Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қобда өзені аңғары флорасының пайдалы өсімдіктері -

Қобда өзені аңғары флорасының пайдалы өсімдіктері

Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 443 | Просмотров: 2124 | Размер: 54.2 Kb | Автор: bibigul
. М.Сиранов атындағы орта мектеп

БАЯНДАМА

Қобда өзені аңғары флорасының пайдалы өсімдіктері

Дайындаған: Нұржанова А.А.
Биология пәнінің мұғалімі


Атырау
2013 ж
Қобда өзені аңғары флорасының пайдалы өсімдіктері
Қоршаған ортаға антропогендік әсердің артуына, сонымен қатар табиғаттың бейімделіп өзгеруінің әлсіреуіне байланысты, қазіргі таңда табиғи қорларды қалпына келтіруді қамтамасыз ететін іс – әрекеттер қажеттілігі туындап отырғаны сөзсіз.
Биоалуантүрлілік экожүйелердегі байланыстардың толық мәнінде жүзеге асуының және негізгі факторы бола отырып, қоршаған ортадағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Табиғи экожүйенің жай – күйіне баға беруде флораның өзіндік орны ерекше. Табиғи қорлар мен биологиялық алуан түрлілікті сақтау жалпы мемлекеттің міндеті. Табиғи флораның алуан түрлілігін сақтап қалу бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Қобда өзені аңғары флорасының құрамындағы пайдалы өсімдіктерді зерттеуде жоғарыда аталған мәселелердің құрамдас бір бөлігі.
Қобда өзені Көксай ауылының солтүстік – шығысына қарай 5 км жерде Қара Қобда және Сары Қобда өзендерінің қосылуынан пайда болып, Орынбор облысындағы Покровка ауылының тұсында Елек өзеніне құяды және оның алабы Ақтөбе облысының солтүстік – батыс бөлігін алып жатыр. Өзен солтүстік – шығысында Елек өзенімен, оңтүстігінде – Ойыл және Темір, батысында – Утва және Қалдығайты өзендерінің бастауларымен шектеседі. Географиялық орны солтүстік ендіктің 〖49〗^0 〖33〗^' мен 〖50〗^0 〖54〗^' арасында және шығыс бойлықтың 〖54〗^0 〖33〗^' мен 〖56〗^0 〖51〗^' арасында орналасқан. Өзеннің ұзындығы 225 км, ал Қара Қобда өзені бастауынан есептегенде 363 км – ге тең. Алабының көлемі – 14750 〖км〗^2.[1]
Әкімшілік тұрғыдан Қобда өзені алабы Алға ауданының оңтүстік – батыс бөлігін (жоғарғы ағыс) және түгелдей Қобда ауданын (орталық және төменгі ағысы) қамтиды.



Қобда өзені аңғары флорасында шаруашылыққа қажетті бірқатар төменде көрсетілгендей пайдалы өсімдіктердің түрлері бар.






Омарталық өсімдіктер 63 түрлі өсімдіктерге біріктірілген. Оларға тал (Salix), беде (Trifolium) және түйежоңышқа (Melilotus) туыстарының түрлері омарталық өсімдіктер қатарына жатады.
Salix туысынан флорада 9 түр тіркелген. Олардың ішінен шаруашылық маңызы жоғары, пайдалы түрлеріне тоқталып өтейік. Сабау тал (Salix viminalis) сәндік өсімдіктің бірі, ол өзен аңғарында өсетін өзен жағалаулық. Шыбықтарының сапасы тым жоғары, кәрзеңке тоқу ісінде өте құнды өсімдік. Жасыл, ақ және тазартылған шыбықтар түрінде қолданылады. Қалемшелер арқылы жақсы көбейеді, өзен жағалауларындағы құмды бекіту мақсатында, тал шыбықты плантациялар өсіруде кең қолданылады. Қалың шыбықтарынан құрсау жасалынады. Ақ шыбықтың сүргіленген таспалары ең нәзік тоқыма ісіне пайдаланылады. Сабау талдың сүрегі ақ, жеңіл, жұмсақ, суда қайнатқанда қызғылт түске боялады. Қағаздық целлюлоза қайнатуға жарайды. Қабығы илік заттарға бай және онда таза күйінде алуға болатын глюкозид – салицин бар. Сәндік мақсатта қолданылады. Гүлдеген кезде жақсы омарталық өсімдік.[2]
Тал (Salix triandra) – өзен, жайылымы батпақты көлшік жағасында және суарма шалғындарда өсетін өзен жағалаулы – аңғарлық түр. Ұзын әрі жіңішке шыбықтары нәзік, морт сынғыш. Суда жұмсартылған шыбықтарына кәрзеңке, қоршау, балық аулауға қажетті тұтқыр және т.б. тоқуға болады. Сүрегінің отынға жарамдылығы төмен, қағаздық целлюлоза алуға болады. Қабығы илік мақсатта кең қолданылады. Қабығы мен жапырақтары сары түсті бояу береді. Гүлдеген кезінде жақсы омарталық өсімдік. Жапырақтарын мал жейді. Өте жылдам өседі, фитомелиорацияларда қолданылады. Халықтық медицинада қабығы пайдаланылатын сәндік өсімдік.
Түйежоңышқа (Melilotus) туысынан ақ түйежоңышқа (M. abbus), тісті түйежоңышқа (M. dentatus) және дәрілік түйежоңышқа (M. Offisinalis) бағалы омарталы өсімдіктер есебінде.
Дәрілік түйежоңышқаның (M. Offisinalis) биіктігі 30 – 100 см жететін екі жылдық шөп тектес өсімдік. Сабағы тік, жылтыр. Тамыры кіндікте де тарамдалған. Жапырақтары күрделі үшқұлақ, ұзын сабақты, өркен бойына кезектесіп орналасады. Жеке жапырақтары дөңгелек, жиегі тіс тәрізді иректелген, тақтасының үстіңгі беті жылтыр, астыңғы жағында қысқа түктері бар. Гүлдері шашақ гүлшоғырын құрайды, жапырақ қол тығынан шығады. Тостағанша жапырақшалары 5, ақшыл – жасыл, күлтелері де 5, сары түсті. Жемісі – бұршаққап, сыртында көлденең қатпарлары бар, ішінде бір тұқым болады. Мамырдан шілдеге дейін гүлдейді. Қазақстанның биік таулы аймақтарынан басқа жердің бәрінде бар.
Медицинада гүлдегенде жинап алып, сабағының жоғарғы бөлігін пайдаланады.
Флорада омарталық маңызы жоғары – шайқурай тобылғы (Spiraea hypericifolia), крената тобылғы (S. crenata), бұта қараған (Caragana frutex), түйнекті фломис (Phlomoides tuberosa), қотыр раушан (Rosa laxa), талжапырақты тергүл (Lythrum salicaria), шыбықша тергүл (L. virgatum), сарбас жоңышқа (Medicago falcata). Populus, Salix, Trifolium және Melilotus туыстарының түрлері де омарталы өсімдіктер қатарына жатады.
Дәрумендік өсімдіктер (26) қатарына шілтержапырақты шайқурай (Hypericum perforatum), кәдімгі сурепка (Barbaraea vulgaris), Rosa туысының түрлерін, қара алқа (Solanum nigrum), бұйра қымыздық (Rumex crispus), кәдімгі жұмыршақ (Capsella bursa – pastoris), Caragana trutex, Allium globosum, Asparagus officinalis және т.б. түрлерді жатқызуға болады. Бұл өсімдіктердің көпшілігінің құрамында С, кейбіреулерінде каротин және В тобындағы витаминдер көп.
Polygonaceae Juss – Тарандар тұқымдасы
Бұрыш таран (Polygonaum Hydropiper L.) – биіктігі 20 – 60 см жететін қызыл түсті, тік сабақты бір жылдық шөптесін өсімдік. Жапырақтары ланцет тәрізді, қысқа сағақты және жапырақтарында С витамині көп кездеседі. Нүктелі – жабысқақ қылтандары бар. Гүлдері өркендерінің ұштарына жіңішке масақ құрап орналасады. Күлтесінің ұзындығы 3 – 4 мм, сары, жалпақ, жабысқақ заттары бар. Жемісі жұмыртқа пішіндес жаңғақша. Өсімдіктің дәмі бұрыш сияқты ащы, ауызды қуырып ашытады. Гүлдеуі мен жемістенуі маусымнан қыркүйекке дейін созылады. Қазақстанның барлық жерінде таралған.[3]
Urticaceae Juss – Қалақайлар тұқымдасы
Қосүйлі Қалақай (Urtica Dioica L.) – көпжылдық шөптесін, екі үйлі, тарамдалған тамыр сабағы бар өсімдік. Сабағы түзу, төрт қырлы, биіктігі 60 – 70 см, жапырағында да қысқа күйдіргіш түктері бар. Жапырақтары қарама – қарсы орналасқан, жиектері тісті. Гүлдері дара жынысты ұсақ, қолтықтан шығатын масаққа айналған. Жемісі жұмыртқа пішінді, сарғыш – сұр жаңғақша. Шілде – тамызда гүлдеп, тамыз – қыркүйекте тұқымы жетіледі. Медицинада жапырағын, гүлін және тамырын пайдаланады. Ылғалы мол, көлеңке жерлерде, сайларда, ағаш бұта арасында, өзен бойларында, жол жағасында өседі. Тамыры мен сабақтарында С, В_2,В_1 витаминдері кездеседі.

Brassicaceae Burnett – Крестгүлділер тұқымдасы
Кәдімгі жұмыршақ (Capsella Bursapastoris (L.) Medik) – биіктігі 5 – 40 см жететін біржылдық шөптесін өсімдік, өркендері қарапайым немесе бұтақтанған, түкті кейде түксіз. Тамыр мойнындағы жапырақтары дегелектенген, үш бұрышты қауырсын ойықты, жиектері тіс тәрізді, бітеу. Өркен жапырақтары ұсақ, ұзынша бітеу кейде ойыс – тіс тәрізді. Жоғарғы жапырақтары таспа пішінді, ұштары жебеге ұқсас. Гүлдері шашақты орналасқан, тостағанша жапырақтары ұзын жұмыртқа пішінді, күлтесі ақ. Жемісінің аздап ойығы бар – бұршаққын. Тұқымы жаншылған – жұмыртқа секілді, ұзындығы 1 мм. Көктемнің басынан жаздың аяғына дейін гүлдейді. Жемісі мамырдан бастап пісе бастайды. Медицинада шөбін пайдаланады. Арамшөп, сол себепті ол бау – бақша, бақта, жол бойында өсіп – өнеді. Құрамында С, К дәрумендер кездеседі. Қазақстанның барлық аймағында таралған.
Asteraceae dumort – Күрделігүлділер тұқымдасы
Ащы жусан (Artemisia Absinthium L.) – биіктігі 60 – 100 см жететін көпжылдық шөптесін тамырсабақты өсімдік. Сабақтары жеке, түзу орналасқан, сызықшалары бар, көп жапырақты, жоғарғы жақтары бұтақтанған. Сабақтарының төменгі жапырақтары ұзын сағақты, сағақтың түбі ланцет тәрізді. Сабақтарының ортаңғы бөлігіндегілердің сағақтары қысқа, сағақ түбінің бөліктері болмайды. Барлығы ұш қауырсынды салаланған. Гүл жапырақшалары сағақсыз, қарапайым қауырсынды. Себеттері шар тәрізді, сыпыртқыға жиналған. Жемісі қоңырлау, ұзынша, дәндерінің ұшы үшкірлеу, ұзындығы 1 мм, айдарсыз, 1000 дәнінің салмағы 0,1 г. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жемісі жетіледі. Медицинада сабағын және жапырағын пайдаланады. Ащы жусаннан ащы зат хамазулин бөлінеді.
Cannadaceae Endl – Тұттар тұқымдасы
Кәдімгі құлмақ (Humulus Lupulus L.) – екі үйлі, көпжылдық, ұзын, тамырсабақты шөптесін өсімдік. Сабағының ұзындығы 3 – 5 м, кейде одан да көп, қырлы, өрмелегіш, қыларында төмен қараған тікендері бар. Жапырақ түбі жүрек тәрізді ойық, жиектері ара тісті, сағақты. Жапырақ серіктері ланцеттей. Аталық гүлдері сабақтың және бұтақтың ұшына шашақ сияқты жиналған. Аталығы шоқпарбас гүлсерігіне, жоғарғы жапырақ қолтығына отырмалы орналасқан. Жаңғақшасы дөңгелек. Маусым – шілдеде гүлдеп, жемісі шілде – тамызда піседі. Медицинада құлмақ бүршігін пайдаланады. Жапырақтарында С витамині кездеседі. Қазақстан жерінде Батыс Қазақстан облысының Солтүстік бөлігінде, Тобыл, Ертіс, Есіл бойларында, Мұғалжар, Ақтөбе, Көкшетауда кездеседі.
Қорытындылай келе, қоршаған ортаға антропогендік әсердің артуына, сонымен қатар табиғаттың бейімделіп өзгеруінің әлсіреуіне байланысты, қазіргі таңда табиғи қорларды қалпына келтіруді қамтамасыз ететін іс – әрекеттер қажеттілігі туындап отырғаны сөзсіз.
Биоалуантүрлілік экожүйелердегі байланыстардың толық мәнінде жүзеге асуының және негізгі факторы бола отырып, қоршаған ортадағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Табиғи экожүйенің жай – күйіне баға беруде флораның өзіндік орны ерекше. Табиғи қорлар мен биологиялық алуан түрлілікті сақтау жалпы мемлекеттің міндеті. Табиғи флораның алуан түрлілігін сақтап қалу бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Қобда өзені аңғары флорасының құрамындағы пайдалы өсімдіктерді зерттеуде жоғарыда аталған мәселелердің құрамдас бір бөлігі.



Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ә.А.Базарғалиева, Н.К.Аралбаев «Қобда өзені аңғарының табиғи флорасын талдау» Ақтөбе, 2005 жыл, 123 – 129 бб.
2. Миньков С.Г. «Медоносные растение Казахстана», Алматы, «Қайнар», 1974 жыл
3. С.М.Әдекенов, Қ.Д.Рақымов, Ә.И.Исамбаев, Б.Н.Сауранбаев, М.К.Көкенов «Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы» Алматы, «Ғылым», 1998 жыл, 33 – 66 бб.
4. Е.А.Агелеуов, Н.У.Джакупова «К итогам изучения флоры и растительности Актюбинской области» Ақтөбе, 1992 жыл.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.