттерін құрастырып, оның қандай гүл серікті гүлге жататынын айту.
3. Гүлдің жыныс мүшелерін ұлғайтқыш әйнекпен қарап,талдау жасау.(санан анықтау) Аталық пен аналық құрылысының сызбанұсқасын сызу
Танымдық ойындар (биобизнес)

1 тапсырма -5ұпай
2 тапсырма (әр сұраққа
2 ұпай)-10 ұпай
3 тапсырма-15 ұпай 1.Биологиялық диктант(плакатта берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қою)
2. Сұрақтың дұрыс жауабын белгілеу (графопроектор арқылы 5 сұрақ-сауалнама беріледі.)
3. Берілген сөздерден сызбанұсқа құрастыр
А.өсімдік мүшелері
Б.өсімдік мүшелері
В.көбею мүшелері
Г. гүл бөліктері
Д. аталық
Е. аналық

Оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру 4 тапсырма-20 ұпай
1.ББК кестесінің 3- бөлімін толтыру
2. «Өрмекші» торын толтыру
Жаңа терминдермен жұмыс Гүл серігі, тозаң, тозаңғап, жатын (түйін, тұқым бүршігі)
Үйге тапсырма Оқулықтағы №20 тақырып соңындағы «БІЛІМІҢДІ ТЕКСЕР» тапсырмасы
Биология жұмыс дәптерінен 86-жаттығу

Оқушы білімін бағалау Телевикторинаға жауап бергендер және биобизнес ойнына қатысқандар, өзіндік жұмысты дұрыс орындағандар бағаланады

Сабаққа қажетті көрнекіліктер Теледидар,бейнемагнитофон, графопроектор, бейнетаспа, слайдтар, гүл суреттер, ұлғайтқыш шынылар, магнит тақта, схема-таблицалар,бөлме өсімдіктері

Сабақ өткізуші: ҚР Білім үздігі, жоғары санатты биология
пәні мұғалімі Жеміс Әлжанова

Атырау облысы,
Қызылқоға ауданы
Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.