.
.
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Рахат ауылы №15-орта мектептің биология пәні мұғалімі. Абдыров Сергей Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері.
Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 422 | Просмотров: 2948 | Размер: 18.3 Kb | Автор: bibigul10-сынып
Сабақтың тақырыбы: Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру.
Тәрбиелік. Қазақстандық, патриотизм, ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау, үлкенге сый-кішіге жол көрсету.
Дамытушылық. Танымдық қызығушылықты дамыту.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй жұмысын сұрау
Сұрақ жауап алысу.
Жаңа тақырып.
Гаметалар тазалық ережесі. Бірінші буданда алынатын будандардың біркелкі болуымен екінші буын ұрпақтарында белгілердің ажырау құбылысын түсіндіру үшін, Мендель гамета тазалығы болжамын ұсынды. Оның мәні- организмнің кез келген белгі-қасиетінің дамуын тұқым қуалау факторы, яғни ген анықтайды. Мысалы раушангүлдің қызыл гүлдері мен ақ гүлдерін алып будандастырғандабірінші будандық ұрпақтың барлығы қызыл гүлді болған. Ол бірінші будан ұрпақта қызыл гүлді өсімдіктің доминанатты «А» гені бар гаметасы мен ақ гүлдінің рецессивті «а» гені бар гаметалардың қосылуының нәтижесі болып есептеледі. Сондықтан олардың генотипінде гүлдің қызыл түсін де,ақ түсін де анықтайтын гендер болады.Бірақ қызыл түстің гені доминантты болғандықтан, бірінші ұрпақтың барлығы да қызыл гүлді болады. Сонда олардың фенотипі бірдей болғанымен генотипінде екі түрлі ген болғаны. Ал ондай будан организмнен гамета түзілгенде оған тек бір ғана доминанатты «А» гені немесе рецессивті «а» гені беріледі. Бұл жағдайда будан организмнің гаметасында аллельді (жұп) гендер бір-бірімен араласып кетпей таза күйінде сақталады. Мұны гамета тазалығы дейді.
Әрине,Мендель будан организмнен гамета түзілу кезінде, геннің таралу процесін жасушаның нақты бір материялдық құрылымдармен және жасушаның бөліну механизмімен байланыстыра алмады. Алайда, Г.Мендель хромосомалық теория қалыптаспай тұрып- ақ, мейоздық бөлінудің механизмі мен гендердің әрекеттері күні бұрын дұрыс болжам жасап, гамета тазалығы туралы ережесін ұсынды.
Моногибридтті будандастырудың цитологиялық негіздері.
Мендельдің әлемге әйгілі тұқым қуалау заңдылықтары 1865 жылы жарияланғанымен, сол кезде толық қолдау таппай 1900 жылға дейін белгісіз болып қалды. Өз тәжірибелерін негізінде дұрыс нәтиже алғанымен бірнеше ұрпақтағы бірінші ұрпақтағы будандардың біркелкі болуы және екінші ұрпақта белгілердің ажырау себептері , гаметалар тазалығының механизмдері Мендельге белгісіз болды. Себебі ол кезде жасуша туралы мәліметтер жеткіліксіз еді. Атап айтқанда , жасушаның тұқам қуалау ақпараты, митозды бөліну , мейоз, гаметалардың түзілуі мен ұрықтануы, т.б. Ал қазір цитология ғылымы жан-жақты зерттелу нәтижесінде орасан зор табыстарға жетті. Сондықтан Мендель заңдарына цитологиялық тұрғыдан негіздеме беруге толық мүмкіндік бар.
Организмнің кез келген дене жасушаларында хромосомалардың диплоидті жиынтығы бар екенін еске түсірейік. Бұршақтың хромосомалар саны 14, яғни 7 жұп. Алуан түрлі белгілерді анықтайтын аллельді гендер түрлі жұп хромосомалардың бірдей үлескілерінде орналасқан. Мысалы, тұқымның түсін анықтайтын аллельді гендері бір ғана жұп хромосоманы алайық. Оның әр сыңарында:А- тұқымның сары түсін анықтайтын доминантты және а – жасыл түстің рецессивті гендері болады. Мейозды бөлінудің нәтижесінде пайда болған бұл сыңар хромосомалар қайтадан жұптасып, ондағы гендер де аллельді жұп құрайды.
Ендеше, Мендель тәжірибесіндегі алғашқы доминантты және рецессивті белгі бойынша гомозиготалы даралар будандасқанда , гендері әр түрлі гаметалардың қосылуына байланысты бірінші ұрпақты біркелкі гетерезиготалы будандар (Аа) алынған. Бұл будандардан екі түрлі гендері бар ұқсас хромосомалар мейозды бөліну кезінде екі гаметаға ажырап кетеді. Осыдай екі түрлі, бірінде – доминантты, ал екіншісінде рецессивті гені бар гаметалардың қосылуына байланысты келесі ұрпақта (Ғ2) ажырау жүрген. Ажыраудың арақатынасы бір 2АА:2Аа:1аа сипатта болатыны сондықтан. Тұқым қуалаудың аралық сипаты немесе толымсыз доминанттылық.Мендельдің бұршаққа жүргізген тәжірибелерінде байқалған доминанттылық құбылысы толық доминанаттылыққа жатады. Кей жағдайларда Ғ1 – дегі гетерезиготалы ұрпақтан доминанаттылық белгі толық байқалмай арлық сипатта болады. Мұндай құбылысты толымсыз доминанаттылық дейді. Мысалы, раушангүлдің қызыл және ақ гүлді формаларын алып будандастырғанда, Ғ1- дегі будандардың гүлдерінің түстері қазғалт болып шығады, яғни ата-анасының ешқайсысына толық ұқсамай, аралық сипатта болады. Осындай құбылысты намазшамгүл өсімдігіне жасалынған тәжірибеденде байқауға болады.
Мұндай гибридтерді өзара будандастырғанда, екінші (Ғ2) ұрпақта белгілер ажыраған. Сонда толымсыз доминанаттылық жағдайда Ғ1-дің генотипі Аа гетерезиготалы болса, Ғ2-де 1АА:2Аа:1аа қатынасында белгілер ажырайды. Бұл Мендельдің екінші заңына сәйкес келеді. Фенотипі бойынша раушангүлінің тұқым қуалауы – 1 қызыл:2-қызғылт:1- ақ түсті арақатынаста болады. Осындай бірінші будан ұрпақ белгілерінің аралық сипатта болуы толымсыз доминанаттылық болады.
Талдай будандастыру. Фенотиптері ұқсас өсімдіктер мен жануарлардың генотиптерін анықтау мақсатында талдай будандастыру жүргізіледі. Ол үшін генотипі белгісіз дара рецессивті белгісі бар гомозиготалы дарамен будандастырылады.Егер алынған ұрпақ біркелкі болса, зерттеліп отырған дараның генотипі гомозиготалы, ал ажырау жүріп екі түрлі белгі көрінсе, оның гетерезиготалы болғаны. Осыны Пеннет торына салса, мынадай Мкөрініс береді:
А А
а Аа Аа
а Аа Аа
Р
Ғ1
А а
а Аа аа
а Аа аа
Р
Ғ1
Сабақты бекіту сүрақ жауап алысу
Үй жұмысы Монгибридті будандастырудың цитологиялық негіздері.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.