.
.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту. «Мұғалімнің кәсіби шеберлігі: сыни ойлау оқыту үрдісінде»
Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 278 | Просмотров: 2303 | Размер: 17.4 Kb | Автор: bibigulКарманова Гүлбақыт Айтбайқызы
Биология пәнінің жоғары санатты мұғалімі
« Сабақ беру жай ғана шеберлік емес,
ол – жаңадан жаңаны табатын өнер »
Ж.Аймауытов
Қазақстан Республикасының 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты стратегиясы - білім мемлекеттің интеллектуалдық және рухани ресурстарының көзі адамзат капиталының сапасын арттыру. Осыған орай, білім беру жүйесінде жасалынып жатқан реформалар орта білім деңгейін жаңашыл бастамаға бағыттайды.
Білім берудің қазіргі кезеңінде оқытудың жаңа интнесивті педагогикалық технологиясына өту, оны модернизациялаудың белсенді процестерін жүзеге асыру, дүние жүзілік білім кеңістігіне ену мүмкіндіктерін анықтау өзекті проблемаға айналып отыр. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі –тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін –білім »делінген.
Сабақты жаңашыл үрдіспен өткізу, оқушылардың білім сапасын арттырып, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытып отырады, ал педагогтар үшін кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі.Оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалана отырып, өздіктерінен ойлана алатын, ізденгіш, шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлғаны тәрбиелеу.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту деген ұғымды кез келген жаңа идеяны сол күйінде қабылдау немесе оған түбегейлі сенім арту емес, ол идеялардың негізгі себептерін, жүзеге асыру жолдарын және нәтижесін білу, өз іс – әрекетіне лайықты кіріктіру, талдау, ой елегінен өткізу, яғни проблемаға сыни тұрғыдан қарап, өз мақсатына пайдалана білу.
Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?
« Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту » бағдарламасы бойынша:
- шыңдалған ойлау, даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен қарау;
- күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім қабылдауға құштарлық;
- үйрету мен үйрену бірлігінің, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясы үш кезең бойынша қолданылады:
1. Қызығушылықты ояту.
2. Мағынаны тану.
3. Ой толғаныс.
«Қызығушылықты ояту» кезеңінің мақсаттары:
-оқушы өзінде қалыптасқан білімі мен түсініктерін өзектендіру;
-оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту;
-жеке тұлғаның іс-әрекеті: қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер оқылатын мәселелер бойынша не білетінін еске түсіреді, ақпаратты жүйелейді, жауап алуға қажетті сұрақтар қояды.
«Мағынаны тану»кезеңінің мақсаты:
-жаңа ақпаратпен танысу;
Жаңа ақпаратпен өз білімімен ара қатынас белгілеу.
Жеке тұлғаның іс-әрекеті:
-мұғалім ұсынған белсенді оқыту әрекеттерін қолданып, жаңа тақырып материалдарын тыңдайды, оқиды;
-жаңа ақпараттың мәнін түсіну барысында мәтін шетіне белгі қояды немесе жазып алады;
-жаңа материалды меңгеру мақсатында алдына қойған мақсаттарына жету үшін белсенді әрекет етеді.
Осы кезеңдердің ұтымды өткізілуі төмендегідей нәтижелерге жетуге мүмкіндік туғызады:
-оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай алады;
-басқаларды тыңдай білуге, кез келген жауапқа сыйластықпен, түсіністікпен қарауға үйренеді;
-өз ойларын топ алдында ашық айта алуға, өз пікірін қорғай білуге баулиды;
-керек кезде өз көзқарасын дұрыс өзгерте білуге үйретеді, оның дамуын қамтамасыз етеді;
-ең бастысы –өзі ізденуге ұмтылады, сабаққа қызығушылығы артып, балалардың белсенділігі жоғарылайды.
«Сын тұрғысынан ойлау»бағдарламасының түпкі мақсаты: білімге құштар, ой өрісі еркін дамыған, ашық қоғам азаматын тәрбиелеу.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту арқылы:
-әр оқушы сабаққа толық қатыстырылып, деңгейін анықтай алады;
-жеке тұлғаның танымдық белсенділігін арттырады;
-қызығушылығын оятады;
-сұрақ қойып, өз ойын еркін айтуға:
-мазмұнын толық түсінуге жағдай туғызады.
Сонымен қатар, жекелей жұптық, топтық жұмыстар арқылы ойын ашық айта білу, пікір айтуға үйрену, пікір таластыру, ойланып жауап беру, жолдастарының ойын тыңдау, жауаптарын бағалай білу білім деңгейлерінің артып, көпшіл болуға әсер етеді.
.
Қазақстан Оқу Ассоциациясы Батыс Қазақстан облыстық « Өрлеу» БАҰОАҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық көзметкерлердің біліктілігін арттыру институты
Облыстық тәжірибелік – дамыту семинары
Баяндама
«Мұғалімнің кәсіби шеберлігі: сыни ойлау оқыту үрдісінде»
Дайындаған: Г.А.Карманова
Подстепный қазақ жалпы орта білім
беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі.
Орал 2014 жыл.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.