.
.
Кожамжарова Айсара Бахытовна Оқытудың проблемалық оқыту тәсілдері
Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 329 | Просмотров: 2226 | Размер: 18.0 Kb | Автор: bibigul№9 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі
Ақмола облысы, Степногорск қаласы
«Оқытудың проблемалық оқыту тәсілдері»
Коучинг сессия жоспары
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімнің іс – әрекеті
Сабақ тақырыбы Оқытудың проблемалық оқыту тәсілдері
Жалпы мақсаты Проблемалық оқытудың мақсаты – ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолын да меңгеру, оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойлау қызметін арттыру.
Күтілетін нәтиже Оқу үрдісінде жаңа тәсілдерді қолданудың нәтижесінде сабақ беру әдісі өзгереді.
Оқушылар үнемі ізденіс үстінде болады. Мұғалімдер проблемалық оқыту тәсілін жетік меңгереді, ойын еркін жеткізу, ынтымақтастықты дамытады. Сабақ беру әдісін өзгертеді.
Түйінді идеялар 1) Оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру
2) Топпен, жұппен, жеке жұмысқа жұмылдыру
Оқыту әдістері: Жаңа әдіс-тәсілдер 1. Диалог
АКТ 2. Жеке жұмыс
СТО 3. Жұптық жұмыс
4. Топтық жұмыс
Әдебиет Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
Интернет материалдары.
Асхат Әлімов «Интербелсенді әдістемені ЖОО да қолдану мәселелері» Алматы-2013
Уақыты Коучтің әрекеті Мұғалімдердің әрекеті Ресурстар
Психологиялық ахуал құру
3 минут
Мұғалімдер екі қолына да қаламсап алып, бір мезгілде екі қолымен мынадай әрекеттер жасайды:
1. Оң қолымен бес үшбұрыш, ал сол қолымен бес төртбұрыш салады;
2. Оң қолымен бес шеңбер, ал сол қолымен бес үшбұрыш салады;
3 Оң қолымен өзінің есімін, ал сол қолымен фамилиясын жазады.
Мқғалімдерге салғандары мен жазғандарының олқы шыққандығына назар аудармауларын айтамын. Мұнда ең бастысы – жазудың өзі сол себепті де тоқтамай, әрекеттене беру керек. Бұл ойсергектің мақсаты миымыздың оң және сол жақ бөліктерін жұмысқа жұмылдыр. Мұғалімдер орындарынан тұрып, қолдарына қалам алып айтқан әрекеттерді жасайды. Қаламсап
Топқа бөлу
2 мин Топқа бөлу. Түрлі түсті қағаздар арқылы. Осы қағаздардан үшатын бір зат жасау, сосын қызылдар, сарылар, көктер, жасылдар жеке-жеке топ болып отырады. Өздеріне ұнаған түстерді алу, одан ұшатын зат жасау, алған түсі бойынша топқа бірігіп отыру. Түрлі түсті қағаздар
Қызығушылықты ояту Топта жұмыс істеу ережесімен таныстыру. Шағын топтарда жұмыс істеу артықшылықтарын түсіндіру және негіздеу. Топтық жұмысты ұйымдастыру әдістемесін талқылау
Мағынаны тани білу 5 минут Тақырыпты ашу ретінде сұрақ қою
«Адамның ойын дамытатын факторлар» Сұрақ-жауап әдістеріне жауап беру
Интерактивті тақта
Тапсырма
15 минут
Сұрақ жауаптан кейін мұғалімдерге мәтін тарату «Күздің жануарлар ағзасына әсері». Бұл мәтінде проблемалық сұрақ берілген, осы сұрақты шешу
Уақытты үнемдеу. Берілген тапсырманы топпен орындау
Мәтін
Кедергілер
3 минут Қандай кедергілерге тап болғаның сұрау Қандай кедергілерге тап болғаның айтып кету
Мағынаны тани білу 20 минут Оқытудың проблемалық оқыту тәсілдері жөнінде айтып, тақырыпты аша түсемін. Проблемалық оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі.
- Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;
- Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;
- Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;
- Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.
FILA кестесі туралы айтып кету Берілген мәтіндегі проблемалық сұрақты FILA кестесіне салып шешеді
Тапсырма
20 минут
Екінші тапсырма мұғалімдердің ойлау қабілетін арттыру, проблемалық сұрақ қоя білуге жетелеу. Әр топқа «проблемалық жағдаят құру» тапсырмасын беру. Уақытты үнемдеу. Берілген тапсырманы орындау. Ойларын отртаға салу.
Флипчарт, фломастер,
Сергіту сәті
3 минут
Қорғау 5 минут
Әр топ орындаған тапмырмаларын қорғайды
Бағалау 3 минут Формативті түрде бағалау
Қорытынды
7 минут Сабақ соңында әріптестерге кері байланыс сұрақтарға жауап беру.
1. Сіздерге сабақ ұнады ма?
2. Проблемалық оқыту дегеніміз не ?
3. Күнделікті сабақта проблемалық оқытуды қолдану тиімді ме? Неге?
4. Сіз сабақта енді қолданасыз ба? Қалай ? Сұрақтарға жауап береді
Рефлексия
3 минут Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін кері ьайланыс парағын тарату Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу Стикерлер
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.