Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Оқушыларды қалай дұрыс бағалаймыз -

Оқушыларды қалай дұрыс бағалаймыз

Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 307 | Просмотров: 2328 | Размер: 19.5 Kb | Автор: bibigul
. Кожамжарова Айсара Бахытовна
№9 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі
Ақмола облысы, Степногорск қаласы

«Оқушыларды қалай дұрыс бағалаймыз»
Коучинг сессия жоспары
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімнің іс – әрекеті
Сабақ тақырыбы Оқушыларды қалай дұрыс бағалаймыз

Жалпы мақсаты Оқушылардың жұмыстарын дұрыс, нақты бағалауға жетелеу, мұғалімдердің қызығушылығын арттыру арқылы оқу сапасын көтеруге негіздеу.

Күтілетін нәтиже Мұғалімдер критериалды бағалау тәсілін жетік меңгеру, ойын еркін жеткізу, ынтымақтастықты дамыту. Сабақ беру әдісі өзгертеді.
Түйінді идеялар Мұғалімдердің қызығушылығын арттыру арқылы оқу сапасын көтеру
Оқыту әдістері: Жаңа әдіс-тәсілдер 1. Диалог
АКТ 2. Жеке жұмыс
СТО 3. Жұптық жұмыс
4. Топтық жұмыс
Әдебиет Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
Интернет материалдары.
Асхат Әлімов «Интербелсенді әдістемені ЖОО да қолдану мәселелері» Алматы-2013
Уақыты Коучтің әрекеті Мұғалімдердің әрекеті Ресурстар
Психологиялық ахуал құру
3 минут
Мұғалімдер қолдарына ақ қағаз бен қаламсап алып, шеңберлеңе тұрғызу, аудитория ішінде шеңберді бұзбай жүріп, алдында тұрғанның арқасына қағазды қойып, арттағы әріптестерінің суретін салу. Мынадай ережені сақтау: тоқтауға болмайды; шеңбер жүруін тоқтатқанша сурет сала беру керек; суретке ренжуге болмайды! Сурет салу, бір-бірлеріне салған суреттерін тарту ету. А4 қағазы, қаламсап
Топқа бөлу
2 минут Столдың үстінде жатқан өздеріне ұнаған гүлдерді алу. Кімде қандай гүл солар бірігіп бір столға отыру түймедақ, раушан, қызғалдақ . Өздеріне ұнаған гүлдерді алу, сол гүлдер бойынша топқа бірігіп отыру. Түрлі түсті қағаздардан жасалған гүлдер.
Қызығушылықты ояту Топта жұмыс істеу ережесімен таныстыру. Шағын топтарда жұмыс істеу артықшылықтарын түсіндіру және негіздеу. Топтық жұмысты ұйымдастыру әдістемесін талқылау
Мағынаны тани білу
8 минут
Тақырыпты ашу ретінде сұрақ қою «Бағалау дегенді қалай түсінесіздер?»
Сұрақ жауаптан кейін бағалау туралы айтып кету. Сұрақ-жауап әдістеріне жауап беру

Интерактивті тақта

Тапсырма
15 минут

Бағалау туралы айтқаннан кейін тапсырма беру. Әр топқа түрлі түсті қағаздар таратып демалатын саябақты жасауды ұсыну Уақытты үнемдеу. Берілген тапсырманы топпен орындау
Түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы, фломастер, флипчарт
Қорғау
3 минут Қорғау
Әр топ тапсырмаларын қорғайды

Бағалау
2 минут Бағалау Топпен бағалау
Мағынаны тани білу
15 минут Критериалды бағалау анықтамасына толық тоқталып, критериалды бағалау туралы айтып кету. Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі: алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы; анық, айқындылығы; бағаның әділдігі; өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі. Орындаған тапсырмаларын ұсынылған бағалау шкаласы критерийлер бойынша бағалалау
Тапсырма
20 минут

Екінші тапсырма мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін айқындау негізінде критериалды бағалауды толық үйреніп, критерий арқылы бағалауға жетелеу.
Мұғалімдерге алдын ала сурет салуға, ән айтуға және би билеуге критерийлер құру ұсыну. Ән, би, сурет тапсырмалары қай топқа келсе сол тапсырманы орындап шығу. Басқа топтар өздері құрған критерийлер бойынша бағалап отыру, бағалау шкаласы 0-5 балға дейін Уақытты үнемдеу. Берілген тапсырманы орындау. Ойларын отртаға салу.
Ән айту, би бейлеу, сурет салу.


Флипчарт, фломастер,
Сергіту сәті
3 минут

Қорғау
5 минут Әр топ орындаған тапмырмаларын қорғайды
Бағалау
2минут Топпен құрған бағалау шкаласы бойынша бағалайды.
Қорытынды
7 минут Сабақ соңында әріптестерге кері байланыс сұрақтарға жауап беру.
1. Сіздерге сабақ ұнады ма?
2. Бағалау дегеніміз не ?
3. Критериалды бағалау қалай жүзеге асады?
4. Күнделікті сабақта критериалды бағалауды қолдану тиімді ме? Неге?
5. Сен сабақта енді қолданасын ба? Қалай ? Сұрақтарға жауап береді

Рефлексия
3 минут Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу Стикерлер
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.