.
.
Бекітілді: Шүкірбаева Р 23. 04. 2014ж сыныбы: 7 «ә» №60 Түйе – төрт түліктің төресі
Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 398 | Просмотров: 1977 | Размер: 95.0 Kb | Автор: bibigulСабақтың тақырыбы: Түйе – төрт түліктің төресі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – оқушыларға түйе жануарының ерекшелігін, адам өміріндегі маңызын, шаруашылықтағы маңызы туралы түсінік беру;
Дамытушылық – оқушылардың ой – өрісін жан – жақты дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру, өз бетімен қорытынды жасай білуге үйрету;
Тәрбиелік – оқушыларды табиғи ортаны, ондағы тіршілік иелерін қорғай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі:
сызбанұсқалар, кесте, интерактивті тақта, тақырыптық сурет материалдары, слайд материалдары, қосымша материалдар, нақыл сөздер, т.б.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, топтық жұмыс, шығармашылық жұмыс;
Сабақтың түрі: десант сабақ
Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, музыка, география, тарих.
Сабақтың барысы : І. Ұйымдастыру
а) оқушылармен амандасу; түгендеу;
б) оқушыларды топқа бөлу. «Зерттеу», «Дәлелдеу», «Суреттеу», «Өнер».
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
Әр орталық өз атауларына сәйкес мына сұрақтар төңірегінде жауап береді.
1. Жылқылар қандай класқа, қандай отрядқа жатады?
2. Жылқы атасы немесе пірі қалай аталады?
3. Жылқы тұқымдас жануарларды ата.
4. Жылқы сүтінен қандай сусын алынады және оның қандай түрлері бар?
5. Арғымақ тұқымынан шыққан таңдаулы жылқыны қалай атаған?
6. Қазақстанда ерте кезден өсіріп келе жатырған жылқы қолтұқымын ата.
7. Жылқымен байланысты ежелгі сақ тайпаларының қандай дәстүрі бар?
Дастан жырлардағы батырлардың жылқыларын ата.
Жылқының қасиетті жануар екендігін қалай аңғарамыз?
Қазақстандағы жылқы қолтұқымдарының түрлерін ата.
Жылқы етінен өндірілетін өнімдерді ата.
Қосымша өздері ізденіп дайындаған шығармашылық жұмыстары
(мақал –мәтел, өлең, жұмбақ т.б)
ІІІ. Жаңа сабақ Жұмбақ:
Шыдаған суға басынан,
Жүктерін елдің тасыған,
Жыл ішіне кіре алмай,
Өкінумен ылғи жасыған
Баласы сондай әдемі
Көруге ылғи асығам (түйе)
§ 61. Түйе – төрт түліктің төресі
І. Оқушылардан сұрақтар қою арқылы түйе туралы өз білгендерін сұрау.
1.Түйе туралы не білесіңдер?
2.Оның шаруашылықта, адам өмірінде маңызы қандай?
3. Тақтаға түйе суреті ілінеді, парта үстіне түйеге қатысты – қатыссыз сөздер тасталады, тиістісін түйе суретінің қасына жинақтау.
ІІ. Жаңа сабақтың түсіндірілуі
Түйе Сүтқоректілер класы
Көнтабандылар (сірітабандылар) отряды
Күйіс қайыратын жануарлар
Құрғақ далалы, шөлейтті, шөлді аймақтарда тіршілік етуге бейім
Отряд өкілдері түйетек (гуанако)
түйебас (викунья)
Қолға үйретілген қолтұқымдары таутайлақ (лама)
кекілеш (альпака)
Түйе дене тұрқы ірі Салмағы 700 – 800 кг.
Мойны иір, ұзын
Ұзын шудалы жүндері бар
Арғы тегі – жабайы түйе
4 – 5 мың жыл бұрын қолға үйретілген
Түрлері – айыр өркешті, сыңар өркешті
Пірі – «Ойсылқара», «Қаусыл – қазы»
ІҮ. Сабақты бекіту
1.Шығармашылық жұмыс (берілген кестені толтыру)
Түйе түрінің атауы Айыр өркешті Сыңар өркешті
Алғаш қолға үйретілген жері Орта Азия Африка өңірі
Аталығы Бура Үлек
Аналығы Інген Мая, аруана
Жабайы түрі Қаптағай Нар
Қолтұқымы Қалмақ, қазақ, монғол қолтұқымдары Аруана
Ғылыми атауы Бактриан Дромадер
Алынатын өнімдер Сүтінен – шұбат, еті, жүні – шудасы, т.б.
Қосымша Сүтінің, шұбатының, шудасының пайдасы, күй талғамайтын жануар
2.Термин сөздермен жұмыс.
«Бактриан» – айыр өркешті түйенің ғылыми атауы.
«Дромадер» – сыңар өркешті түйенің ғылыми атауы.
3. Түйе жануарының тарихпен байланысы
1. Ертеде түйелі көш “сахараның салтанаты” деп аталған.
1. Ежелгі Қытайдан Жерорта теңізіне дейінгі керуен жолының тарихы түйе түлігімен тікелей байланысты.
Ерте замандардағы ел мен елдің арасындағы сауда – саттық түйелі көш керуендері арқылы жүргізілген.
Тарихи деректерде Самарқан саудагерлерінің сапарға Жібек жолы арқылы 30 мың түйемен шыққандығы жазылған.
4.Түйе жануарының әдебиетпен байланысы
Ауыз әдебиетінің көптеген үлгілерінде түйеге қатысты теңеу сөздер, даналық нақылдар, мақал – мәтелдер көптеп кездеседі. Бұл ой – тұжырымдар түйенің тіршілік ерекшеліктерін айқын аңғартады. “Түйесі бардың – киесі бар”, “Көтерем деп түйеден безбе – салтанатың емес пе? Тебеген деп биеден безбе – қос қанатың емес пе?”
5.Түйе жануарының музыкамен байланысы
Түйе түлігіне арналған аңыздар бойынша шығарылған күйлер де ел арасына кеңінен таралған.
Сүгірдің “Бозінгені”,Ықыластың “Желмаясы”, Тәттімбеттің “Бозінгені”, т.б.
6.«Сен білесің бе?»
Түйе түлігін қастерлеп “ұлық” деп атайды.
Түйешіні “ұлық баққан” деп құрметтеп, оған
көпшілік жиналған жерде төрден орын берген.
Кейбір аймақтарда түйені “кәуіс” деп атайды.
Түйе жүнінен тек қана жамылғы көрпе жасалады,
себебі ол ұлық мал болып саналады.
Түйе жүнінен шұлық тоқымайды, тек қана
кеудеше тоқып, шекпендерді астарлайды.
Түйе ірі мал болғанымен 42 вольтқа шыдамайды.
Түйені қарақұрт шаққанда сол бойда орнынан
қозғамай мұздай суды үсті – үстіне құю қажет.
Түйе төлін бота деп атайды.
Түйе 30 – 35 жыл жасайды.
Түйені “шөл дала кемесі” деп атайды
VI. Үйге тапсырма:
§ 61. Өз бетімен мазмұнға дайындалу,
“Түйе бойына сеніп жылдан құр қалды” дегенменде сол түйенің бойында 12 жылды иеленген жануарлардың белгілері табылады екен. Мысалы: түйенің ерні қоянның ерні тәріздес жырық болып келеді.
Тапсырма: қалған 11 жануардың түйеге тән белгісін анықтап келу.
Ү. Сабақты қорытындылау
Ресторан жаттығуы
Тойдыңыз ба?
Мен тағы да мынаны жегім келеді
Барлығынан маған ұнағаны
Мен сіңірген болдым...
Бұл ресторан ...
Мен көп ішіп қойдым
Мархаббат, тағы да қосыңызшы
ҮІ. Сабақты бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.